27
- егер объектінің сызығының қалыңдығымен бірге басқа да қасиеттерін
ӛзгерту
керек болса, онда объектіні белгілеп, стандарттық панельден
Свойства (properties) пиктограммасын басыңыз. Одан бӛлек
Свойства
(properties) диалогтық терезесін кез келген объектінің контекстік мәзірінен
шақырып алуға болады. Объектіні белгілеген соң тышқанның оң батырмасын
басып, контекстік мәзірді шақырасыз. Контекстік мәзірдегі
тізімнің ең соңында
Свойства (properties) пункті болады. Осыдан кейін ашылған диалогтық терезеде
объектіге сызықтың жүйеде орнатылған кез келген қалыңдығын тағайындай
аласыз.
1.22-сурет
1.23-сурет
28
1.24-сурет
1.9 Қабаттар
AutoCAD жүйесінде әрбір графикалық объект ӛзіне тән түсі, сызықтың түрі
және сызықтың салмағы сияқты қасиеттерге ие болады. Сызықтың жуандығын
бұл жүйеде салмағы деп атау қабылданған. Кӛбіне бұл қасиеттер
объекті жасалған
қабаттан алынады.
AutoCAD-та
қабаттарды
СЛОИ
(LAYER) сызбаны орындау барысында
бір-бірінің үстіне қабатталған жұқа
калька
қағаздарымен
салыстыруға
болады. Мұндай жұқа
қағаздар олардағы
барлық кескіндерді кӛруге мүмкіндік
береді. Қабаттар әр түрлі түстерді
қолдануға мүмкіндік береді, бұл сызбаны
оқуды жеңілдетеді (1.24-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: