Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет131/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   160
Геномдық мутация
– жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне
байланысты организмнің белгілері мен касиеттерінде пайда болатын өзгергіштік.
Геномдық мутация тұтас гаплоидты жиынтықтың немесе хромосомалар санының
көбеюіне немесе азаюына байланысты. Организмдерді хромосомалар саны
гаплоидты жиынтыққа еселеніп көбеюіне карай – полиплоидты, ал еселенбесе –
анеуплоидты немесе гетероплоидты организмдер деп атайды.
Генотип
(гр. typos – із, таңба, үлгі, қалып, ағ. genotype) – организмнің немесе
жасуашаның тұқым қуалаушылық негізін құрайтын гендердің жиынтығы.
Генетикалық инженерия

in vitro
жағдайында функциялық пəрменді
генетикалық құрылымдарды құрастыруды жəне оларды тірі жасушаларға енгізуді
түсінеді. Генетикалық инженерия генетикамен байланысқан, ал ген инжененриясы
тек генге ғана қатысы бар.
Гетерозис (будандық күш)
(гр. heteroiosis – өзгеру, айналу, ағ. heterosis) –
аталық-аналық формалармен салыстырғанда, олардан шыққан бірінші ұрпақ
буданның бірқатар көрсеткіштері мен қасиеттерінің асып түсуі, басымдылығы.
Гетерокарион
(гр. heteros – басқа, karyon – жаңғақ, жаңғақтың дəні, ағ.
heterokarion) – генетикалық айырмашылықтары бар екі жасушаның қосылуынан
түзілген, бірақ онда ядролар бірікпеген будан жасуша.
Гиббереллин
– фитогормон, негізінен флюорендер туындылары (мысалы,
гиббереллин қышқылы).
Гибридома
(ағ. hybridoma) – қалыпты антидене түзуші жасушалар
(лимфоциттер) мен миеломдық жасушалардың бірігуінен алынған, шексіз өсу мен
моноклоналдық антиденелерді синтездеуге қабілетті жасушалық желі (линия).
Гиногамоны
– жұмыртқа жасушасының гамоны
Гиногенез in vitro
(гр. gyne - əйел, genesis – шығу тегі, in vitro, ағ. gynaegenesis
in vitro
) – аналық гаметофитті жасанды қоректік ортада өсіргенде, аналық
хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда болу үдерісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет