Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#5606
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 
 
Əлем  өзiнiң  байлығымен  жəне   алуан   түрлiлiгiмен  ерекшеленедi.  Əлемдi   рухани-
практикалық  игеру  процесi  барысында  адам  болмысты   өз  құндылықтары  арқылы 
қарастырады.  Бұл  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстар  тұлғаның  сезiмдерi  жəне 
ұмтылыстарымен сəйкес келетiн əлемге деген ерекше эмоционалдық  реңге ие болатын  
қатынасты  бiлдiредi.  Адамның  əлемге  қатынасының  ерекшелiгi  оның  өзiн  жəне  өзге 
адамдарды,  қоршаған  дүниедегi  заттарды,  құбылыстарды,  процестердi  қайырымдылық, 
əдiлеттiлiк,  сұлулық,   пайдалылық  жəне  т.б.  тұрғысынан  бағалап,  құндылықтар  арқылы 
қарастырумен сипатталады.
 
Құндылықтық  қатынас  əрқашанда  Субъектiнiң  бойында  белгiлi   бiр  эмоциялары  -
қуану,  сүйсiну,  таңдану,  табыну  т.б.  туғызады.  Оның  iшiндегi  ең  жоғарғысы - қасиеттерге 
табыну.  Адамға  қасиеттер  қажет,  мейлi  ол  дiн  болсын  немесе  дiни  емес  қасиеттер 
болсын.  Бұл   мəселе,  əсiресе,  қоғамның  адамгершiлiк  тұғырлары  мен  мəдени  
дəстүрлерiнiң  құнсыздануы  мен  деградациясы  кезiнде  өзiнiң  өзектiлiгiн  байқатады. 
Құндылықтар - қасиеттер.  Қасиетсiз  адам  жануарға  айналып  кетедi.  Оларға  деген 
табынушылық қатынас бала кезден, ана  сүтiмен бiрге, өзiнiң ана тiлi арқылы моральдың 
негiздерi ретiнде өз тарихын, мəдениетiн, əдет-ғұрыптары мен салт-дəстүрлерiн игерудiң  
нəтижесiнде  орнатылады.  Қасиеттер  адамның  бойында  моральдық  жауапкершiлiктер 
жүктейдi,  сезiмiн  айқындай  түседi.  Құндылықтық  эмоцияның  ең  жоғарғы  формасы  -
"жамандықтан"  тазаруды  бiлдiретiн  катарсис  болып  табылады.  Əдетте  катарсис  терминi 
Аристотельдiң  "Поэтикасындағы"  трагедия  теориясымен  байланыстырылады.  Антикалық 
философияда катарсис мəселесi Аристотельге дейiн-ақ қойылған болатын. Əдебиеттерде 
айтылғандай  "катарсис"  терминiнiң  көпмəндiлiгi  эстетика  тарихында  оның  əртүрлi 
түсiндiрмелерiнiң  пайда  болуына  əкелдi.  Шындығында  бұл  термин  антикалық  əдебиетте
эстетикалық,  психологиялық,  этикалық,  тiптi  дiни  мағыналарда  да  қолданылады.  Бұл 
көпмəндiлiк кездейсоқ емес, ол антикалық эстетиканың ерекше сипаты болып табылады. 
Антикалық  эстетиканың  үйрететiн  катарсисi  немесе  тазалануы  тек  эстетикалық  ұғым 
емес,  ол  моральға  да,  интеллектке  де,  психологияға  да  қатысты,  яғни  бүтiндей  алғанда 
адамның  барлық  қырына  қатысты  (Лосев  А.Ф.,  Шестаков  В.П.  История  эстетических
категории. М., 1965, 89-бет). 
 
Жалтырағанның  барлығы  алтын  емес.  Құндылықтарды  танудағы  ең  қиын  мəселе  –
нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата бiлу. Ол тек теориялық жағынан алғанда 
ғана  қиын.  Бiз  қайырымдылық  пен  зұлымдықты  ешқайсысына  анықтама  бермей-ақ 
ажырата  аламыз.  Бұл  жерде  барлығын  "таза  суға"  шығарып,  күмəнсiз  ететiн 
гумандылықтың өлшемi қызмет етедi. Тiптi барлығы зұлым болғанда да зұлымдықтың аты
зұлымдық,  ешкiм  қайырымды  болмаса  да  қайырымдылықтың  аты  қайырымдылық.  Тек 
қайырымдылық пен адамға қызмет ететiн нəрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.
 
Құндылықтар  əлемi – сөздiң  кең  мағынасында  мəдениет  əлемi,  адамның  рухани 
əрекетiнiң  саласы,  тұлғаның  рухани  байлығының  өлшемiн  бiлдiретiн  оның  адамгершiлiк 
санасының, басымдылықтарының саласы. Əрбiр мəдениеттiң өз құндылықтар кешенi бар. 
Құндылықтар  адам  болмысының  əртүрлi  формаларына  деген  қатынасты  бiлдiретiн 
адамзат  мəдениетi  болып  табылады.  Құндылықтар - өмiрге,  еңбекке,  шығармашылыққа, 
адамгершiлiк насихаттарға, еркек пен əйел арасындағы байланысқа, адам өмiрiнiң мəнiне 
деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар – материалдық жəне рухани қажеттiлiктердi өтеу 
процесiндегi  қалыпты  нəрселер.  Қалыпты  мəнге  қайырымдылық,  сұлулық,  əдiлеттiлiк 
идеалдары ие болуы мүмкiн.
 
Құндылықтар дүниетанымның ықпалымен қалыптасады, өйткенi адам əрқашан өзiнiң 
əлеуметтiк  тəжiрибесi  барысында  əр  алуан  көзқарастарды  бiрiктiруге  ұмтылады.  Бiз 
құндылықтық  бағдарлардың  қайта  бағаланып  жатқан  өзгерiстер  дəуiрiнде  өмiр  сүрiп 
отырмыз.  Құндылықтардың  алмасу  процесi  əдетте  ұзаққа  созылады.  Құндылықтық 
бағдарлар,  идеалдар  жаңа  мəнге  ие  бола  отырып,  қайта  түлеуi  мүмкiн.  Бұл  тұрғыдан 
алғанда  мəдениеттiң  өз  нормалар,  рəмiздер,  стандарттар  қоры  бар.  Алайда  мұнан 
адамзаттың  рухани  тарихында  тек  бiр  идеалдар  ғана  үнемi  қайталанып  келiп  отырады 
деген  ой  туындамауы  тиiс.  Мəдениет,  əрине  өркениеттi,  өйткенi  ол  үнемi  белгiлi  бiр 

құндылықтық  бағдарларды  өндiрiп  отырады.  Құндылықтар  қоғам  үшiн  ең  маңызды 
деген  əдет-ғұрыптардың,  нормалар  мен  мағыналардың  қызметiн  өзiне  бағындыра 
отырып,  оны  реттейдi.  Құндылықтар  адамға  қоршаған  нақтылықты  тануға  мүмкiндiк 
беретiн  мағыналар  жүйесiн  толығымен  қайта  құрып  отырады.  Əлемнiң  барлық  алуан 
түрлiлiгiнiң  құндылықтық  сипаттамаларының  бастаулары  қайырымдылық,  өмiр,  сұлулық 
болып табылады. 
 
Заттар  мен  құбылыстардың  сипаттамалары  табиғаттағы,  қоғамдағы,  адамдағы 
процестердiң  бүтiндiгi  мен  үздiксiздiгiн  қамтамасыз  ету  үшiн  қажет.  Адамның  өз  өмiрлiк 
əлемiне  деген  қатынасын  өзiндiк  тиесiлiк  пен  өзiндiк  бекiтiлудiң  құндылықтық  құрылымы 
айқындайды.  Адамдардың,  дəуiрлердiң,  мəдениеттердiң,  адам  қоғамдарының  арасында 
қаншалықты 
айырмашылық 
болғанымен, 
олардың 
барлығы 
құндылықты-мəндi 
диспозициялардың  жекелеген  жағдайларынан  туындайды  жəне  оны  өз  бойында
тасымалдайды.  Бұл  ментальдылықтың  барлық  деңгейлерiнен  көрiнедi:  жеке  тұлғалық 
жəне   ұжымдық  бейсаналылықтан  дүниетаным  жүйелерiнiң  iшкi  мəндi  ұйымдасқан 
күрделiлiгi  мен  институционалданған  этностық  нормалар  мен  ерекшелiктерiне  дейiн. 
Құндылықтар  мəселесi  қоғамның  идеологиялық  тұғырлары  дискредитацияға  ұшырап, 
мəдени  дəстүрлерi  құнсызданған  кезде,  əрбiр  халық  өзiн  мазалаған  сансыз  сұрақтың  ең 
болмағанда бiр бөлiгiне жауап табу үшiн өзiнiң өткен тарихы мен мəдениетiне бет бұрған 
кезде,  тарихтың  өтпелi,  дағдарыстық  кезеңдерiнде  өткiр  қойылады.  Өткен  ғасырдың 
өзiнде  ғылымда  "аномия"  түсiнiгi  қалыптасты.  Бұл - өмiрлiк  идеалдар  түбiрiмен  өзгерiп, 
қалыптасқан  құндылықтар  жүйесi  қайта  пайымдалатын  өзгермелi  ахуалда  сананың 
шарасыздық  жағдайын  бiлдiретiн  түсiнiк.  Бұл  тек  жекелеген  адам  үшiн  ғана  емес,  бүкiл 
қоғамға  да  ауыр  сын.  Афины  демократиясының  дағдарысы  Сократқа  мынадай  сұрақты
қоюға мəжбүр еттi: "Игiлiк дегенiмiз не?" Бұл жалпы құндылықтық теорияның негiзгi сұрағы 
болып  табылады.  Антикалық  жəне  ортағасырлық  философияда  ойшылдар  құндылықтық
сипаттамаларды,  дəлiрек  айтқанда  этикалық,  эстетикалық,  дiни  сипаттамаларды 
нақтылық,  шынайы  болмыс  ұғымының  өзiне  енгiздi.  Бұл  ежелгi  заманнан  бүгiнгi  күнге 
дейiн ойшылдарды мазалап келген сұрақтардың бiрi. Бiр қарағанда бəрi  түсiнiктi  сияқты. 
Құндылық - бұл құнды нəрсе. Алайда, адам үшiн не құнды жəне неге құнды? Кейде бiреу 
үшiн  құнды  нəрсе  өзгелер  үшiн  құнсыз  болатын  кездерi  де  кездеседi.  Бiрақ  онымен 
ешкiмнiң  келiскiсi  келмейдi  жəне   əрқайсысы  өзi  үшiн  құнды  нəрсенi  нағыз  құндылық  деп 
есептейдi. Кiмдiкi дұрыс? 
 
Бұл  мəселенi  құндылықтар  теориясы  немесе  аксиология  (грек  тiлiнде "axia" -
құндылық  жəне "logos" – iлiм)  шешуге  ұмтылады.  Аксиология - құндылықтардың 
жаратылысы  туралы,  оның  нақтылықтағы  орны  мен  құндылықтық  əлемдегi  құрылымы 
туралы,  яғни  əлеуметтiк  жəне  мəдени  факторлар  мен  тұлға  құрылымы  арасындағы
əртүрлi  құндылықтардың  байланысы  туралы  iлiм.  Философиялық  бiлiмнiң  арнайы  бөлiмi 
ретiнде аксиология XIX ғасырдың екiншi жартысында ғана қалыптасты. 
 
Құндылықтар  проблематикасы  ежелгi  Шығыс  жəне  антикалық  философияларда
қарастырылғанымен  "аксиология"  терминiн  тұңғыш  рет  Э.Гартман  қолданды.  Ойшылдар 
үнемi  сұлулық,  береке,  қайырымдылық  жəне  т.б.  түсiнiктердiң  мəнiн  ұғынуға  ұмтылды, 
кейiнiрек мұның бəрi "құндылық" ұғымына бiрiктiрiлдi. Философия тарихында "игiлiк деген 
не?" деген сұрақты алғаш қойғандардың бiрi Платон. Ол болмысты "заттар əлемiне" жəне 
"идеялар  əлемiне"  бөле  отырып,  заттар  əлемiнде  ақиқат,  əсемдiк,  əдiлеттiлiк  жəне  т.б. 
жоғары  игiлiктерге  сəйкес  келетiндей  ешнəрсе  жоқ  деп  есептейдi.  Жəне  сыртқы  əлемнiң 
өткiншiлiгi  мен  салыстырмалылығын  ескере  отырып  адамдардағы  ақиқат,  əсемдiк  т.б. 
ұғымдарды  уақыттан  тыс,  мəңгi  идеялар  кеңiстiгiне  орналастырды. "Егер  кiм  əсемдiктi 
дұрыс  пайымдаса,  ол  бұл  жолдың  ақырына  жетiп,  тосыннан  жаратылысы  жағынан 
таңқаларлықтай əсем нəрсенi көредi... бұл нəрсе, ең алдымен мəңгi, яғни ол туылуды да, 
күйреудi де, өсудi де, шөгудi де бiлмейдi, екiншiден ол ешбiр жағынан тұрпайы болмайды, 
қашан да, қай жерде де өзгелермен салыстырғанда əдемi, ал басқа уақытта, басқа жерде 
өзгелермен  салыстырғанда  тұрпайы.  Əсемдiк – бұл  бет,  қол  немесе  қандай  да  бiр  дене 
бөлiгi  түрiнде  емес,  қандай  да  бiр  сөз  немесе  бiлiм  түрiнде  емес  өзiнен-өзi   əрқашан  да 
өзiнде  тұтас  бейне  ретiнде  көрiнедi:  əсемдiктiң  өзге  түрлерiнiң  барлығы  оған  қатысында 
туылатын  жəне  күйрейтiн  болса,  ал  ол  артып  та,  кемiп  те  кетпейдi,  ешқандай  ықпалды 

сезiнбейдi"  (Платон. Соч. в 3-х т. М., 1970, 142-бет).
Құндылықтар  мəселесiнiң XIX ғасырдың  ортасына  дейiн  философиялық  талдаудың 
дербес  объектiсiне  айналмағанын  айта  кетуiмiз  керек.  Антикалық  философияда  ғана 
емес,  онан  кейiнгi  орта  ғасырлар  мен  жаңа  заман  философиясында  да  құндылықтық
сипаттамалар  нақтылық,  болмыстың  шынайылығы  ұғымдарына  енгiзiлдi.  Классикалық 
философияда  құндылықтар  болмыспен  тұтас  күйiнде  қарастырылды  жəне  сондықтан 
аксиология  дербес  философиялық  пəн  ретiнде  бөлiнiп  шыққан  жоқ.  Аксиология 
философиялық  зерттеудiң  дербес  аймағы  ретiнде  болмыс  ұғымы  екi  элементке 
ыдырағанда  ғана  пайда  болды:  нақтылық  пен  құндылық  əртүрлi  талап  пен 
ұмтылыстардың  объектi  ретiнде  қарастырылғанда  аксиологияның  басты  мақсаты
болмыстың  жалпы  құрылымындағы  құндылықтың  мүмкiндiгiн  жəне  оның  нақтылық 
айғақтарына  деген  қатынасын  көрсету.  Мəдениеттiң  маңызды  компонентi  ретiндегi, 
адамның  нақтылықты  рухани-практикалық  игеруiнiң  негiзi  жəне  реттеушiсi  ретiндегi 
құндылықтардың теориялық талдануы философиялық ой тарихында əртүрлi бағыттармен 
сипатталады.  Бұл  бағыттардың  арасында  мынадай  типтердi  атап  өтуге  болады: 
натуралистiк  психологизм,  трансцендентализм,  мəдени-тарихи  релятивизм  жəне 
социологизм.
 
Натуралистiк  психологизм  өкiлдерiнiң  (А.Мейног,  Р.Б.Перри,  Дж.Дьюи  жəне  т.б.) 
тұжырымдауынша  құндылықтың  қайнар  көзi  индивидтiң  биопсихологиялық  тұрғыдағы 
қажеттiлiктерiнде,  ал  құндылықтардың  өздерi  құндылықтың  заттай  нақтылыққа  орын 
алмасуын  бiлдiретiн  қадағаланатын  нақтылықтың  ерекшелiгi  ретiнде  эмпирикалық 
тұрғыда  көрiне  алады.  Аксиологиялық  трансцендентализм  (жаңа  кантшылдар  –
В.Виндельбанд,  Г.Риккерт)  үшiн  құндылық  идеалды  болмыс  ретiнде  "таза"  нормативтi 
санамен  сəйкестендiрiлетiн  болмыстың  нормасы  ретiнде  қарастырылады.  Нормалар 
мəдениеттiң  барлық  функцияларының  (қызметтерiнiң)  жалпы  жоспарын  құрайды  жəне 
құндылықтың əрбiр жеке iске асуын анықтайды. Сонымен бiрге болмыс нормасының тəсiлi 
норма  статусын  беретiн  оның  субъект  үшiн  маңыздылығы  болып  табылады. 
Трансценденталистер  құндылықтардың  мəнiн  нормалар  қалаптастырудың  өте  күрделi 
процесiнде  жасақталатын  өзара  қатынастардың  өзiндiк  рухани  концентрациясы  ретiнде 
қарастырады.  Бұл  құндылықтарға  олар  ақиқатты,  сұлулықты,  қайырымдылық  пен 
əдiлеттiлiктi  жатқызады.  Демек,  құндылықтар – бұл  қоршаған  нақтылықтың  көрiнiстерi 
емес,  адамзат  санасының  терең  тұңғиықтарында  қалыптасатын  трансценденталдық
нормалардың əртүрлi формалары.
 
Персоналистiк онтологизмнiң құндылық концепциясының  негiзi дiни этика принцптерi 
болып табылады. Бұл бағыттың көрнектi өкiлi М.Шелердiң пiкiрiнше құндылықтар əлемiнiң 
өз  иерархиясы  бар.  Құндылықтардың  бұл  жүйесiнiң  ең  жоғарғы  сатысында  Құдай 
орналасады.  Құдайға  деген  сүйiспеншiлiк – адамзат  сезiмдерiнiң  ең  жоғарғы  формасы. 
Иерархияның  онан  кейiнгi  баспалдақтарында  "сұлулық"  жəне  "таным"  орналасады. 
Мəдени-тарихи  релятивизм  аксиологиялық  имморализм  идеясына,  яғни  тең  құқықты 
құндылықтық  жүйелердiң  көп  болуы  мүмкiн  деген  идеяға  сүйенедi.  Бұл  концепцияның 
ерекшелiгi  тек  бiр  "шынайы"  құндылық  жүйесiмен  шектелiп  қана  қоймай,  белгiлi  мəдени-
тарихи  кезеңдердегi  құндылықтық  жүйелер  мен  құндылықтық  бағыттырға  басымдылық
бередi.  В.Дильтейдiң  көптеген  iзбасарлары,  мысалы  О.Шпенглер,  А.Тойнби,  П.Сорокин 
жəне  т.б.  мəдениеттiң  құндылықтық   мəнiн  түсiндiруде  интуитивтiк  тəсiл  қолданады. 
Мəдени-тарихи  релятивизм  өзiнiң  пiкiрлерi  мен  тұжырымдарының  əлеуметтiк  психология 
мен əлеуметтiк философияның түйiсуi негiзiнде жариялайды.
 
Құндылықтар  концепциясындағы  социологизмнiң  негiзiн  қалаушы  М.Вебер  болып 
табылады.  Ол  жаңа  кантшылдардың  норма  ретiндегi  құндылықтар  туралы  көзқарасын 
қабылдап,  оны  əлеуметтiк  əрекет  пен  əлеуметтiк  бiлiмдi  түсiндiруге  қолданды.  Ол 
құндылықты  əлеуметтiк  субъект  үшiн  маңызды  норма,  болмыстың  тəсiлi  ретiнде 
қарастырады. Онан ары қарай құрылымдық-функционалдық талдау мектебiнде (Т.Парсон 
жəне өзгелерi) "құндылық" ұғымы əлеуметтiк институттардың қызмет етуi мен əлеуметтiк 
байланыстарды анықтаудың құралы ретiнде методологиялық мəнге ие болады. 
 
Құндылықтар  өмiр  сүрiп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  бiр-бiрiмен  салыстырыла 
отырып өзiндiк құндылықтық қатарды, құндылықтық сатыны құрайды. Бiзге белгiлi барлық 

құндылықтар  адамға  бағытталған  жəне  шындығында,  кез-келген  құндылық  өзiнiң 
нақты  тарихи  пайымдалуы  мен  iске  асуында  салыстармалы.  Алайда  мұнан  тек  нақты 
тарихи  өмiр  сүретiн  адамдар  мен  əлеуметтiк  топтардың  қажеттiлiктерi  мен  мүдделерiн 
өтейтiн  игiлiктер  ғана  құнды  жəне  барлық  өзге  құндылықтардың  өлшемi  болып 
табылатындай  адам  алдында  категориялық  талап  ретiнде  қойылатын  құндылықтар-
мақсаттар жоқ деген пiкiр туындамайды. 
 
Əдебиеттерде  құндылықтардың  жiктелуi  əдетте  былайша  берiледi:  витальды  (өмiр, 
денсаулық,  игiлiк,  экология  жəне  т.б.);  əлеуметтiк  (əлеуметтiк  статус,  жағдай,  байлық, 
отбасы,  тəуелсiздiк  жəне  т.б.);  дiни  (құдай,  сенiм,  ғұрып,  шiркеу  жəне  т.б.);  моральдық 
(қайырымдылық,  достық,  сүйiспеншiлiк,  парыз,  адалдық,  əдiлеттiлiк  жəне  т.б.); 
эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесiмдiлiк жəне т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттiлiк, ата 
заң,  азаматтық  еркiндiктер  жəне  т.б.).  Осылайша  құндылықтар  жалпы  динамикамен
сипатталатын мəдени реттеушiлiктiң қозғалмалы саласын бiлдiредi.
 
Əртүрлi  аксиологиялық  теориялар  адамдардың  құндылықтық  қатынастарының
тəжiрибелерiн қорытындылай отырып, құндылықтардың сол белгiлi класын қарастырады. 
Мысалы Г.Риккерт құндылықтардың алты саласы болады деп есептейдi: ғылым, дiн, өнер, 
мораль,   жетiлген   өмiр   жəне   "құдiреттi    сүйiспеншiлiк"   (Риккерт Г. 
 
О  системе  ценностей // Логос. 1914, Т.1.  Вып1).  Г.Риккерттiң  құндылықтар 
классификациясы  қандай  принципке  негiзделген  жəне   оның  жүйесiнiң  негiзi  неде? 
Г.Риккерттiң  құндылықтар  иерархиясының  принципi "бағалаушы  субъекттен"  келiп 
шығады.  Жоғарыда  айтылғандай  құндылықтар  қоғамдық-тарихи  практика  процесiнде 
пайда болады жəне оның сипаттамалары болып табылады. Құндылықтардың көптүрлiлiгi 
адамдардың  практикалық  əрекетiне  енген  субъект-объекттiк  жəне  тұлға-қоғамдық 
қатынастардың  көптүрлiлiгiнен  туындайды.  Субъект  объекттiң  қасиетiн  адамның 
танымдық  жəне  өзгертушi  əрекетi  процесiнде  бағалайды.  Өйткенi  əлемдi  танудан  оны 
өзгертуге көшу алуан түрлi бағалаулар жүйесiнде iске асады.
 
Белгiлi  поляк  философы  жəне  эстетигi  Р.Ингартен  құндылықтарды  витальды 
(өмiрлiк)  жəне  мəдени  деп  бөледi.  Алғашқылары – бұл  утилитарлық  құндылықтар, 
пайдалылық  құндылықтары.  Екiншiлерi – бұл  таным  құндылықтары,  эстетикалық 
құндылықтар,  əлеуметтiк  қасиеттер  мен  адамгершiлiк  құндылықтары  (Ингартен  Р. 
Исследования по эстетике. М.1962) Н.Ресчер өзiнiң құндылықтар типологиясында оларды 
əртүрлi 
адамзаттық 
қажеттiлiктерiмен, 
мүдделерiмен, 
талап-тiлектерiмен 
байланыстырады.  Н.Ресчер  бойынша  құндылықтардың  мынадай  категориялары  бар: 
материалдық,  экологиялық,  моральдық,  əлеуметтiк,  саяси,  эстетикалық,  дiни, 
интелектуалдық, кəсiби, сезiмдiк.
 
Құндылықтардың типологиясын сондай-ақ ресейлiк жəне қазақстандық зерттеушiлер 
де  келтiредi.  РҒА  əлеуметтiк   зерттеулерiнiң  мəлiметi  бойынша  негiзгi  он  төрт 
құндылықтың тұрақтылығы байқалады (яғни адамдардың құндылықтың санасының негiзiн 
құрайтын  жəне  ресейлiктер  өмiрiнiң  əртүрлi  салаларында  үнемi  өзiнiң  ықпалын 
байқататын  құндылықтар):  адам  өмiрi,  еркiндiк,  адамгершiлiк,  қарым-қатынас,  отбасы, 
жеке бақыт, ұрпақ көбейту, əрекеттiң мəнi жəне күнкөрiс көзi ретiндегi жұмыс, игiлiк  (кiрiс, 
денсаулық),  инициативтiлiк  (дəстүрдi  құрметтеу),  тəуелсiздiк,  мейiрiмдiлiк,  беделдiлiк, 
заңдылық.
 
ҚР  ҰҒА саясаттану жəне əлеуметтану институтының 1996 жылғы мəлiметi  бойынша 
республика  тұрғындары  үшiн  ең  басты  құндылықтарды  былайша  төрт  топқа  бiрiктiруге 
болады  (Общечеловеческие  и  национальные  ценности  в  изменяющемся  обществе. 
Алматы 1997, 131-132 беттер).
 
1.  Өмiрдiң   тұрақты   жəне   қалыпты   деңгейi,   республикадағы  бейбiтшiлiк  пен 
тыныштық,  отбасындағы  береке,  денсаулық,  жеке  жəне  отбасы  қауiпсiздiгi,  жақсы 
төленетiн жұмыс, ұлтаралық келiсiм.
 
2.  Азаматтардың  құқығы  мен  еркiндiгiнiң  кепiлi,  экономикалық  қауiпсiздiк,  жеке 
тəуелсiздiк.
 
3. Қос азаматтылық, Қазақстанның тəуелсiздiгi, кəсiпкерлiк үшiн жағдайдың жасалуы, 
қызметтiк карьера.
 
Қазақстанда  респонденттердiң 2/3 демократияны  тұлғаның  құқығы   жəне 

абыройымен,  азаматтық  еркiндiкпен,  құқықтық  мемлекетпен  байланыстырады. 
Кейбiр  респонденттер  ғана  демократияның  кеңестiк   түсiнiгiн  ұстанады – ертеңгi  күнге 
деген сенiм, өмiрдiң жоғары  материалдық деңгейi.
 
Қоғамдық  дамудың  құндылықтық  негiздерiн  iздеу,  құндылықтардың  белгiлi  бiр 
жүйесiн  таңдау  қарама-қайшылықты,  бiрақ  табиғи  процесс.  Əлеуметтiк  реттеудiң  жоғары 
деңгейiне  негiзделген  құндылықтардың  белгiлi  бiр  иерархиясы  мен  арнайы  жүйесiнсiз 
ешбiр  қоғам  өмiр  сүре  алмайды.  Бұл  қоғамдық  институттар  мен  адамдардың
(индивидуалды  болсын,  ұжымды  болсын)  мақсатты  əрекеттерiнiң  нормативтi 
бақылауының  нақты  жəне  арнайы  жүйелерiн  жасауға  мүмкiндiк  беретiн  өлшемдердiң 
құндылықтар жүйесiнде бекiтiлуiмен сипатталады. Сонымен қатар бұл қоғамда белгiлi бiр 
тəртiптi  қамтамасыз  етедi  жəне  əр  алуан  қоғамдық  субъектiлердiң  "құндылықтық 
ынтымақтастығын" қалыптастырады. 
 
ХХ  ғасырда  ең  алдыңғы  орында  əдетте  прагматикалық  деп  аталатын  кəсiпкерлiктiң 
"насихаттарына" 
негiзделген 
құндылық 
бағдарлар 
шығады. 
Бұрынғы 
КСРО 
тұрғындарының  бұқаралық  санасында  бұл  насихаттар  кешегi  күнге  дейiн  терiске 
шығарылып келдi. Алайда, бұл моральдық көңiл-күймен шабыттана отрып, бiз прагматизм 
туралы көп нəрсенi аңғара бермеймiз. Прагматизмде адамның өз алдына мақсат қоя бiлу 
қабiлетiмен,  оны  iске  асыруымен,  жағдайға  ықпал  етуiмен,  өзгелерiмен  бiрлесе  отырып 
нақтылықты  өзгертулермен  өмiрдiң  қоятын  мiндеттерiн  шешумен  сипатталатын  жалпы 
белсендi,  əрекетшiл  жан  ретiнде  адамға  қойылатын  талаптар  универсалданады  жəне
бiрiктiрiледi.
 
Кейде  пайда  мен  табысқа  бағдар  ұстанатын  сананың  типiн  "реалистiк"  деп  атайды. 
Мұндай  адамда  белсендiлiк,  инициативтiлiк,  дербестiк  сияқты  қасиеттер  болады. 
Кəсiпкерлiк  пен  бəсекелестiкте  тұлғаның  автономиясы,  оның  мақсатқа  ұмтылушылығы 
мен  еркiндiгi  бұқаралық  құбылысқа  айналады. "Өзге  үшiн  емес,  өзiм  үшiн  өмiр  сүргiм 
келедi"  деген  формула  прагматикалық  дүниетанымды  сипаттайды.  Алайда  мұны  бiрден 
эгоистiк  сананың  дəрiптелуi  деп   есептеуге  болмайды.  Бұл  ойды  былайша  да  жеткiзуге 
болады. "Бiреуге  қызмет  етiп,  тəуелдi  болғым  келмейдi,  өзiме-өзiм  қожа  болғым  келедi". 
Егер шығыс данышпанының тəуелсiздiгi өз-өзiнен бас тартуға негiзделсе, ал бизнесменнiң 
тəуелсiздiгi  қоғамдық  күштiң  көрiнiсi  ретiнде  байқалатын  байлыққа  ие  болу  мен  оны
көбейтуге негiзделедi. Бұл капиталдың (ақшаның) барлық нəрсеге айнала алу қабiлетiнiң 
арқасында мүмкiндiк болады: тауарға да, тауар емес нəрсеге де.
 
Əрине,  прагматизмнiң  құндылықтарын  абсолюттендiруге  болмайды.  Прагматик 
ертеңгi  күннiң  игiлiгi  үшiн  кейбiр  нəрселерден  бас  тартуға  дайын.  Алайда,  келешекке 
бағдар  ұстау,  əлеуметтiк  жаңашылдық,  ойлаудың  ептiлiгi,  мұның  бəрi  прагматикте   бiр 
нəрсеге- қалып қоймау, пайда түсiруге бағынады, онсыз ол прагматик, яғни "iс жасайтын" 
адам емес. Пайдакүнемдiлiк адамда ең басты нəрседен – сүйе бiлу қабiлетiнен айырады. 
Сүю,  ұнату - өзiңдi  берудi,  жомарттықты  бiлдiредi,  ал  пайдакүнем  өзiн  фаустық  үлгi 
бойынша, яғни жанын əзəзiлге беру арқылы сақтауға қабiлеттi.
 
Қазiргi  қоғамның  құндылықтарын  талдау  адамдардың  негiзгi   құндылықтық 
бағдарларын  қарастырмасақ  жеткiлiксiз  болар  едi.  Мысалы,  қазiргi  замандағы  көрнектi 
психоаналитик  жəне  этиктердiң   бiрi  Э.Фромм  жемiстi  емес  жəне  жемiстi  бағдарларды 
бөлiп көрсетедi.  Бұл жерде  берiлген ұғымдардың белгiлi  бiр индивидтiң мiнезiн сипаттау 
емес, "идеалды  типтер"  екендiгiн  ескеруi  қажет.  Əдетте  əрбiр  тұлғаның  мiнезi  бұл 
бағдарлардың  барлығын  немесе  кейбiрiн  бiлдiредi,  бiрақ  оның  бiреуi  басымдылыққа  ие 
болады.
 
Жемiстi  емес  бағдарлар  рецептивтi,  қаналушы,  сараңдық  жəне  нарықтық 
бағдарларға  бөлiнедi.  Рецептивтi  бағдарда  адам  барлық  игiлiктердiң  көзi  сыртта  жатыр, 
қалаған  нəрсеңдi  алудың  жалғыз   тəсiлi – мейлi  ол  материалдық  болсын,  сүйiспеншiлiк, 
бiлiм,  лəззат  алу  болсын,  оны  тек  осы  сыртқы  көзден  алу  деп  есептейдi.  Ең  бастысы   -
өзiң сүю емес, сүйiктi болу. Олар тек беделдi адамға, қамқоршыларға ғана емес қандай да 
болсын  көмек  көрсетуге  қабiлеттi  адамдардың  барлығына  да  бағынышты.  Олар  бизнес 
саласында  əлсiздеу, өйткенi олар тəуелсiз емес жəне жасқаншақ. Жалпы алғанда алушы
бағдардағы  адамдардың  дүниетанымы  оптимистiк  жəне  ашық-жарқын  болып  келедi, 
олардың өмiрге жəне оның сыйына деген  сенiмдiлiктерi бар, бiрақ күнкөрiс көзiн жоғалту 

қаупi туғанда олар  тынышсызданып, беймаза күй кешедi.
Қанаушы  бағдардың  рецептивтiлiкпен  ұқсастығы,  олар  үшiн  де  барлық  игiлiктiң  көзi 
өзiнен  тыс  орналасады  деп  есептеуде.  Ал  айырмашылығы,  қанушы  тип  бiр  нəрсенi 
өзгелерден  сыйға  аламын  деп  үмiттенбейдi,  қалаған  нəрсесiн  олардан  күшпен  немесе 
қулықпен  тартып  алады.  Интеллектуалдық  əрекетте  ол  сұғанақтықпен  (плагиаттық) 
айналысады.  Өзгелерден  тартып  алған  нəрсе  оған  үнемi  өзiнiкiнен  жақсы  көрiнедi  де 
тұрады.  Олардың  құндылықтық   қондырғысы  дұшпандықтың  жəне  манипуляцияның
(жұмсаушылықтың)  қойыртпағымен  боялған  жəне  олар  кекесiнге  құмар  болып  келедi. 
Əрбiр  адам  қанаудың  объектi  ретiнде  қарастырылады  жəне  пайдалылығы  бойынша
бағаланады.
 
Сараңдық  бағдардағы  адамдар  сыртқы  дүниеден  қандай  да  болсын  жаңа  нəрсе
аламын  дегенге  сенбейдi;  олардың  қауiпсiздiгi  сараңдық  пен  үнемдеуге  негiзделедi,  ал 
шығынды  қатер  ретiнде  қабылдайды.  Олар  өздерiн  қорғанмен  қоршап  алады  жəне 
олардың басты мақсаты - өзiнiң қоймасына барынша көп əкелiп, мейлiнше аз беру. Олар 
өмiрлiк  субстанциялардың  өзiн-өзi  толтыру  функциясы  бар  екенiн,  белсендiлiк  пен  күш 
жұмсаудың  энергияны  арттырып,  ал  баяулықтың  оны  жоятынын  түсiнбейдi. 
Шығармашылық  актi – олардың  өмiр  бақи  сенбейтiн  құбылысы.  Олардың  девиздерi: 
"Күннiң астында жаңа ешнəрсе жоқ", "Менiкi – бұл менiкi, ал сенiкi – бұл сенiкi".
 
Нарықтық  бағдар  тек  қазiргi  заманда  ғана  басымдылыққа  ие  болды.  Нарықтық 
қатынастар  қазiргi  қоғам  дамуы  мен  қызмет  етуiнiң  негiзi  болып  табылады.  Сондықтан 
нарықтық  құндылықтық  бағдарды  "нарықтың"  экономикалық  ұғымымен  шатастыруға 
болмайды.  Құндылықтың  нарықтық  ұғымы,  айырбас  құндылғының  пайдалылықтан 
үстемдiгi адамдар арасындағы, адам өзiне деген қатынастарда құндылықтың осы ұғымын
қалыптастырды.  Өзiн  тауар  ретiнде,  ал  жеке  құндылығын  айырбас  ретiнде  қабылдауға 
негiзделген мiнездiң бағдарын нарықтық бағдар деп атайды. 
 
Соңғы  онжылдықтарда  "тұлғалық  нарық"  деп  аталатын  бағдар  қалыптасты.  Ондағы 
жəне  тауар  нарығындағы  бағалаулардың  принциптерi  бiрдей:  бiрiншiсiнде  тұлға  сатуға 
ұсынылса,  екiншiсiнде – тауар . Табыс  көбiне  адамның  өзiн  рынокта  қаншалықты  жақсы 
сата алуына, оның "қорабының" қаншалықты тартымдылығына, оның қаншалықты сергек, 
берiк, жiтi жəне сенiмдiлiгiне, оның отбасылық жағдайына, қандай клубқа жататындығына, 
керек  адамдармен  таныстылығына  байланысты.  Адам  өзiнiң  өмiрi  мен  бақыты  туралы 
ойланбайды,  қалай  өтiмдi  тауарға  айналуын  ойлайды.  Ұтымды  тауар  сияқты  адам  да 
тұлға рыногында сəндi болуы тиiс, ал сəндi болу үшiн тұлғаның қандай түрiнiң сұранысқа 
ие екендiгiн бiлуi тиiс. Мұндай үлгiлердiң картинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино, 
теледидар, радио бередi. 
 
Қазiргi адам өзiн базардағы сатушы ретiнде де, тауар ретiнде де қабылдағандықтан 
оның  өзiн-өзi  бағалауды  өзiнен  тыс  жағдайларға  бағынышты.  Егер  ол  үлгерiп  отырса  -
құны  бар,  ал  олай  болмаса – ол  құнынан  айырылады.  Ол  өзiнiң  күш-жiгерiмен  бiртұтас 
емес, өйткенi оны қолдану процесiндегi өзiн көрсету емес, оларды сату процесiндегi оның 
табысы маңыздырақ.
 
Ойлаудың мұндай типi қазiргi бiлiм беру жүйесiнде де өзiнiң терең ықпалын тигiзедi. 
Оқытудың мақсаты ең алдымен нарық үшiн пайдалы ақпаратты барынша көп жинақтауға
келiп  тiреледi.  Студенттерге  өте  көп  нəрсенi  бiлу  керек,  тiптi  олардың  ойлануға  да  күшi 
мен уақыты жетпей қалады...
 
Барлық бағдарлардың да өмiрде өз үлестерi бар, ал олардың қайсысының болмасын 
басымдылығы индивидтiң өмiр сүретiн мəдени  отрасының ерекшелiктерiне байланысты. 
Мысалы,  қанаушы  бағдар   табиғи  жəне  адами  ресурстарын  тек  өз  елiнде  ғана  емес, 
шамасы  жеткен  өзге  елдерде  де  пайдаланып  қалуға  тырысқан  авторитарлы  жүйелерде
үстемдiк  еттi.  Олар  күштiң  құқын  жариялап,  оны  күштiнiң  тiрi  қалуын  мəжбүрлейтiн  
табиғат  заңымен   байланыстырды.  Сүйiспеншiлiк  пен  тəртiптiлiк  əлсiздiк   деп  аталынып, 
ал ой толғау  - қорқақтардың айналысатын iсi деп саналады. 
 
Жемiстi құндылықтық бағдар – бұл адам бойындағы мүмкiншiлiктердi iске асыру мен 
күштердi  пайдалану   қабiлетi.  Жемiстiлiк  адамның  өзiн  жаратушы  жəне  иесi  ретiнде 
қабылдауын  бiлдiредi.  Жемiстiлiк  көркем  шығармашылыққа  ғана  сəйкес  емес. 
Жемiстiлiктiң  классикалық  үлгiсiн  Гете  Фауст  бейнесi   арқылы  бередi (Гете  Фауст – 2 

бөлiм, 5 акт).
 
Нарықтық  бағдардың  жемiстiлiктен  айырмашылығы  шартты  сипатқа  ие.  Нарықтық 
бағдарды  сынау  жоғары  этика  тұрғысынан  жүргiзiлетiнiн  ескеру  қажет.  Нарықтық  бағдар 
қалыпты нəтижелер беру үшiн, оның қатысушылары белгiлi бiр ережелердi сақтауы тиiс. 
Тек  жүрiс-тұрыстың  жалпы  ережелерi  ғана  нарықтық  тəртiптiң  тұтастығын  бере  алады. 
Аралас тəртiп жағдайында беiмделу қабiлетiн арттыруға мүмкiндiк беретiндей етiп жүрiс-
тұрыс ережелерiн өзгерткен топ қана табысқа жете алады. Мұндай эволюция тура жолмен 
емес,  əр  түрлi  типтегi  тəртiптер  арасындағы  бəсекелестiк  барысында  үздiксiз 
"тəжiрибелер  жасау",  үнемi  сынақтар  мен  қателiктер  процесiнде  қалыптасады. "Жүрiс-
тұрыс  эволюциясы  тегiс  өтпейдi", - деп  жазады  Ф.Хайек - өйткенi  оларды  сақтайтын  
күштер  дұрыс  жəне  əдiлеттi  деп  есептелетiн  қалаптасқан  көзқарастармен  қайшылыққа
келедi" (Пагубная  самонадеянность.  М.,1992, 39-бет).  Егер  өркениет  бiрте-бiрте  алдын-
ала  моральды  өзгерту  пиғылының  нəтижесiнде  қалыптасса,  онда  негiзгi  моральдық 
құндылықтардың   жоқтығы  нарықты  оның  сыбайлас  жəне  қылмыстық  вариантына
айналдырады деген тұжырым келiп шығады.
 
Əрине,  өмiрдiң  алдында  бас  ию  этикасы  бойынша  жақсылық  пен  тұлға  рыногының
арасында  келiсiм  болуы  екiталай.  Алайда,  мынадай  сұрақ  туындайды:  нарықтық  бағдар 
қай  моральға  келедi?  Бiрақ  жоғары  адамгершiлiк  құндылықтар  моральдың  бүкiл 
мазмұнын   тауыса  алмайды.  Сонда,  нарықтық  бағдардың  құндылықтары  қандай
моральды  ұстанады?  Жеке  мүдделердiң  өзара  əрекетiн  реттейтiн  қатынастарға  өзiнiң 
əдiлеттiлiк  (сiңiрген  еңбегiне  қарай),  теңдiк  (құқық),  тұлға  автаномиясы,  адам  абыройы 
сияқты принциптермен бiрге əлеуметтiк келiсiм моралы сəйкес келедi.
 

4.6. Мəдениет философиясы:
принциптер, теориялар, тəсiлдер
 
 
 
Мəдениеттi  бағалаудың,  түсiнудiң,  зерттеудiң  əртүрлiлiгi  сияқты  мəдениет  əлемi  де 
алуан  түрлi.  Бiз  "дəуiр  мəдениетi", "этнос   мəдениетi", "ұлттық  мəдениет", "христиандық 
мəдениет", "мұсылмандық Шығыс мəдениетi", "апполондық мəдениет", "Қытай мəдениетi" 
жəне  т.б.  ұғымдарды  көп  кездестiремiз.  Осыған  ұқсас  барлық  ұғымдар  əртүрлi  мəдени 
тұтастықтарды  тарихи,  немесе  əлеуметтiк,  немесе  философиялық  көзқарастар 
тұрғысынан  жiктеу  нəтижесiнде  тiзбектеледi.  Бiлiмнiң  əрбiр  гуманитарлық  саласы 
мəдениеттiң  алуан  түрлiлiгiн  өз  негiздерiне  сай  белгiлi  бiр  классификацияда  жiктеуге 
ұмтылады,  мұның  ақыры,  бүтiндей  алғанда,  мəдениеттiң  типологиясына  немесе 
философиясына  əкеледi.  Мəдениеттiң  əрбiр  типологиялық  картинасы  өзгелерiн 
көлегейлемейдi  жəне  мүмкiн  болатын  жалғыз  типология  деп  есептелмейдi,  өйткенi 
объекттiң  өзi,  яғни  мəдениет – көпқырлы  жəне  өз  болмысының  барлық  қырларын  толық
жəне  жан-жақты  қамтуға  көнбейдi.  Мəдениеттiң  əрбiр  теориясы,  мəдениеттегi 
универсалдылық  пен  өзгешелiктiң  дамуының,  өзгерiсiнiң  немесе  көрiнiсiнiң  белгiлi  бiр 
заңдылықтарын  зерттеудегi  əрбiр  жаңа  тəсiл  пəндегi,  эмпирикалық   материалды 
таңдаудағы  пайымдалу  объектiн  өз  бетiнше  айқындайды  жəне  əрқашанда  мəдениеттiң 
жаңа концепциясын тудырады. 
 
Мəдениет  философиясының  пəнi  мəдениет  формаларын,  олардың  мағынасын 
философиялық  талдау  болып  табылады.  Басқаша  айтқанда,  культурфилософия 
(мəдениет  философиясы)  мəдениеттiң  идеясын,  мақсаттарын,  принциптерi  мен 
алғышарттарын  зерттейтiн,  универсалды  жəне  барлығын  қамтитын  феномен  ретiнде 
мəдениеттi  философиялық  пайымдауға  бағытталған  философиялық   пəн  болып 
табылады. "Культурфилософия"  терминiн XIX ғасырдың  басында  немiс  философы 
А.Мюллер енгiздi. Мəдениет философиясы дербес  сала ретiнде XVIII ғасырдың аяғында  
XIX  ғасырдың  басында  бөлiнiп  шыға  бастағанымен  ХХ  ғасырда  ерекше  қарқынды
дамыды.  ХХ  ғасырдың  басында  культурфилософия  мəдениет  эволюциясының  əртүрлi 
кезеңдерiн  зерттеуге  бет  бұра  бастайды.  Осыған  байланысты  мəдениет  феномендерiн 
зерттеуде  ерекше  тəсiлдердi  қолданып,  онымен  айналысатын  арнайы  ғылым  саласын
қалыптастыру  идеясы   пайда  болды.  Мысалы,  жаңакантшылдар  В.Виндельбанд (1848-
1915)  пен  Г.Риккерт (19863-1936) "мəдениет  туралы  ғылымдар"  мен  "табиғат  туралы 
ғылымдарды"  ажыратуды  ұсынды.  Осылайша  олардың  концепциясы  мəдениет
философиясындағы  оппозициялардың  бiрiн – мəдениет  пен  табиғаттың  арақатынасы 
мəселесiн, сондай-ақ мəдениеттiң құндылықтық  (аксиологиялық) мəнiн айқындады.
 
Мəдениеттiң  теориялық  картиналарының  көптiгi  бұл  феномендi   пайымдаудың 
мүмкiн болатын барлық варианттарын түгеспейдi. Ғылымда танымал жəне белсендi түрде 
түсiндiрiлетiн  олардың  кейбiрiне  тоқтала  кетейiк.  Жəне  де  бұлар  əртүрлi  ғылыми 
теориялардың  кесiндiлерi  негiзiнде  мəдениет  философиясындағы  принциптер  мен 
тəсiлдердiң көптiгi мəселесiн айқындап та көрсетедi.
 
Ф.Ницше  мəдениеттегi  дионистiк  жəне  аполлондық  бастаулар  туралы.
Немiс  философы  Фридрих  Ницше (1844-1900) "өмiр  философиясының"  негiзiн  қалаушы 
ретiнде  белгiлi.  Ф.Ницше  мəдениет  типологиясының  толық  картинасын  берудi  арнайы 
мақсат  етiп  тұтпағанымен,  оның  "өмiр  философиясына"  сəйкес,  философиялық 
шығармалырының  бүкiл  контектiнен ("Трагедияның  музыка  рухынан  пайда  болуы", 
"Мезгiлсiз  пайымдаулар", "Заратустра  осылай  деген", "Антихристианин  жəне  т.б.") 
батыстық  мəдениет  генезисiнiң  өзiндiк  концепциясы  өз-өзiнен  туындайды.  Ол  батыстық 
мəдениеттiң  қайнар  көздерiн  антикалық  заманнан  шығара  отрып,  оның  кезеңдерiн  –
христиандықты, қайта өрлеудi, жаңа заманда  өзiнше пайымдайды.
 
Ф.Ницше мəдениеттi адамзаттың өзiн-өзi iске асыруының тəсiлi ретiнде қарастырып, 
онда  физикалық  тұрғыда  əлсiз  "зоологиялық  түрдiң" (адамның)  аман  қалу  барысында
қалыптасқан басты қасиеттерi ретiнде интеллект пен қиялды бөлiп көрсетедi. Ницшеннiң 
түсiнiгiнше,  мəдениет  "билiкке  деген  ерiк", "өмiрге  деген  ерiк"  принциптерiмен  өлшенедi. 
Адам  болмыстың  қасiретiнен  жоғары  тұрып,  жоғары  адамға  айналуы  тиiс.  Жоғары  адам 
идеясы өмiрдiң неғұрлым жетiлген формаларын құру үшiн адамзат табиғатының көптеген 

қасиеттерiн игеру қажеттiлiгiне меңзейдi. Жоғары адам өмiрiндегi барлық өзiне қарсы 
кеселдi, жалғандықты, дұшпандықты жоя  алады, тобырдың моралынан азат бола отырып 
ол  өзiнiң  əрекетi  үшiн  жауапкершiлiктi  мойнына  алады.  Жоғары  адам  өмiрiнiң   өрлеуiмен 
сипатталатын  трагедиялық  дəуiрдiң  туындысы,  оның  энергиясы  екi  бастаумен 
толтырылған:  дионистiк  жəне  аполлондық.  Мұндай  нағыз  мəдениеттi  Ницше  Сократқа 
дейiнгi  Грециядан  табады,  онда  болмыстың  тұтастығының,  өмiрдiң  толықтығының 
символдары – Апполлон  мен  Дионис  энергияларының,  бұл  екi  бастаудың  теңдiгi 
мойындалған  болатын.  Бұл  екi  түпкi  бастау  антикалық  мəдениеттiң  ғарышын 
қалыптастырды,  ол  кейiнiрек  бүкiл  батыстық  сананы  қамтыды,  бiрақ  өзiнiң  бұрмаланған 
формасында.  Бұл  бұрмалау  Ф.Ницшенiң  пiкiрiнше,  батыстық  мəдениеттi  дағдарысқа 
əкелдi, "құндылықтардың  барлығын  қайта  бағалау"  ахуалын  орнатқан, "құдайдың  өлiмi" 
коцепциясын жарияланған "европалық нигилизмге" ұласты.
 
Ф.Ницшенiң  түсiндiрмелерiнде  Аполлон  мен  Дионистiң  мифологиялық  бейнелерi 
культурфилософиялық  мəнге  ие  болады.  Ежелгi  грек  мифологиясының  кейiпкерлерi 
Аполлон  мен  Дионистiң  əртүрлi  қасиеттердi  бiлдiргенi  белгiлi.  Платон,  мысалы, 
Аполлонның  бейнесiн  өзiнiң  атқарған  негiзгi  мифологиялық функцияларына  қарай  (садақ 
атқыш,  көрiпкел,  адамзаттық  жəне  ғарыштық  үйлесiмдiлiктiң  сақтаушысы)  пайымдады. 
Аполлон  Герместен  кифараны  алып,  музыканың  қамқоршысы  атанды.  Кейiннен 
пластикалық  өнердiң  үйлесiмдiлiгiн  бiлдiрдi.  Оның  бейнесiндегi  рационалдық  пен 
стихиялық  күштiң  бiрiгуi  оның  Диониспен  арасындағы  қарама-қайшылыққа   қарамастан 
байланыстың  болғандығын  дəлелдейдi.  Өз  кезегiнде  Дионис  те  Аполлонмен   қатар 
тұтылған  тəңiрдiң  бiрi.  Парнаста  əрбiр  екi  жыл  сайын  Дионистiң  құрметiне  оргялар 
ұйымдастырылып  тұрды.  Ницше  аполлондық   бастауды  пластикалық  өнермен,  ал 
Дионистi  музыкамен  байланыстырады.  Аполлон  мен  Дионистiң   бəсекелестiгiн  келiсiмге 
келтiрiген  Эсхил  мен  ежелгi  грек  трагедиясы  болды,  кейiнiрек  оны  ақылға  табынушылық 
басып  тастады.  Сократ,  Платоннан  басталған  əлемдi  өз  заңдары  бойынша  рационалды 
түрде тəртiпке келтiруге тырысқан философиялық жəне  мəдени дəстүр жоғары адамның 
трагедиялық дүниетанымын бұрмалайды. Бұл дəстүрдi Ф.Ницше "əлемге жала жабу" деп 
атайды.  Өйткенi  ол  өмiрден  барлық  "ақылға  тəн  емес"  нəрселердi  алып  тастайды.  Бұл 
батыстық  мəдениеттiң  дионистiк  бастауды  "ақылмен", "ақиқатпен", "Құдаймен"  басып 
тастау  арқылы,  яғни  жоғары  аполлонизм  жолымен  жүргендiгiн  көрсетедi.  Осылайша, 
адамзаттың  табиғи  қалпы,  философтың  пiкiрiнше,  христиандық  жағынан  бұрмалауға 
ұшырады,  адам  болмысының  нағыз  көздерi  Құдайдың  көлеңкесiнде  жасырын  қалды.  Ал 
кейiнiрек,  жаңа  заманда  Құдай   бейнесi  əлемдi  заңды  тəртiпке  келтiруге  тырысқан 
интеллекттiң,  ғылыми  ақиқаттың  бейнесiмен  алмасты.  Өмiр  интеллект  ойынының  
ережелерiмен  реттелетiн  болды,  онда  өзiн-өзi  анықтауға  орын  қалмады,  тiршiлiк 
апофеозы  қалыптасты.  Мұның  бəрi  адамды  өмiр  сүрудiң  көзi - өмiрден  арасын 
алшақтатты.  Ф.Ницше  өмiрмен  көбiрек   байланысты  иллюзияның  түрi  ретiнде - өнердiң 
рөлiн  ерекше  бағалайды: "мəдениет-   бұл  бейберекетсiз  хаостың  сыртындағы жұқа   ғана 
алманың  қабықшасы".  Ол  адамзатты  күйреуден  сақтауы  тиiс  жəне  еркiндiк  пен 
шығармашылықты  бағалайтын  адамгершiлiктi  жəне   денi  сау  адамды  қалыптастыруы 
қажет.  Бұл  құрамында  дионистiк  (өмiрлiк  күштердiң  еркiн  ойыны)  жəне  аполлондық 
(өлшемдiлiк,  шектеулiк)  бастаулар  өз  тұтастығы  мен  тепе-тең  қайшылығында   көрiнетiн 
өнер болуы керек.
 
М.Вебердiң "идеалды типi" əлеуметтiк-мəдени теорияның  методологиясы 
ретiнде.  Макс  Вебер (1864-1920) – ХIХ  ғ.  аяғы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  ең  iрi 
əлеуметтанушылардың  бiрi.  М.Вебердiң  айналысқан  ғылыми  салалары  өте  кең:  ол 
антикалық  заман,  ортағасырлар  мен  жаңа  заманның  дiнi  мен  өнерi,  құқығы  мен 
шаруашылығының   тарихын  зерттедi.  Урбанизация  мəселесiне  байланысты  антикалық 
жəне  ортағасырлық  қалалардың  тарихымен  айналысты.  Мəдениет  туралы  ғылымның 
жалпы  маңыздылығы  М.Вебер  зерттеулерiнiң  негiзгi  тақырыбына  айналды.  Оның 
логикалық-методологиялық  қондырғылары өз құрамында мəдениет саласын  да кiргiзетiн 
əлеуметтiк  ғылымдардың  таным  принциптерiн  жасақтауға  үлкен  ықпал  еттi.  Ол  барлық 
таным  ғылымның  мүдделерi  мен  құндылықтарына  байланысты  деп  есептедi.  Сондықтан 
ол  əрбiр  нақты  жағдайдағы   эмпирикалық  объекттi  зерттеудiң  тəсiлi  мен   таңдауын 

анықтайтын  "танымдық  мүдде"  ұғымын  енгiзедi.  Сонымен  қатар  əлемдi  көрудiң  
мəдени-тарихи  тəсiлiн  анықтайтын  "құндылықтың  идеясы"  ұғымын  да  енгiздi,  өйткенi  бiз 
мəдени  жан  болғандықтан  оны  бағаламай,  оған  мəн  бермей  əлемдi  зерттей  алмаймыз. 
Таным  барысында  қай  құндылықтың  анықтаушы  болатыны  ғалымның  өзiндiк  шешiмiнiң 
нəтижесi  емес,  уақыт  рухының,  мəдениет  рухының  өнiмi.  Вебер  құндылықты  белгiлi  бiр 
тарихи  дəуiрдiң  қондырғысы  ретiнде,  оған  тəн  "мүдденiң  бағыты"  ретiнде  түсiндiредi. 
Зерттеудiң  бағыты  мен  мақсатын  анықтайтын  идеялар  мен  мүдделер  уақыт  ағымында
өзгередi,  мəдениет  туралы  ғылымдарда  келтiретiн  ұғымдарда,  яғни  "идеалды  типтерде" 
бейнеленедi.  Идеалды  тип  теориялық  конструкциялар  түрiнде   көрiнетiн  "дəуiрдiң 
мүдделерi" болып табылады. 
 
Идеалды  тип  эмпирикалық  нақтылықтан  алынбайды,  теориялық  схема  ретiнде 
құрастырылады  жəне  сонан  кейiн  ғана  эмпирикалық  материалмен  сəйкестендiрiледi. 
"Идеалды типтер  өткiр жəне бiржақты құрастырылған  сайын,  олар,  демек,  бұл мағынада 
əлемнен  алшақтай  түседi...  соғұрлым  олар  терминологиялық  жəне  классификациялық
тұрғыда  да,  эвристикалық  тұрғыда  да  өз  мақсатын   жақсы  орындайды", - деп  жазады 
М.Вебер.  Сонымен  қатар  идеалды  тип  нақтылықтың  өзiнде  типологиялықты  бекiту 
приципiнде құрастырылады. Бұл белгiлi бiр тұтастық ретiндегi нақтылықтың өзiнде алуан 
түрлiлiк бейберекетсiз емес, əлi бекiтiлмеген, болжамданған өзiнiң ұйымы бар. Сондықтан 
"идеалды  тип" – бұл  мақсат  емес,  таным  құралы,  М.Вебердiң  əлеуметтануында  əртүрлi 
идеалдық  типтердi,  яғни  үстемдiктiң  (билiк  формасы,  басқару),  əлеуметтiк  əрекеттiң, 
дiннiң  типологиясын табуға болады.
 
Мəдениеттаным  үшiн  оның  дiн  немесе  дiни  өмiр  типологиясы  қызығушылық 
тудырады.  Бұл  мəселеге  оның  "Протестант  этикасы  жəне  капитализм  рухы", "Дiн 
социологиясы"  еңбектерi  арналған.  Ғалым  өзiнiң  жұмыстарын  дамыған  қоғамдарға  тəн 
дiндарлықтың  формаларын  зерттеуге  арнайды,  негiзгi  назарды  əлемдiк  дiндерге 
аударады: буддизм, иудаизм, зороастризм, христиан, ислам, яғни өзiндiк санасы жетiлген  
тұлғаның,  интеллектуалдық  дамудың,  əлеуметтiлiктiң  жоғары  деңгейi  байқалатын 
қоғамдардың  дiндерi.  Дiни  өмiрдiң  əртүрлi  формаларының  материалдары  негiзiнде 
М.Вебер  қандай  əлеуметтiк  жағдайларда,  əлеуметтiк  топтар  мен  кəсiби  топтарда  дiннiң 
ғұрыптық-табынушылық, аскеттiк-əрекеттiк, мистикалық-пайымдық жəне интеллектуалды-
догматтық  сəттерi  басым  болатынын  бақылайды.  Магиялық  элементтер  егiншi 
халықтардың  (əсiресе  шаруаларда)  дiнiнде  көп  ұшырасады,  тағдырға,  жазмышқа  сену 
жауынгер  халықтардың  (əскерилердiң)  дiнiне  тəн;  қала  халқының  (қолөнершiлер  еңбек 
процесiн рационалды ұйымдастыруға бағынышты) рационалды сипатта болады. 
 
Əлемдiк  дiндер  тек  бiр  халықтың  немесе  топтың  iшiнде  ғана  таралмайтындықтан 
жоғарыда  көрсетiлген  сəттердiң  əртүрлi  қосындылары  кездесiп  отырады.  Вебер  қытай 
мəдениетiнде  орасан  зор  рөл  атқарған  конфуцийшiлдiктi  талдай  отырып,  дiндарлықтың 
индивидуалды  типiн  былайша  сипаттайды.  Конфуцийшiлдiк  өте  нақтылы,  буддизмге 
немесе христиандыққа тəн о дүниеге деген қызығушылық оған мүлде жат. Конфуцийшiлдiк 
этиканың маңызды игiлiктерi - ұзақ өмiр, денсаулық, байлық, яғни бұл дүниедегi берекелi 
өмiр. "Ресми конфуцийшiлдiкте батыстық мағынадағы индивидуалды жалбарыну жоқ. Ол 
тек ғұрыптық формаларды ғана бiледi." Құдайтаңдаушылық, аяугершiлiк идеялары қытай 
рухына  жат. "Буддизм  сияқты  конфуцийшiлдiк  те  этикалық  iлм  болды.  Алайда  өзiнiң  iшкi 
əлемдiк 
этикасына 
сай 
ол 
буддизмге 
қарама-қарсы. 
Буддизмге 
қарағанда 
конфуцийшiлдiктiң  онан  да  үлкен  айырмашылығы  сыртқы  əлемге,  оның  тəртiптерi  мен 
шарттарына бейiмделуiнен көрiнедi". Конфуцийшiлдiктiң ақыл-ойы, - деп жазады М.Вебер, 
-  тəртiптiң  рационализмi  болды.  Қатар,  тəртiп  жəне  үйлесiмдiлiк  сияқты  конфуциандық 
этиканың  негiзгi  принциптерi  мемлекеттiк  жағдайға  да,  адамзат  жанының  жағдайына  да 
бiрдей  қолданылады.  Конфуциандық  этиканың  ерекшелiгi  оның  рационализмiне 
қарамастан  зұлым  күштерге  үстемдiк  ететiн  магияға  қарсы  келедi.  Вебер 
конфуцийшiлдiктегi екi бастауды көрсетедi: этикалық-рационалдық жəне иррационалдық-
магиялық.  Рационализмнiң  бұл  типiнiң  батыстық  типтен  айырмашылығы  оның  магиямен
жəне  дəстүршiлдiкпен  бiрiгуiнде  болды  жəне   сондықтан,  мұнда  шаруашылық  жүргiзудiң, 
басқарудың  батыстық  формалары,  табиғат  пен  адамға  деген  абстрактiлi-формальды 
қатынас қалыптаса алмайды. 
 

М.Вебер  дiндердi  олардың  əлемге  деген  əртүрлi  қатынастарының  негiзiнде  де 
жiктейдi.  Егер  конфуцийшiлдiк  əлемнiң  өмiр  сүруiн  мойындаса,  ал  буддизм  оны  терiске 
шығарады. Кейбiр дiндер əлемдi оның жетiлдiру мен түзетулерi жағдайында қабылдайды. 
Олардың қатарына зороастризм, христиандық жəне ислам жатады. Əлемнiң қабылдануы 
жəне  қай  мөлшерде  қабылдануына  қарай  дiни  этиканың  саясатқа  қатынасы  бағынышты. 
Əлемдi  терiске  шығаратын  дiндердiң  əдетте  саяси  белсендiлiгi  төмен.  Əлем  толық 
қабылданатын жерлерде дiни көзқарастар саясат саласымен толық келiсiмге келедi.
 
М.Вебердiң  классификациясы  мен  салыстыру  методы  типология  жасауға,  яғни 
əлеуметтiк-мəдени  тұтастықтарды,  мəдениеттiң  "идеалды  типтерiн"  құруға  толық 
мүмкiндiк  бередi.  Бұл  жерде  зерттеушiнiң  танымдық  дəрежесiне  орай  эмпирикалық
əлемнiң  барлық  алуан  түрлiлiгiнiң  типологиялық  ерекшелiктерiн  анықтауға  қажеттi 
параметрлерiн, кiлтiн табу маңызды. М.Вебер мұндай параметрлердiң қатарына дəуiрдiң 
мүддесiн,  мəдениеттiң  құндылықтарын,  формальды  рационалдандыруды  жəне  т.б. 
жатқызады.
 
П.Сорокиннiң  əлеуметтанымдық  концепциясы.  Питирим  Сорокин (1889-1968) 
орыс жəне американ əлеуметтанымдық мектептерiнiң негiзiн қалаушы. Ол əлемнiң барлық 
тiлдерiне 
дерлiк 
аударылған 
елуге 
жуық 
кiтаптардың 
авторы. 
Ол 
өзiнiң 
макросоциологиясының  шеңберiнде  өркениеттердiң  рационалды  теориясының  негiзiн 
қалады. Жəне бұл концепция, ең алдымен мəдениет типологиясы (өркениет) тұрғысынан 
қызық.  Бұл  концепция  оның  "Əлеуметтiк  жəне  мəдени  динамика", "Бiздiң  дəуiрдiң 
дағдарысы"  деген  еңбектерiнде  айқын  сипатталып,  онда  батыстық  мəдениеттiң 
дағдарыстық дхуалын суреттейдi.
 
Оның  пiкiрiнше  "қазiргi  дағдарыс  экстраординарлық  сипатқа  ие.  Бұл  тек 
экономикалық  немесе  саяси  олқылықтар  емес,  дағдарыс  бүкiл  батыстық  мəдениет  пен 
қоғамды,  оның  барлық  басты  институттарын  бiр  мезгiлде  қамтып  отыр.  Бұл  өнер  мен 
ғылымның,  философия  мен  дiннiң,   құқық  пен  моральдың,  өмiр  тəртiбi  мен  əдеттердiң 
дағдарысы.  Бұл – неке  мен  отбасы  формаларына  дейiнгi  əлеуметтiк,  саяси  жəне 
экономикалық  ұйымдардың  формаларының  дағдарысы...  бұл -  батыстық  қоғамға  тəн
ойлау  т!əртiбi  мен  жүрiс-тұрыс  қалпының,  бүкiл  өмiрдiң  дағдарысы.  Егер  дəлiрек  айтсақ 
бұл  дағдарыс  соңғы  төрт  жүз  жылғы  батыстық  мəдениет  пен  қоғамның  негiзiн  құрайтын 
формалардың  күйреуiмен  сипатталады".  М.Вебермен  келiсе  отырып  ол  "мəдениет  бiр-
бiрiмен ешқандай байланыссыз, қатар өмiр сүретiн алуан түрлi құбылыстардың жиынтығы 
ғана  емес,  бүкiл  құрамдас  бөлiктерiнiң  өн  бойы  жалғыз  негiз  құраушы  принциппен 
қамтылған жəне жалғыз əрi басты құндылықты бiлдiретiн тұтастық немесе индивидуалдық 
болып  табылады.  Дəл  осы  құндылық  барлық  мəдениеттiң  негiзi  жəне  iрге  тасы  қызметiн 
атқарады", - деп  есептейдi.  Сондықтан  құрамдас  құндылықтың  бiреуi  өзгерген  жағдайда, 
қалған  өзгелерi  де  осындай  өзгерiстерге  ұшырайды.  Мəдени  типтердiң  құндылықтары 
қатарына  ғалым  мыналарды  жатқызады:  өнер  мен  ғылымның,  философия  мен  дiннiң, 
этика мен құқықтың басым қасиеттерi, əлеуметтiк, экономикалық жəне саяси ұйымдардың, 
əдет-ғұрыптардың өмiр тəртiбi мен ойлаудың (менталитеттiң) негiзгi формалары.
 
П.Сорокин  мəдениеттiң  үш  типiн  бөлiп  көрсетедi:  идеационалды,  идеалистiк  жəне 
сезiмдiк.  Жалғыз  нақтылық  пен  құндылық  ретiнде  Құдайдың  сезiмнен  тыс  жəне  ақылдан 
тыс  екендiгi  туралы  принципке  негiзделген  мəдениеттiң  унификациялық  жүйесiн  ол 
идеационалдық  деп  атайды.  Бұл  типке  брахмандық   Үндiнiң,  буддистiк,  лаоистiк 
мəдениеттердi, б.з.д. VIII-VI ғасырлардағы грек мəдениетiн жəне Батыстың ортағасырлық 
мəдениетiн  жатқызады.  П.Сорокиннiң  пiкiрiнше, "ортағасырлық  Батыс  мəдениетi  əртүрлi 
мəдени нақтылықтардың, құбылыстардың жəне құндылықтардың жиынтығы емес, барлық 
бөлiктерi  объективтi   нақтылық  пен  маңыздылықтың  тек  бiр  ғана  жоғары  принципiн 
бiлдiрген  жалғыз  тұтастық  болды:  Құдайдың  мəңгiлiгi,  шексiздiгi,  ақылдан,  сезiмнен  тыс 
екендiгi, əлем жəне адамды жаратқан құдiреттiлiгi, əдiлдiгi, əдемiлiгi" 
 
Идеалистiк  мəдениеттiң  негiзгi  принципi  объективтi  нақтылық  жəне  оның  мəнiн 
сезiмталдықпен  байланыстыру  арқылы  сипатталады. "Бiздiң  тек  көретiнiмiз,  еститiнiмiз, 
иiсiн  сезетiнiмiз,  сезiм  органдары  арқылы  қабылдайтынымыз  ғана  нақтылыққа  жəне
мəндiлiкке ие болады". Осы сезiмдiк нақтылықтан тыс ештеңе де жоқ, бiз сезiне алмайтын 
нəрсенiң  болуы  мүмкiн,  бiрақ  ол  нақты  еместiң,  өмiр  сүрмейтiннiң  эквивалентi. 

Мəдениеттiң  күйреп  бара  жатқан  идеационалдық  жəне  туындап  келе  жатқан  
идеалистiк  типтерiнiң  принциптерiнiң  қосылуы,  П.Сорокиннiң  пiкiрiнше,  Батыста XIII-XIV 
ғасырларда  жүзеге  асты  жəне  мынадай  жаңа  принциптi  қалыптастырды:  объективтi 
нақтылық  жартылай  сезiмнен  тыс  жəне  жартылай  сезiмтал.  Мұндай  идеалистiк  мəдени 
жүйе б.з.д.  V ғасырда Грецияда өмiр сүрдi. Бұл мəдениет жартылай сезiммен, жартылай 
ақылмен  қабылданатын  шексiздiктi  нағыз  шынайы  нақтылық  жəне  құндылық  ретiнде 
бекiтiп,  идеализмнiң  негiзгi  тұжырымдарын  орнықтырды.  Бұл  мəдениет  идеационалды 
жəне  сезiмдiк  типтердiң  арасында  орналасады,  өйткенi,  оның  құндылықтары  аспанға  да, 
жерге де бiрдей тиесiлi. Алайда бiрте-бiрте идеационалды мəдениет күйзелiске ұшырап, 
ал  идеалистiк  тип  өзiнiң  қарқынын  күшейттi.  Осылайша XVI ғасырдан  бастап  жаңа 
принцип (əлемнiң сезiмдiлiгi) үстемдiк ете бастады, сонымен бiрге, оған негiзделген жаңа 
мəдениет,  яғни  объективтi  нақтылық  пен  оның  мəнi  сенсорлы  (сезiмдi)  деген  принципке 
негiзделген  жаңа  сезiмдiк  мəдениет  қалыптасты.  Соңғы  төрт  жүз  жыл  бойы  мəдениеттiң 
осы типi басым болды, алайда онда идеационалды мəдениеттiң де элементтерi кездестi. 
Кез-келген  мəдениет  тек  бiр  ғана  принципке  негiзделген  абсолюттi  таза  күйiнде   өмiр 
сүрмейдi,  онда  бiр  жетекшi  принцип  қана  басым  болуы   мүмкiн.  Батыстық  мəдениеттiң 
сезiмдiк  типi  ХХ  ғасырда  күйрей  бастады,  ол  өзiнiң  жаратушы  потенциалын  тауысты. 
Оның  орнына  ендi  мəдени  принциптердiң  кезектi  интеграциясы  келедi.  Жəне  жаңа 
интегралды    мəдениет      жаңа      шығармашылық        дəуiрге      түседi.  П.Сорокиннiң 
пайымдауынша  бұл  барлық  типтердi (идеационалды,  идеалистiк,  сезiмдiк),  мысыр, 
вавилон, грек-рим, үндi, қытай жəне т.б. мəдениеттерiнiң тарихынан кездестiруге болады
Р.Гвардинидiң мəдениет теориясы: əлем картинасы мен болмысты

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет