Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет96/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   158
 
 
Шартында ішкі жалпылық пен сыртқы айырмашылығы бар 
тапсымаларды орындау 
 
Мұндай  есептерді,  жаттығуларды,  тапсырмаларды  орындаудағы 
мақсат - талдау негізінде жалпылықты анықтау іскерлігін қалыптастыру. 
 
Сабақтан үзінді: 
Қазақ  тілі  сабағында  ”Біріккен  сөздер  және  олардың  жазылуы”  туралы 
оқушылардың білімдерін тексеру және бекіту мақсатында мына мазмұндағы 
тапсырма берілді: ”Сөздерді үш бағанаға бөліп жаз” 
Көкжиек, Сарыадыр, Жылқайдар, қарақұс, Мырзахмет, Қандыағаш. 
 
Әр  бағанаға  ережеге  сәйкес  тағы  2  сөз  қосып  жаз.  Оқушылар 
тапсырманы  орындауға  кірісті.  К.Марат  сөздерді  төмендегідей  түрде  бөліп, 
келесі сөздерді қосқан: 
 
Көкжиек 
Сарыадыр 
Жылқайдар 
Қарақұс 
Қандыағаш 
Мырзахмет 
Қырықаяқ 
Сарыарқа 
Жоламан 
Қарақұйрық 
Қараой 
Нұрахмет 


 
155 
             
   
Бірнеше  оқушы  Мараттың  жазған  Жоламан,  Нұрахмет  сөздерінің 
дұрыстығына  күмән  келтірді.  Олар  мұғаліммен  бірлесіп  қана  оқушыға 
қатесін  түсіндіре  алды.  Үшінші  баған  екі  түбірден  құралған  екі  дауысты 
қатар  келсе,  олардың  біреуінің  түсіріліп  айтылып,  солай  жазылатыны 
туралы  ережеге  арналған.  Ал  Мараттың  жазған  сөздерінде  дауысты  дыбыс 
біреу  ғана  екені  анықталды,  сондықтан  бұл  сөздер  беріліп отырған  ережені 
ашуға  мысал  бола  алмайды.  Марат  3-бағанға  Исахмет,  Жылқаман  сөздерін 
жазғаннан кейін ғана балалар оның жұмысын мақұлдады. Бұдан соң мұғалім 
тапсырманың  бірден  дұрыс  орындалмауы  оған  талдаудың  жеткіліксіз 
жасалуынан,  яғни  оқушы  сыртқы  ұқсастықтың  әсерінен  сөздердің  берілген 
ережеге  сәйкес  мәнін  аңғармаған  деген  қорытынды  жасады.  Осы  міндетті 
дұрыс шешуге тапсырманың шартын мұқият талдап, есептің белгілі, белгісіз 
компоненттерін  нақты  бөлу  арқылы  ғана  қол  жетті.  Оқушыларға 
тапсырманың 
дұрыс 
орындалуына 
талдаудың 
ықпалы,талдаудың 
маңыздылығы мен қажеттігі осылай түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылар 
жұмысты  тексеру  барысында  есепті  шешудің  бірінші  операциясына  қайта 
оралғанына  назар  аударды.  Эксперименттік  оқыту  кезенінде  байқалған 
айырмашылықтарды  ескере  отырып,  біз  оқушыларға  әр  түрлі  пәндік 
мазмұндағы  есепті  талдауда  кездесетін  жалпы  компонентті  аңғартып, 
түсіндіруге  ұмтылдық.  (Үшінші  сыныптарға  дайын  кеппешөп  негізінде 
арамшөп пен дақылдық өсімдіктерді салыстыруға тапсырма берілді). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет