Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет126/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   274
элемент; 5 – біріктіру тігісі; 6 – қабырға 2


278
Тасымалдау кезіндегі платформаның шөгуі 80 м құрайды.
Барлық гравитациялық құрылыстардың іргетасындағы топырақпен байла-
нысы маңызды жері болып табылады.
Ережеге сай, кәдімгі айлақтық гидротехникалық құрылыстарға қарағанда, 
континенталды қайраңдық құрылыстар ешқандай дайындықсыз тікелей теңіз 
түбіне орнықтырылады.
Осыған орай, құрылыстың тірек базасының төменгі жағында орналасқан 
арнайы қабырға тәрізді құрылғы орналасқан.
Қабырғалардың құрылысы құрылыстан жүктемені неғұрлым терең және 
тығыз қабаттарға беруге мүмкіндік береді, тірек база мен грунт арасындағы 
байланысты жақсартады (құрылыстың түбінде пайда болатын тұйық кеңістік 
цементпен бітелетіндіктен) және шайылудан сақтандырады.
Қабырға болаттан немесе темірбетоннан жасалуы мүмкін, көбіне олардың 
араласқан түрі қолданылады.
Солтүстік теңіздегі кен орындарында темірбетонды гравитациялық 
құрылыстар қолданылады, бұл жердегі іргетастың түбіндегі топырақ ұсақ 
құмаралас саздан және құмды сызықтары бар саздан тұрады.
Бұл конструкциялар бастапқысында құрылыс табанының топырақпен 
жақсы байланысын жасау үшін құрастырылған.
Платформалардың түбі жазық немесе кері ойыс түрінде жасалуы мүмкін. 
Қабырғаның тіректік бөлігінің табанының шығыңқы жері, негізінен қабырғаның 
жалғасы және тіректік базаның жабушысы болады. Солтүстүстік теңізде 
қолданылатын бірқатар темірбетонды платформалардың тіректік базасының 
түптік бөлігінің схемасы 
11.6-суретте
көрсетілген. Қабырғаның орналасуы 
тірек базаның периметрі бойынша жасалады, ішкі қабырғаның жалпақтығы дәл 
сондай, бірақ биіктігі аздау болады.
Металл қабырғалардың қалыңдығы 20-30 мм, темірбетондынікі 300-1200 
мм.
Құрылысты орналастыру кезінде бағдарлауды жақсарту үшін, көкжиек 
бойынша орынауыстырудың тым көп болмауы үшін және платформаны 
орналастырудың бастапқы кезіндегі қабырғаның бұзылуын болдырмау үшін, 
тірек базаның төменгі жазықтығында бірнеше цилиндр тәрізді диаметрі 1-ден 
3 м темір құбырларды орналастырады, олардың түбі қабырғаның түбінен 
бірнеше метр шығыңқырап тұрады. 
11.7-суретте
Кондип платформасының 
тіректік базасының бөлшектері көрсетілген. Құрылысты су түбіне орналасты-
ру кезінде, бірінші болып топыраққа цилиндрлік элемент түседі (5), төменгі 
жерінде шыққан пышақтар (3, 4). Бұндай элемнттер құрылыста үшеу. Осыдан 
кейін топырақпен байланысқа темір қабырғалар түседі (3), олар база периметрі 
бойынша орналасқан, пышақтардың биіктігі 3,5 м. Тек осыдан кейін ғана 
құрылыс темірбетонды қабырға (2) мен түбінің ұяшығының күмбезіне (4) 
тіреледі. Құрылыстың дұрыс орнықтырылуын арнайы балланстаушы жүйемен 
қадағаланады, платформаны орналастырғаннан кейін топырақ пен тірек базаның 


279
арасындағы саңылаулар цемент ерітіндісімен толтырылады. Топырақтың сумен 
шайылу көрінісін болдырмау үшін қабырғаларды түсіру кезінде батырылады, 
олардың қабырғаларында тесіктер орналасқан. Қабырғалардың ұзындығы тұтас 
құрылыстың тұрақтылығына әсер етеді.
11.6-сурет. Гравитациялық темірбетонды платформалардың 
тірек базасының табанының конструктивтік схемасы: 
1 – Дорис платформасы және Экофикс мұнай сақтаушысы; 2 – Берил А, Брент 
В және Брент Д платформалары; 3 – Дорис, Фригг СДР1 және Фригг 5М 
платформалары; 4 – Си Тэнк және Фригг ТР1 платформалары; 5 – Кондип 
және Стадфиорд А платформалары; 6 – Андок және Данлин А платформалары; 
7 – Кондип және Фригг ТСР2 платформалары; 8 – Дорис және Пиниан 
платформалары; 9 – Си Тэнк, Брент С және Корморант А платформалары
Қабырғаның ұзындығын анықтағаннан кейін майысуға беріктігін есептейді 
және сыртқы бойлық күштердің біраз бөлігі ғана үйкеліске кететіндіктен пайда 
болатын көлденең күштерді есептеу керек. Сонымен қатар қабырғалар оларды 
топыраққа енгізген кезде пайда болатын күштерге де тексеру керек.
Қабырғаның болуы тірек базаны котлованда жасауда қиындықтар келтіреді, 
құрылысты айлақтан шығарған кезде және тасымалдау барысында оның шөгуін 
жоғарлатады. Шөгуді азайту үшін база түбі мен қабырға арасындағы бос 
кеңістікке ауа толтырылады.
Құрылыстың тағы бір маңызды бөлігі ол оның жоғарғы құрылысы. Онда 
бұрғылау қондырғылары, мұнай мен газды тазарту блоктары, тіршілікті 
қамтамасыз ету жүйелері, компрессорлық қондырғылар, айдау ұңғыларына 
су мен газды айдау қондырғылары, тұрғылықты блоктар, құтқару аспаптары, 
тікұшақ алаңы орналасады.


280


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет