Адамдар айналадағыларға қызығушылық пен достастық та- ныта алмағандықтан жалғыз қалады.
Тілектерімнің жүзеге асуы көбінде сəттілікке байланысты.
Басқа адамдарға ұнау үшін əрекет еткеннің еш пайдасы жоқ.
Сыртқы жағдайлар, ата-аналар жəне жайлылықтың əсері отбасының бақытына ерлі-зайыптылардың қатынастарынан еш кем түспейді.
Мен өз басымнан өтіп жатқан жəйттарға аса көп ықпал етпейтінімді сеземін.
Басшы қоластындағылардың дербестілігіне сүйенгеннен гөрі, дұрысы əрекеттерін өзі толықтай қадағалағанда неғұрлым тиімді болады.
Менің мектептегі бағаларым өзімнің əрекеттеріме қарағанда кездейсоқ жағдайларға (мəселен, мұғалімнің көңіл- күйіне) байланысты болды.
Мен жоспар құрғанда оларды жүзеге асыра алатыныма сенемін.
Көптеген адамдарға сəттілік немесе жолы болғыштық бо- лып көрінетін дүниелер, шын мəнінде ұзақ мерзімді мақсат еткен əрекеттердің нəтижесі болып табылады.
Дəрілерді қолдану жəне дəрігерлердің көмегіне сүйенуге қарағанда, салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізер көмегі көбірек деп ойлаймын.
Егер адамдар бір-біріне сəйкес келмесе, олар отбасылық өмірлерін қаншалықты реттеуге тырысса да ештеңе істей алмай- ды.
Менің істеген жақсылықтарымды өзгелер əдетте, жоғары бағалайды.
Балалардың өсіп-жетілуі ата-аналарының тəрбиесіне бай- ланысты болады.
Өмірлік жағдайлар немесе тағдыр өмірімде аса маңызды рөл ойнайды деп ойламаймын.
Сəттілік қажырлы еңбектің нəтижесі болып табылады əрі жағдайға немесе сəттілікке аса байланысты бола бермейді.
Мен отбасымның бақыты өзгеден гөрі көбінде өзіме байла- нысты екендігін сезінемін.
Маған неліктен бір адамдарға ұнайтынымды, ал кейбіреулеріне ұнамайтынымды түсіну əрдайым қиынға соғатын?
Мен басқа адамдардың көмегіне немесе тағдырға үміт артқаннан гөрі өз бетімше əрекет еткенді қалаймын.
Өкінішке орай, адамдардың еңбегі оның бар əрекетіне қарамастан көбінде мойындалмайды.
Отбасылық өмірде қанша қаласаң да, шешімі табылмай- тын жағдайлар болады.
Өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмаған қабілетті адамдар оған тек өздерін ғана кінəлауы керек
Менің көптеген жетістіктеріме тек басқа адамдардың көмегімен ғана қол жеткіздім.
Менің өмірімдегі қолайсыз жағдайлардың біразы сəттілік не сəтсіздікке баланысты емес, керісінше білмегендіктен немесе жалқаулықтан болды.
Толтырылған жауаптардың өңделуін «+» бағаналарындағы пунктілерге өз белгілерімен жəне «-» бағаналарындағы пунктілерге теріс белгілерімен жауаптарды қосып төмендегі кілттерге сəйкес жүргізу қажет.
Сұрақнаманың барлық пунктілерінің жауаптары біршама араласқанын зерттеулер бойынша көруге болады: бағананың жартысының біреуі де 15%-дан сирек іріктелмеген. Жекелеген сыналушымен толтырылған сұрақнама нəтижелері бірліктердің стандартталған жүйесіне өңделеді жəне көрнекі түрде көрсетілуі мүмкін.
Субъективті бақылау деңгейін зерттеу сұрақнамасының көрсеткіштері (іс-əрекетті реттеу жүйесінің иерархиялық құрылымы қағидасына сəйкес) іс-əрекеттің жеке жағдайларына сай жалпыланған дара субъективті бақылау деңгейін зерттеудің жалпылама көрсеткішін, орталықтандырудың орта деңгейінің
2 көрсеткішін жəне жағдайлық көсеткіштердің қатарын қамтитындай ұйымдастырылған.