Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет27/203
Дата07.01.2022
өлшемі2,14 Mb.
#20623
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   203
педагогикалық жҥйелер – жас ұрпақты және ересектерді тәрбиелеу, 
оқыту,  білім  беру  мақсатында  құрылған  ӛзара  байланысты 
құрылымдық және қызметтік компоненттердің жиынтығы. 
«Педагогикалық  жҥйелер»  ұғымы  осы  Заңның  «Білім  беру 
жүйесі»  деп  аталатын  3-тарауындағы  10-бапқа  сүйене  отырып, 
«Білім  беру  жүйесі    –  Қазақстан  Республикасының  білім  беру 
жҥйесі  ӛзара  іс-қимыл  жасайтын:  1)  білім  беру  деңгейінің 
сабақтастығын  қамтамасыз  ететін  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
білім 
беру 
стандарттарының 
және 
білім 
беретін 
оқу 
бағдарламаларының;  2)  меншік  нысандарына,  үлгілері  мен 
түрлеріне  қарамастан,  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын 
білім беру ұйымдарының; 3) білім беруді  басқару органдары және 
тиісті  инфрақұрылымдар,  оның  ішінде  білім  сапасы  мониторингін 
жүзеге  асыратын  ғылыми  және  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  ету 
ҧйымдарының  жиынтығын  білдіреді»  деген  анықтамалары 
негізінде қарастырылады. 
Педагогикалық жҥйелердің компоненттері ҚР  «Білім туралы» 
Заңның  3-тарауының  11-бабында  «Қазақстан  Республикасындағы 
білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі 
және  сабақтастығы  принципі  негізінде  мынадай  білім  беру 
деңгейлерін:  
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;  
2) бастауыш білім беруді;  
3) негізгі орта білім беруді;  
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және 
кәсіптік білім беруді); 
 5) орта білімнен кейінгі білім беруді;  


 
69 
6) жоғары білім беруді;  
7)  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беруді  қамтиды  деп 
кӛрсетілген.  
Білім  беру  адамды  тәрбиелеу  және  оқытуға  тәуелді  ӛзінің 
сапалық  сипаттамасына  сәйкес  тек  процес  қана  емес,білім  беру 
мақсатының  жүзеге  асырылу  дәрежесін  кӛрсететін  нәтиже  болып 
табылады.  Білім  берудің  нәтижесі    барлық  «білім  беру  қызметін 
пайдаланушылар» - мемлекет, қоғам, әрбір адамның экономикалық, 
адамгершілік, 
интелектуалдық 
жағдайы 
үшін 
маңызды 
құндылықтарды меңгеру дәрежесімен анықталады.  
Бүгінгі  білім  беру  нәтижесіне  қойылар  талап  дәстүрлі  білім, 
білік,  дағдылар  қалыптастырудан  да  жоғары  білім  беру  сапасы 
алынып, сапа кӛрсеткіштері ретінде қҧзіреттіліктер қарастыруда.  
Құзіреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы 
болуға мүмкіндік беретін екі басты түрі белгіленіп отыр. Олар: 
«пәндік» - белгілі бір саланы игеруге қажетті білім мен білік
«пәннен жоғары- метапәндік» - адамның ӛз білімін пайдалана 
алу  және  одан  әрі  дамытуға 
бағытталған  ақпараттық, 
коммуникативтік,  бірлесе  жұмыс  жасай  алу  қабілеттері,  ӛз 
әрекетерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері. 
Білім беру мазмұны педагогикалық процестің мәнді жағымен де 
шартталады, ӛйткені  тұлғалық сипаттағы сұрақтарға жауап береді. 
«Ӛзбетті  ӛмірге  қандай  тұлға  енеді?»,  «Ол  динамикалық  дамып 
жатқан  ортада  ӛмір  сүруге  қабілетті  ме?»,  «Ӛзінің  және  қоғамның 
қызығушылықтары  бойынша  ӛзін-ӛзі  ӛзектендіруге  дайын  ба?», 
«Қандай  құндылық  бағдарлардың  тасымалдаушысы  болады?», 
«Ойлары  мен  идеялары  қаншалықты  шығармашыл  болады?», 
«Тұлға қоғамда қандай ӛмірлік позицияны ұстанады?», «Қоршаған 
ортаға,  басқа  адамдарға  қандай  қатынасының  кӛрінуімен 
сипатталады?».   
Педагогика  курсының  мазмұнын  құруда  білім  алушылардың 
жас  шамасы,  олардың  жалпы  білімділік  деңгейі,  болашақ  кәсіби 
қызметтің  сипаты  сынды  параметрлер  есепке  алынады.  Мазмұнды 
белгілеуде  педагогикалық  мәселелердің  теориялық  ӛңделу  деңгейі 
де маңызды. Оқу пәнінің мазмұнына педагогиканың ғылым ретінде 
дамуы  әсер  етеді.  Біздің  еліміздегі  жалпы  орта  білім,  кәсіби  орта 
және  жоғары  оқу  орынының  дамуы  педагогикада  жаңа 
мәселелердің туындауына, оның әрі қарай дамуына әкеледі.  


 
70 
Соңғы  уақытта  білім  берудің  мазмұнын  жасауда  жаңа  тұрғы 
кең  таралған.  Ол  болашақ  маманның  еңбегінің  сипаты  мен 
мазмұнын  зерттеудің  негізінде  жасалады.  Осы  зерттеулер 
нәтижесінен  педагогтың  кәсібилігіне  қойылатын  талаптар 
белгіленеді.  Бұл  педагогтардың  профессиограммасын  жасауда 
қолданылады.  
Педагогика  курсының  мазмұны  стандартта,  бағдарламада, 
оқулықтарда жинақталған. Ол негізгі курстан, таңдау курстарынан 
құралған.  
Біздің  еліміздегі  жоғары  кәсіби  білім  берудің  мемлекеттік 
стандарты  жоғары  кәсіби  білімнің  құрылымын,  жоғары  білім 
құжаттарын,  білім  бағдарламалары  мен  оны  жүзеге  асырудың 
жағдайларына  қойылатын  жалпы  талаптарды,  студенттің  оқу 
жүктемесінің  нормативін,  жоғары  оқу  орнының  академиялық 
бостандығын, 
білім 
бағыттарына 
қойылатын 
талаптарды, 
мемлекеттік  бақылау  ережелерін  орнатады.  Жоғары  білім  беру 
стандарты-  жоғары  оқу  орны  түлегінің  білімі  мен  біліктеріне 
қойылатын  қажетті  талаптардың  минимальды  жүйесі.  Осы 
талаптардың  орындалу  кӛрсеткіші  жоғары  оқу  орнының  түлегін 
жұмысқа  алушыға  толықтай  кепілдік  бере  алады.  Сондықтан 
стандарт  оқу  орнының  орналасу  аумағына  қарамастан  түлекті 
қажетті сипаттамамен (мінездемемен)  қамтамасыз етеді. 
Мемлекеттік  стандартта  ұлттық  жоғары  білім  беру  жүйесін 
европалық  және  халықаралық  білім  кеңістігіне  енуге  мүмкіндік 
беретін  Болонский  декларациясының  маңызды  сипаттамалары 
қарастырылған.  Стандарт  кредиттік  білім  беру  жүйесіне 
негізделген,  ал  ол  ӛз  кезегінде  ұлттық  оқу  бағдарламаларын 
халықаралық  мойындауды  қамтамысыз  ету  мақсатын,  білім 
алушылар  мен  профессор-оқытушылар  құрамының  мобильділігіне 
жағдай  туғызуын,  білім  сапасын  жақсартуды  қамтамасыз  етеді. 
Кредиттік  жүйе  ӛзбетті  білім  алу  деңгейін  жетілдіру  мен 
шығармашылық  тұрғыдан  жекелей  игеруге,  білім  траекториясын 
таңдау  мен  білім  кӛлемін  кредитпен  ӛлшеуді  қамтитын  білім  беру 
жүйесі  деп  есептелінеді.  Стандарт  үнемі  ӛзгеріп  отыратын  нарық 
жағдайында  түлектердің  жоғары  мобильдігін  қамтамасыз  ететін, 
мамандық  моделінің  құзырлығына  негізделген.  Маманның  аталған 
моделі  жоғары  оқу  орны  түлегінің  қажетті  компетенттілігінің 
сипаттамасын, ол қандай кәсіби қызметтерді орындауға дайын болу 


 
71 
керектігін,  және  де  ол  нақты  қызметтерді  орындауға  қаншалықты 
дәрежеде дайын болу керектігін  кӛрсетеді.  
Білім  беру  бағдарламасы  жалпы  білім  беру  және  кәсіби  білім 
беру  болып  жіктеледі,  оның  әрқайсысына  тән  циклге  біріккен 
пәндер    тізімі  болады:  жалпы  білім  беру  пәндері  (ЖБП),  базалық 
пәндер  циклі  (БП),  мамандандырылған  пәндер  циклі  (КП),  оқу 
жұмысының  басқа  түрлері  (тәжірибе,  әскери  дайындық).  Әрбір 
цикл  міндетті  және  таңдау  пәндерінен  тұрады.  Жалпы  білім  беру 
пәндері  (ЖБП)  білім  бағдарламасы  мазмұнының  25%,  базалық 
пәндер  (БП)  жалпы  білім  беру  бағдарламасының  50%, 
мамандандырылған  пәндер  25%  құрайды.  Жалпы  білім  беру 
пәндері (ЖБП) тізімінде міндетті пәндер мен таңдау пәндері нақты 
кӛрсетіледі.  Бакалавр  білім  үдерісінің  аяқталуының  негізгі 
критерийі  студенттің  128  кредит  немесе  5760  академиялық  сағат 
кӛлеміндегі  теориялық  сағат  оқуы.  Магистрлік  бағдарлама 
бойынша  дайындау  елімізде  1995  жалы  эксперимент  түрінде 
енгізілді. Оқу жоспарын жоғары оқу орны ұсынып, бекітіп отырды. 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді кӛтеру 
тұжырымдамасына  және  ГОСО  РК  5.03.02.-2004  сәйкес 
магистратура  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  болып 
есептелінеді. Мамандарды дайындау екі бағытта жүзеге асады: оқу 
уақыты 1 жыл болатын профильдік және ғылыми-педагогикалық – 
2жыл. Сонымен қатар магистратура бағдарламасы оқудың ғылыми-
методологиялық  бағытын  айқындап,  кәсіби  дайындығының 
тереңдігін  қамтамасыз  ету  керек.  Профилдік  магистратурада 
магистрант  кем дегенде 30 кредит, ал ғылыми-педагогикалықта -60 
кредитті игеруі керек. Мемлекеттік стандартқа сәйкес әрбір кредит 
академиялық  кезеңдегі  магистранттың  жұмасына  1  академиялық 
сағат аудиторлық жұмысына тең, әрбір академиялық сағатта 2 сағат 
ӛзбетті  жұмыс  болады.  Теориялық  дайындық  екі  пәндер  циклін 
қамтиды:  оқу  бағдарламасының  40%  қамтитын  базалық  пәндер 
(БП)  және  мамандандырылған  пәндер  (КП)  қамтиды.  20% 
магистранттың  ғылыми-зерттеу  жұмысына  тиесілі.  Базалық 
пәндердің 
міндетті 
компоненті 
стандартпен 
белгіленеді. 
Қорытынды  мемлекеттік  аттестацияда  кешенді  емтихан  мен 
магистрлік  диссертацияны  қорғау  қарастырылған.  Яғни  аталған 
стандарт  бойынша  таңдау  пәндері  мен  ӛзбетті  жұмыстың  кӛлемі 
артады. 


 
72 
Құрылымдық  жағынан  оқу  бағдарламалары  үш  негізгі 
компоненттерден тұрады. Бірінші компоненті:  
1) түсінік хатта жоо-ның оқу пәндері жүйесіндегі сол нақты оқу 
пәнін оқып-үйренудің мақсаттық бағдары;  
2) 
оқу  пәнінің  негізгі  міндеттері,  оның  тәрбиелік 
мүмкіндіктері;  
3) 
оқу  пәнін  құруда  негізге  алынатын  жетекші  ғылыми 
идеялар анықталады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет