Бюджеттік есептілік
Бюджеттік есептілік Бюджеттік есептілікті жасау қағидаларына сəйкес
қалыптастырылады. Бюджеттік есептілікті бюджеттi атқару жөнiндегi орталық
уəкiлеттi орган жасайды жəне ұсынады. Қаржылық есептілік көрсеткіштері
Қаржылық жəне бюджеттік есептіліктердің негізгі көрсеткіштерін келісу схе-
масы бойынша бюджеттік есептілік көрсеткіштерімен (Бюджеттік есептілікті
жасау қағидаларына 1-қосымша) салыстырылады.
Бюджеттік есептіліктің 5-б «Ұзақ мерзімді активтер қозғалысы» ныса-
ны мен 6 «Қорлар қозғалысы» нысаны бойынша ұзақ мерзімді активтер мен
қорлардың қозғалысы қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаның 3 «Қорлар»
кестесінің, 5 «Негізгі құралдар» кестесінің, 6 «Инвестициялық жылжымайтын
мүлік» кестесінің, 7 «Биологиялық активтер» кестесінің жəне 8 «Материалдық
емес активтер» кестесінің 010, 011, 012 жəне 013-жолдарымен салыстырыла-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: |