Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет128/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   152
ДНК-ның репарациясы (лат. reparation – бұрынғы қалпына келу, ағ. DNA
repair) – барлық организмдердің жасушаларындағы нормалы биосинтез кезінде
немесе түрлі физикалық жəне химиялық себептерінен матрицалық ДНҚ-ның
зақымданған жерлерінің дұрысталып жаңадан түзілуі.
ДНК-ның репликациясы (лат. replicatio – қайталану) ағ. DNA replication) –
ДНҚ-ның молекуласының екі еселеніп қөбеюі. ДНҚ-ның екі спиралі жазылады,
сутектік байланыстар ажырайды, жеке (матрицалық) тізбекке үйлесімді, сəйкес жаңа
тізбек (реплика) түзіледі.
ДНК лигазасы (ағ. DNA-ligase) – ДНҚ-ның полинуклеотидтер бөлшектерін
(фрагменттерін) бір-біріне реттеп қосатын, жалғастыратын фермент.
ДНҚ-ның 
бірінші 
ретті 
құрылымы 
полинуклеотидтік 
тізбектегі
нуклеотидтердің орналасу тәртібі айтылады.
ДНҚ-үзіктері (цепи) бір-бірімен жəне ортақ остерін бойлай бұрала
орналасқан, екі қатарлы, дұрыс пішінді, спираль тəрізденген полимер. Ағзадағы
жасушалық жəне биохимиялық қызметтерінің жүзеге асуы мен сақталуын
қамтамасыз етеді.


255
ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылымы – ДНҚ молекуласының
кеңістікте паралель орналасқан қос қабат спиральға ұқсай орналасуы
Донор – генетикалық тұрғыдан бағалы аналық жұмыртқасы немесе
эмбриондар алынатын ұрғашы дара.
Ж
Жануардың физиологиялық жетілуі – жас малдың белгілі жынысты ересек
жануарға тиесілі пішінге ие болып, оның тірілей салмағының 70-75%-на жеткен,
яғни, физиологиялық жағынан толысқан мерзімі.
Жануарлар биотехнологиясы – молекулалық жəне жасушалық əдістерді
қолдану арқылы генотиптерге түзетулер енгізіп, тез жетілетін, ауруларға төзімді
жəне жоғары өнімді мал түрлерін шығару əдістерін қалыптастыратын ғылым
саласы.
Жасуша – тіршіліктің ең кіші бірлігі, ағзаның құрылысы мен тіршілік
əрекеттерінің жəне дамуының негізі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет