116
Қатынауды басқаруға:
• бірегей идентификаторларды меншіктеу жолымен пайдала-
нушыларды, қызметкерлерді жəне қорларды сəйкестендіру жəне
оларды тану;
• уақыт жəне мезгілден бастап сұраған
қорларға дейін өкілдікті
тексеру;
• анықталған тəртіп шеңберінде рұқсат беру жəне жағдай жа-
сау;
• қорғалатын қорларға сұранымды тіркеу;
• рұқсат етілмеген іс-қимылдарға əрекет жасағанда жауап
қайтару сияқты қорғау қызметтері кіреді.
Бүркемелеу – бұл ақпаратты криптографиялық
тасалау арқылы
қорғау тəсілі. Ол өзіндік қорғау жағынан да, пайдаланушыға
көрнекілік жағынан да тиімді болып саналады. Өңдеуде жəне
сақтауда, сонымен қатар байланыс желілері арқылы жібергенде
пайдаланылады.
Тəртіп белгілеу – ақпаратты өңдеуде жəне сақтауда рұқсатсыз
қатынау мүмкіндігін өте төмендету жағдайын туғызатын шаралар
кешенін əзірлеу жəне орындау.
Мəжбүр ету – бұл пайдаланушылардың жəне қызметкерлердің
материалдық, əкімшілік немесе қылмыстық
жауапкершіліктен
қорқып ақпаратты өңдеу жəне сақтау ережелерін орындауға көну
тəсілі.
7-сурет. Ақпараттарды қорғау құралдары мен тəсілдерінің кешені