Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіз қайраңында мұнай және газ кен орындарын меңгеру



Pdf көрінісі
бет3/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274
1.2 Теңіз қайраңында мұнай және газ кен орындарын меңгеру 
ерекшеліктері
Теңіз қайраңында мұнай және газ кен орындарын меңгеру, құрлықтағы бар-
лау мен игеру жұмыстарынан түбегейлі ерекшелінеді. Теңіз қайраңында бұл 
жұмыстарды жүргізудің күрделілігі спецификалық ерекшеліктеріне, қоршаған 
ортаға, инженерлік-геологиялық зерттеулерге, техникалық мүмкіндіктердің 
жоғары құндылығына, дәрігерлік-биологиялық проблемаларына, жұмысты су 
астында жүргізу қажеттілігіне, теңізде объектілерді пайдалануға, құрылысты 
ұйымдастыруға және бүгінгі күнгі күрделі техника мен жаңа технологияны 
тиімді қолдануға байланысты.
Теңізде қоршаған ортаны зерттеу – теңізде жұмыстарды жүргізу жағдайын, 
техникалық мүмкіндіктерін, мұнай кәсіпшілік объектілерді пайдалану және құру 
мүмкіндігін анықтайтын гидрометеорологиялық факторларға байланысты си-
патталады, олардың негізгілері: ауаның температуралық жағдайлары, жел, теңіз 
толқыны, су ағысы, су деңгейі, теңіздің мұз жабыны, судың химиялық құрамы 
және т.б. болып табылады. Осы факторларды есепке алу олардың теңізде мұнай-
газ өндірісінің және іздеу-барлау жұмыстарының техникалық-экономикалық 
көрсеткіштеріне әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Теңізде мұнай кәсіпшілік 
құрылымдары құрылысын теңіз түбінде орнату инженерлік-геологиялық 
зерттеулерді мұқият жүргізуді талап етеді. Мұнай кәсіпшілік құрылымдарының 
іргетастарын жобалауда сол жердегі грунтты инженерлік-геологиялық зерттеу 
сапасына және толықтығына көңіл аударылады. Мәліметтердің нақтылығы 
мен толықтығы құрылымды пайдалану қауіпсіздігін және жобаның үнемділігін 
анықтау үшін аса қажет. Теңіз тереңдігі артуымен кен орынды игеру құны да 
өсе түседі. Нақтырақ айтсақ, теңіз кен орнының 30 м тереңдікте игеру құны 
құрлықтағыға қарағанда 3 есе жоғары, 60 м тереңдікте – 6 есе, ал 800 м тереңдікте 
– 12 есе көп болады.
Соңғы жылдары үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ ұңғымаларды 
суасты пайдалану жабдықтарының толық кешенін тәжірибелік-өндірістік 


11
пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Мұзды жағдайларындағы теңіз кен орын-
дарын суасты пайдалануына аса үлкен мән беріліп зор көңіл аударылуда. Бұл 
техникалық мүмкіндіктерге мұздың әсерін болдырмауымен, навигациялық 
қауіп пен қатер, өрт қаупін болдырмауды және кен орынды меңгеру үнемділігін 
қамтамасыз етілуді талап етеді. Терең суларда жұмыс жүргізуге кедергілерге – 
ұңғыманы бұрғылауға мүмкіндік беретін су тереңдіктерімен берілген кезеңде 
экономикалық тұрғыдан мұнай-газ өндіру нысаналы болып табылатын су 
тереңдіктері арасының алшақтығының ұлғаюы жатады.
Әсіресе мұз аралық кезеңде суастында құбыр желілерін төсеу, зерттеу және 
жөндеу жұмыстары ең басты проблема болып табылады. Теңізде механикалық 
мүмкіндіктерді және негізінен суасты игеру тәсілі үшін техниканы пайдалану 
гидротехникалық құралдарымен жүзбелі қондырғылардың суасты бөліктерін 
жөндеу және тексеруде қауіпсіз суасты техникалық жұмыстарды жүргізуді 
қамтамасыз етуді талап етеді. Техникалық сұрақтарды шешумен қатар экстри-
малды жағдайда адамның тіршілік етуі мәселелерін, сондай-ақ суастында жұмыс 
жасағанда адамның тіршілік етуін жылумен қорғаудың дәрігерлік-техникалық 
аспектілерінің мәселелерін шешу керек.
Теңізде мұнай-газ кен орындарын іздеу-барлау мен игеру жұмыстары – аса 
тәуекелділікке байланысты болатын операциялар. Олардың техникалық жағы 
аса күрделі және өте қымбат. Осындай кен орнындарды меңгерудің негізгі про-
блемалары онда жұмыстарды жүргізудің техникасы мен технологиясын тиімді 
пайдалануға байланысты.
Теңіз кен орындарын іздеу-барлау және игеру жұмыстары әдетте екі 
кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде мұзаралық кезеңде геологиялық іздеу-
барлау жұмыстары жүргізіледі, екінші кезеңде мұнай-газды тасымалдау және 
дайындауда үзіліссіз өндірістік цикл үдерісі жыл бойы жүргізіледі, оның ішінде 
жұмыс қысқы уақытта да жүргізілетін болғандықтан сенімді техника мен 
технология және технологиялық параметрлер әрбір нақты адамның жұмысының 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ұзақ мерзімді, жоғарғы сенімді талаптарға 
сәйкес конструктивті шешімдерді қажет етеді.
Жоғарыда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет