Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет109/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   158
Сабақтан үзінді. 
 
Мысалы,  сабақтың  тақырыбы:  ”Папка  дайындау”  Мұғалім  папка 
үлгісін,  оның  ашылып,  жабылуын  көрсетіп,  оқушылардан  папканың  неге 
қажет екенін, қандай материалдан дайындалатынын сұрайды. 
Мұғалім:    Балалар  ойланып  нені  үйренетіндеріңді,  мақсаттарың  қандай 
екенін айтыңдар. 
 
Оқушылар  өз  мақсаттарын  айтқаннан  кейін,  мұғалім  мақсатты 
анықтауға  не  көмектескенін  сұрайды.  Мұғалім  оқушылармен  бірге 
тақырыптың  атын,  бұйым  үлгісін,  яғни  әрекеттің  мақсатын  анықтауға 
көмектесетін  шарттарды  қайталайды  (жұмыс  2  сағатқа  есептелген).  Келесі 
сабақта  оқушылар  мақсатты  өзбеттерінше  анықтап,  одан  соң  бірден  оны 
тексеруді үйренуге көшеді. 
Мұғалім:  Бүгінгі сабақтағы өз әрекеттерінің мақсатын айтыңдар. 
Осындай  жұмыстың  нәтижесінде  оқушылар  әрекеттің  мақсаттарын 
анықтауға  көмектесетін  барлық  шарттарды  (тақырыптың  атауы,  өтілген 
материал  бойынша  білімі,  білім  мазмұны)  өз  бетінше  талдап,  содан  соң  өз 
әрекетінің  мақсатын  айтады.  Тапсырманы  түсіндіре  отырып  орындауды 
ұсынуға болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет