Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет141/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   274
12.9-сурет. Қабат қысымының (р) және газ факторының (ГФ) 
әртүрлі фильтрациялық режим кезіндегі динамикасы


310
Ереже бойынша, табиғи көмірсутекті кен орындарды игеру бір уақытта 
бірнеше фильтрациялық режиммен орындалады. Осыған сай игеру үдерісін 
дұрыс сипаттау үшін және игерудің соңғы көрсеткіштерін бағалау мақсатында 
бір немесе бірнеше негізгі филтрациялық режимдерді бөліп көрсету маңызды 
болып табылады. 
12.9-суретте
қабат қысымының (
р
) және газ факторының 
(ГФ) әртүрлі фильтрациялық режим кезінде қалай өзгеретіні көрсетілген.
Игерудің жоғары көрсеткіштеріне жету мақсатында (жоғары экономикалық 
эффективтігі, жоғары мұнайбергіштік, игеру мерзімінің қысқа болуы, т.б) 
мұнайды игерудің екіншілік және үшіншілік әдістері қолданылады немесе олар-
ды басқаша атасақ 
мұнайбергіштікті арттыру әдістері (МАӘ).
МАӘ қабатқа 
жұмыстық агенттерді айдауға негізделген. Жұмыстық агенттер ретінде әртүрлі 
активті заттар, мысалы, суды қоюландырғыш (полимер), 
беттік-активті зат-
тар (БАЗ)
қосылған су, сонымен қатар ауа, көмірсутекті еріткіштер, қабаттық 
газ және басқа агенттер пайдаланылады. Екіншілік және үшіншілік әдістердің 
айырмашылығы олардың қолданылу уақыттарында: екіншілік әдісті игеру 
басталғаннан немесе аз ғана уақыт өткеннен кейін қолданса, үшіншілік әдісті 
мұнайдың айтарлықтай қоры алынып болғаннан кейін қолдану басталады.
Екіншілік және үшіншілік игеру әдістері келесі мақсаттарға жетуді көздейді:
• 
қабат қысымын ұстау. Қабатқа суды немесе газды жеткілікті мөлшерде 
айдағанда қабат қысымын жоғары көрсеткіште өндіруге қажет деңгейде 
ұстап тұруға болады (мысалы, қанығу қысымынан бірнеше есе жоғары 
деңгейде);
• 
мұнайды ығыстырудың жоғары деңгейі. Қабатқа берілетін кейбір 
жұмысшы агенттер (еріткіштер, БАЗ және т.б.) қалдық мұнай 
қанығушылықтың төмендеуіне алып келеді, соның нәтижесінде 
мұнайды ығыстыру деңгейінің жоғарылауына негіз болады;
• 
мұнайды ығыстыру үдерісімен қабаттың қамтылу деңгейін арттыру. 
Полимерлі ерітінді айдау, үзілісті су және газ айдау, көбік айдау, қабатқа 
жылу беру немесе қабат ішін жылумен генерациялау (қабат ішілік 
жану) сияқты технологиялардың қолданылу мақсаты қабатта фильтра-
цияланатын мұнай және су немесе мұнай және газдың қозғалыстық 
қатынастарын жақсарту, соның нәтижесінде қабаттың ығысу үдерісімен 
қамтылуын жақсарту.
Әдетте, өндіруде қолданылатын әдістер қабаттағы алғашқы мұнай қорының 
45%-дан артығын өндіре алмайды. Осының нәтижесінде мұнайдың үлкен қоры 
игерілмей қалады. Игерілмей қалған мұнай мөлшері кен орынның геологиялық 
құрылысының күрделілігіне, оның орналасуына, оны өңдеу стратегиясына, 
қолданылған өндіру әдістеріне байланысты болады.
Өндіру әдістері мен технологияларының әртүрлі классификациялары және 
көптеген анықтамалары бар.


311
Мұнай бергіштікті арттыру әдістерінің өзіне тән сипаттамаларына қабатқа 
агенттерді айдау, тәжірибелік-өндірістік жұмыстарды жүргізу қажеттілігі жата-
ды.
Мұнай бергіштікті арттыру әдістеріне (МБАӘ)
:
• 
үзілісті немесе кезекті су және газ айдау;
• 
физикалық-химиялық МБАӘ (полимер, БАЗ, көбік, гельдер айдау);
• 
көмірсутекті газдардан айырылған газдарда айдау (көмірқышқыл газы, 
азот, түтінді газдар, т.б.);
• 
мұнайбергіштікті арттырудың микробиологиялық әдістері;
• 
мұнай бергіштікті артырудың термиялық әдістері сияқты мұнайды иге-
ру технолгиялары кіреді.
Соңғы екі он жылдықта МБАӘ терминіне қосымша жетілдірілген мұнай 
бергіштік әдісі қолданыла бастады. Бұл барлық эффективті мұнайды игеру 
әдістері мен технологияларын біріктіреді. Норвегиялық мұнай директорының 
анықтамасына сай: жетілдірілген мұнай бергіштік әдісі термині құрамына 
әдеттегі мұнай игеру технологияларына қарағанда, мұнайды айтарлықтай көп 
мөлшерде алу қабілеті болатын барлық әдістер кіреді.
Мысалы, жоғары мұнайбергіштікке қол жеткізу дәстүрлі өндіру технология-
ларын, шоғырды өндіруді сапалы бақылау мен басқаруды және шығындарды 
азайтумен қатар жетілдірілген мұнай бергіштікті арттыру әдістерін қолдану 
арқылы мүмкін болады.
Әдетте, қолданылатын жетілдірілген мұнай бергіштікті арттыру әдістеріне:
• 
су немесе газ айдау;
• 
шоғырды қосымша бұрғылау;
• 
жұқа қабатшалардан немесе өндірілмеген қалдық мұнайы бар қабат 
«қалталарын» игеру мақсатында көлденең ұңғымаларды бұрғылау;
• 
қабаттың қашық жатқан бөліміндегі мұнайды игеру үшін аса терең 
ұңғымаларды бұрғылау (бұл технология әдетте қайраңды кен орын-
дарды өндіруде немесе жаңа бұрғылау алаңын салу уақыт және қаржы 
жағынан тиімсіз болғанда қолданылады);
• 
мұнайды, суды және газды жинау мен дайындау жүйесін жетілдіру;
• 
өндіру ұңғымаларындағы сағалық қысымды азайту;
• 
ұңғыманы аяқтаудың ең жақсы стратегиясын пайдалану сияқты техно-
логиялар кіреді.
МБАӘ анықтамасына сай, мұнайбергіштікті арттыру әдістерін қолданудың 
объектісіне:
• 
бірінші және екінші ретті әдістерді қолданғаннан кейін қабатта қалып 
қойған мұнай қорлары;
• 
игерілуі қиын мұнай қорлары (ауыр және тұтқыр мұнай, өткізгіштігі 
төмен қабаттар, геологиялық құрылысы күрделі шоғырлар және т.б.) 
жатады.


312
Екі жағдайда да МБАӘ қолданылуының объектісі экономикалық тиімді 
игерілуі мүмкін мұнай қорлары болады. Бұл МБАӘ көмегімен өндірілетін 
мұнай көлемінің белгілі бір шарттарға тәуелді болатынын білдіреді. Бұл шарт-
тар экономикалық, саяси жағдай, технология деңгейі, т.б. және өндірілетін 
мұнайдың мөлшері алғашқы геологиялық мұнай шоғырындай өзгеріссіз бол-
майды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет