Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет19/108
Дата23.01.2023
өлшемі8,5 Mb.
#62523
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   108
Сызықтың қалыңдығы.
Әрбір объектіге немесе сызба қабатына сызықтың белгілі бір қалыңдығы 
(AutoCAD жүйесінде оны сызықтың салмағы деп атайды) сәйкес келеді.
Объектіге қажетті сызықтың қалыңдығын тағайындау үшін құлама мәзірдің 
ФОРМАТ (Format) бӛлімінде Вес линии (Lineweight) командасын таңдау керек 
немесе Свойства объектов (Object properties) аспаптар панелін (1.22-сурет) 
қолдану керек. 
Вес линии (Lineweight)
командасын таңдағанда экранда Настройки веса 
линии (Lineweight Settings) диалогтық терезесі шығады (1.23-сурет). Бұл 
диалогтық терезеде сызықтың бір қалыңдығын ағымдық етуге болады. Сонымен 
қатар сызықтың экрандағы кескінінің масштабын ӛзгертуге болады (Масштаб 
экранного отображения (Adjust Display Scale)). 
Сызылып қойған объектінің сызық түрін ӛзгертуді екі түрлі жолмен 
орындауға болады: 
- Объектіні белгілеңіз. Свойства объектов (Object properties) аспаптар 
панеліндегі Вес линии (Lineweight) тізімін ашып, қажетті сызықтың түріне 
тышқанның сол батырмасын шерту керек. 
1.21-сурет 


27 
- егер объектінің сызығының қалыңдығымен бірге басқа да қасиеттерін 
ӛзгерту керек болса, онда объектіні белгілеп, стандарттық панельден 
Свойства (properties) пиктограммасын басыңыз. Одан бӛлек Свойства
(properties) диалогтық терезесін кез келген объектінің контекстік мәзірінен 
шақырып алуға болады. Объектіні белгілеген соң тышқанның оң батырмасын 
басып, контекстік мәзірді шақырасыз. Контекстік мәзірдегі тізімнің ең соңында 
Свойства (properties) пункті болады. Осыдан кейін ашылған диалогтық терезеде 
объектіге сызықтың жүйеде орнатылған кез келген қалыңдығын тағайындай 
аласыз. 
1.22-сурет 
1.23-сурет 


28 
1.24-сурет 
1.9 Қабаттар 
AutoCAD жүйесінде әрбір графикалық объект ӛзіне тән түсі, сызықтың түрі 
және сызықтың салмағы сияқты қасиеттерге ие болады. Сызықтың жуандығын 
бұл жүйеде салмағы деп атау қабылданған. Кӛбіне бұл қасиеттер объекті жасалған 
қабаттан алынады.  
AutoCAD-та 
қабаттарды 
СЛОИ 
(LAYER) сызбаны орындау барысында 
бір-бірінің үстіне қабатталған жұқа 
калька 
қағаздарымен 
салыстыруға 
болады. Мұндай жұқа қағаздар олардағы 
барлық кескіндерді кӛруге мүмкіндік 
береді. Қабаттар әр түрлі түстерді 
қолдануға мүмкіндік береді, бұл сызбаны 
оқуды жеңілдетеді (1.24-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет