26. Жай ұзын құбырларды есептеу Расчет коротких трубопроводов. 1. Құбырлардың түрлері. Техниканың дамуына байланысты әртүрлі материалдардан жасалған (металл, бетон т.б) құбырларды түрлі сұйықтарды (су, мұнай, газ, мұнай өнімдері) тасымалдауға қолданады.
Оларда шығындалған жалпы арын шығыны ондағы үйкеліс күшіне және жергілікті кедергілерге жұмсалады. Осы екеуінің мәніне байланысты қысқа және ұзын құбырлар деп екіге бөледі.
1) Қысқа құбырғажергілікті кедергілері көп, ал ұзындығы 50 метрден аспайтын құ-бырларды жатқызады. Яғни жергілікті кедергілер шығыны жалпы шығынның 10% - пайы-зынан көп болады. Оларға сораптардың сору құбыры,сифондар, ағызу тұрбалары жатады.
2) Ұзын құбырлырға ұзындығы (ℓ>100м), ал жергілікті кедергілері өте аз құбырларды жатқызады. Оларға сұйықты алыс жерлерге тасымалдауға арналған магистральды құбырлар жатады.
Гидравликалық есептеу әдісіне және геометриялық формасына байланысты жәй және күрделі құбырлар болады.
Жәй құбырлар деп әртүрлі диаметрлі тұрбалардан жалғанған, бірақ бәрі де бір бағытқа тартылған құбырларды жатұызады. Бұндай құбырдағы сұйықтың ағыс көлемі өзгермей, тұ-рақты сақталуы керек. Егер құбырдың ұзындығында сұйықтың ағыс көлемі өзгеріп тұса, яғни жолшыбай оған белгілі бір мөлшерде сұйықтық қосылса, немесе одан шығындалса, оларды күрделі құбырлар деп атайды.
2. Құбырдағы арын шығынын есептеуге арналған гидравликалық көрсеткіштер. Құбырдағы арын шығынын Дарси–Вейсбах (56) теңдеуімен есептейді. Гидравликалық үйкеліс коэффициенті ламинарлық режимде (69) теңдеумен, ал арын шығыны Пуазель теңдеуімен есептеледі.
Құбырларды есептеу кезінде бұдан да басқа гидравликалық параметрлер қолданылады. Олар ағыс көлемінің мінездемесі:
және құбырдың өткізгіштігі:
Аl, Кl- дің мәндері әдебиеттердің қосымша кестелерінде беріледі.