Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіз қайраңында игеру технологиясы



Pdf көрінісі
бет138/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   274
12.5. Теңіз қайраңында игеру технологиясы
Теңіз кен орындарын игеру құрлықтағы кен орындарын игеруге қарағанда 
жақсы стратегияны талап етеді. Мұнда басты айырмашылық ұңғыма саны мен 
түріне байланысты ажыратылады. 
12.6-сурет. Теңiзде кен орынды игерудің технологиялық сұлбасы
Құрлықта қарапайым торлы үлгiнi қолдануға болады, осы уақытта 
ұңғыманың теңiздегi шарттарында бiрнеше бекiтiлген (платформа, суасты тiрек 
тақталары) орындармен тесуге дәл келедi. Осыған байланысты тесу отындарын 
анықтау құрлыққа қарағанда, теңізде маңыздырақ. Бірақ мұнай серіктестіктері 
әрбiр ұңғыдан максимал қамтуын алу үшiн бағытталған бұрғылау технология-
сын ойлап тапты. Мысалы, Статойл теңіз түбінен 3500 м тереңдікте орналасқан, 
Статфьордтың платформасынан 5 км айнала түпкiрлей тарқайтын, соңғы 
уақытта 7 километрлiк ұңғыманы оятты. Бұдан басқа жұқа платформаларда тік 
ұңғыларды қолдану маңызға ие болып келеді. Тролль мұнай қабат аймағы суас-
ты тiрек тақталарымен бұрғыланған, көлденең ұңғымалар көмегiмен игеріледі. 
Теңіздегі өндірулерде платформаларда ұңғылар, өңдіру жабдықтары
қосалқы жүйелер және жұмысшылардың жатын орындары орналастырылу ке-
рек. Көп жағдайларда, суасты ұңғылары балама немесе платформалы ұңғыларға 


304
қосымша ретінде қолданылады. Көп фазалы ағынның бар болуын есепке алуы 
керек, тіпті, қайта өңдейтiн (платформа немесе терминал) орталық өте алыс 
жерде орналастырылған болса да. 
Жоғарғы құрылыстардың салмағының артуы, платформаның тiрек 
блоктарының құнын да арттырады. Сондықтан орналасқан жабдықтың көлемiн 
кiшiрейту маңызды. Бұл жобалау барлық фазаларда маңызды болады. Соны-
мен бiрге платформада қайта өңдейтiн жабдықтар санының кез келген үлкеюi 
қызметшiлердің, аспаптардың санын және жабдықтың жөндеуiне кететін 
шығындарды арттыруға алып келедi. 
Кен орынды өңдеудің техникалық сызбаларының типтi сценарийлері:
• сағалы платформаны, тұрғын платформаны, өңделетiн платформалар-
ды;
• интеграцияланған қолдану кезiндегi платформаларды; 
• қалқыма қолдану кезiндегi жүйелерді;
• суасты қолдану кезiндегi жүйелердi қосады. 
Бұдан басқа тасымалдайтын жүйе, соның ішінде: 
• газконденсат экспорттық құбырлары;
• экспорттық мұнай құбырлары; 
• мұнайды сақтау жүйесі, оның теңіздегі жүк тиеумен тіркестігі қаралуы 
тиiстi.
12.7-сурет. (OLF-1990) типтi теңiз платформасының тілігі
Халықаралық тәжiрибеде шамамен 80 м-ге дейiн, таяз сулар аудандардағы 
ұңғылардың бұрғылауында өзi көтерiлетiн жабдықтар қолданылады. Замана-
уи және үлкен көлемдегі өздігінен көтерілетін бұрғылау платформалары пай-
да болуына байланысты олардың қолдануын үлкен тереңдікте және қолайсыз 
климаттық жағдайларда да пайдалануға болады.


305


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет