Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



Pdf көрінісі
бет11/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

жəне құпиялығын қамтамасыз ету сияқты санаттарға бөлуге бо-
лады. 
Ілгеріде айтылған ұғымдарға түсіндірме береміз.
Қолжетімділік – бұл қолайлы уақыт ішінде қажетті ақпарат-
тық қызмет көрсетуді алу мүмкіндігі.
Ақпараттың өзектілігі жəне қарама-қайшы еместігі бүлдіруден 
жəне рұқсатсыз өзгертуден оның қорғанушылығы тұтастық бо-
лып түсіндіріледі. 
Ең соңында, құпиялық – бұл ақпаратқа рұқсатсыз қатынау-
дан қорғау.
Ақпараттық жүйелер белгілі бір ақпараттық көрсетілетін 
қызметті алу үшін жасалады (ие болады). Егер қандай да бір 
се 
беп 
тер бойынша осы қызметтерді пайдаланушыларға беру 
мүмкін емес болса, онда бұл, ақпараттық қатынастардың 
бүкіл субъ ек тілеріне нұсқан келтіретіні анық. Сондықтан қалған 
аспек тілерге қолжетімділікті қарсы қоймай, біз оны ақпараттық 
қауіп сіздіктің аса маңызды элементі ретінде бөліп көрсетеміз.
Басқарудың, əсіресе, өндірісті, көлікті жəне т.б. басқарудың 
əртүрлі жүйелерінде қол жетімділіктің жетекші рөлі əсіресе, 
анық көрінеді. Адамдардың көп саны пайдаланатын (теміржол, 
авиабилеттер сату, банк қызметін көрсету жəне т.б.) ақпараттық 
қызметтер көрсетудің ұзақ уақыт қолжетімді емес болуының 
материалдық жəне моральдық келеңсіз салдарлары бар. 
Тұтастықты статистикалыққа (ақпараттық объектілердің өзгер-
меушілігі сияқты түсіндірілетін) жəне динамикалыққа (күрделі
əрекеттерді (транзакцияларды мүлтіксіз орындауға) бөлуге бола-
ды. Динамикалық тұтастықты бақылау құралы, жекелей алған-
да, ұрлықты анықтау, жекелеген хабарларды қайта ретке келтіру 
немесе қосарлау мақсатымен қаржылық хабарлар легін талдау 
кезінде қолданылады.
Тұтастық ақпарат «іс-қимылға басшылық жасау» ретінде 
пайдаланылған жағдайларда, ақпараттық қауіпсіздіктің аса ма-
ңызды аспектісіне айналады. Дəрі-дəрмек рецептурасы, жазы-
лып берілген медициналық ем қабылдаулар, комплектілейтін 


15
бұйымдар (өнімдер) жиыны мен сипаттамасы, технологиялық 
үдерістің барысы – осылардың барлығы, оның тұтастығын бұзу 
тура мағынасында өлімге апаратын, ақпараттардың мысалдары. 
Заң мəтіні немесе қандай да бір үкіметтік ұйымдардың Web-
сервері бола ма, ресми ақпараттарды бұрмалау, əрине жағымды 
емес. Құпиялылық – елімізде аса талқыланған ақпараттық қауіп-
сіздік аспектісі. Ол, техникалық, логикалық немесе ұйымдық бола 
ма, қандай бір арналар болмасын, ақпараттардың сыртқа шығып 
кетуін болғызбайтын жағдайды қамтамасыз етуі тиіс. 
Егер ақпараттық қатынастар субъектілерінің əртүрлі санатта-
рының мүдделерін талдауға қайтып оралатын болсақ, онда, кімде-
кім ақпараттық жүйені нақты пайдаланады, солардың бүкілі үшін, 
қолжетімділік бірінші орында тұр. 
Ең соңында, құпиялық көптеген ұйымдарға (мысал, коммер-
циялық ұйымдар, қызметкерлердің еңбекақысы туралы мəліметті 
жария етпеуге тырысады) жəне жекелеген пайдаланушыларға 
(мысалы, парольдерді құпия сақтау үшін) қажет. 
Компьютерлік жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ша-
ралар мүмкін болатын барлық қауіптерді ескеруге тиіс, əдетте, 
оған серверді физикалық қорғау, жүйелер мен деректерді істен 
шыққаннан кейін қалпына келтіру жəне рұқсатсыз қатынаудан 
қорғау құралдары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет