Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Құрамында артық белгілісі бар тапсырмаларды орындау



Pdf көрінісі
бет95/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   158
 Құрамында артық белгілісі бар тапсырмаларды орындау 
Сабақтан үзінді: 
Мұғалім:    Оқушыларға  мынандай  есепті  шығаруды  ұсынды:  Омар 
дүкеннен 15 дәптер сатып алды. Ол 3 дәптерін Үсенге, 4 дәптерін Сәулеге, 2 
дәптерін  Маратқа  берді.  Үсен  мен  Маратқа  дәптерін  бергеннен  кейін 
Омардың өзінде неше дәптер қалды? 
Мұғалім:  Есепті шығаруды неден бастаймыз? 
Оқушылар: Есеп шығаруды талдаудан бастаймыз. 
Мұғалім:  Дұрыс. Есепті талдаңдар. 
Оқушылар: Есепті талдауға кіріседі. 
Мұғалім:  Бізге не белгілі? 
Оқушы:  Омардың  неше  дәптер  сатып  алғаны  және  үш  оқушыға  неше 
дәптер бергені белгілі. 
Мұғалім:  Жарайсың! Бізге не белгісіз? 
Оқушы: Омардың өзінде неше дәптер қалғаны - белгісіз. 
Мұғалім:  Сенімен толық келіспеймін. Кімнің тағы қандай пікірлері бар? 
Оқушы: Оқушыларға барлығы неше дәптер бергені - белгісіз. 
Мұғалім:  Оқушыларға барлығы неше дәптер бергендігі бізге қажет пе? 
Оқушы: Жоқ. Үсен мен Маратқа неше дәптер бергені - белгісіз. 
Мұғалім:  Дұрыс. Сонда неше белгісіз бар екен? 
Оқушылар: Екі белгісіз бар. 
Мұғалім:  Ал есепті шығаруға қатысы жоқ белгілі бар ма? 
Оқушылар: Сәулеге берген 4 дәптердің есепті шығаруға қатысы жоқ. 
Мұғалім:    Дұрыс.  Балалар!  Есептің  шешімі  ондағы  ненің  белгілі,  ненің 
белгісіз  болуына  тікелей  байланысты  екенін,  ол  тапсырманы  талдау 
процесінде ғана анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет