327
Ұзақ мерзімді активтердің əділ құнының өзгеруінен түсетін кірісті тану
мынадай жазбамен көрсетіледі: ұзақ мерзімді активтің тиісті шотының дебеті
жəне 6310 «Əділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер» шотының кредиті.
Ұзақ мерзімді активтердің шығып қалуынан түсетін кірістер мынадай жаз-
бамен көрсетіледі: 1231 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердін қысқа
мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті жəне 6320 «Ұзақ
мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер» шотының кредиті.
Активтерді қайтарусыз алудан түсетін кірістер Шоттар жоспарының тиісті
қосалқы шоттың/шотының дебеті жəне 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтер-
ден алынатын кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Бағамдық айырмадан кірістер мемлекеттік мекеменің есебінде көрсетіледі:
– бағам артқан кезде: Шоттар жоспарының тиісті қосалқы шотының/
шотының дебеті жəне 6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шотының
кредиті;
– бағам төмендеген кезде: Шоттар жоспарының тиісті қосалқы шотының/
шотының дебеті жəне 6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шотының
кредиті.
Үшінші тараптардың активтердің құнсыздануынан шығындарды өтеуден
кірістерді тану ұзақ мерзімді активтің құнсыздануына резервтің тиісті шоты-
ның дебеті жəне 6350 «Шеккен зиянды өтеуден алынатын кіріс» шотының
кредиті бойынша көрсетіледі.
6360 «Өзге кірістер» шотында мыналардың нəтижесінде туындаған
мемлекеттік мекеменің кірістері көрсетіледі:
– мемлекеттік мекеменің кассасында ақша қаражатының артықтығын
анықтау: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті жəне 6360 «Өзге
кірістер» шотының кредиті, бір мезгілде: 7120 «Бюджетке төленетін төлем
бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3133 «Өзге операциялар бойынша
бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
кредиті;
– кінəлі тұлғалар есебіне жатқызылған материалдар мен тамақ өнімдерінің
жетіспеушілігі мен шығындарын есептен шығару: 1262 «Қызметкерлердің
өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
қосалқы шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті жəне
бір мезгілде: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының
дебеті жəне 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа
мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
– бұрын есептен шығарылған дебиторлық берешекті қайтару: дебиторлық
берешектің тиісті шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті;
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоттарының дебеті жəне дебиторлық
берешектің тиісті шотының кредиті; 7120 «Бюджетке төленетін төлем бо-
йынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3133 «Өзге операциялар бойынша
бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
328
кредиті; 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1010 «Кассадағы ақша
қаражаты» шотының кредиті;
– үмітсіз кредиторлық берешекті есептен шығару (бұған объективті шарт-
тар болған кезде): кредиторлық берешектің тиісті қосалқы шоттарының дебеті
жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті;
– негізгі құралдарды жоюдан алынған материалдар құнын кіріске жазу:
1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер»
шотының кредиті;
– биологиялық активті биоөзгерту үдерісінде төлеу, өсім немесе салмақ
қосуды алу: 2610 «Жануарлар» қосалқы шотының дебеті жəне 6360 «Өзге
кірістер» шотының кредиті;
– биологиялық активтерден өнім алу: 1330 «Дайын өнім» қосалқы
шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті.
Жыл аяқталғаннан кейін мемлекеттік мекеме есеп жылының қаржы жы-
лына кірістер шоттарының жабылуын жүргізеді, бұл ретте кірістердің тиісті
шоты дебеттеледі жəне 5210 «Есепті жылдың қаржылық нəтижесі» шоты
кредиттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: