Жоспар I. жасушалардың реактивтілігі Физиологиялық қалпына келетін түрлері II. Жасушалардың қартаюы жасушалардың өлу сатылары Жасуша өлуінің физиологиялық процестері Апоптоз жіктелуі апоптоз бұзылуының себептері ІІІ
Жоспар I.1)Жасушалардың реактивтілігі
2)Физиологиялық қалпына келетін түрлері
II.1)Жасушалардың қартаюы
2)Жасушалардың өлу сатылары
3) Жасуша өлуінің физиологиялық процестері
4) Апоптоз жіктелуі
5)Апоптоз бұзылуының себептері
ІІІ.1)Қорытынды
2)Қолданылған әдебиеттер
Жасушалардың реактивтілігі Жасушалардың реактивтілігі дегеніміз оның белгілі бір түрде физиологиялық және зақымдаушы фактор әсеріне жауап қайтаруы,яғни бұл қалыпты организмнің сыртқы орта әсерлерінен тіршілігін өзгертуге қабілеттілігі. Тұтас организмнің реактивтілігі реттеуші,яғни жүйке, эндокриндік және иммундық жүйелердің қатысумен қамтамасыз етіледі. Бұл кезде заттардың алмасуы, иммундық жауап, қан, қанайналым, тыныс алу жүйелерінің өзгерістері байқалады. Ол қабынудың өту қарқынымен, фагоцитоз және лейкоцитоз дамуы, дене қызымы көтерілу, эритроциттердің тұну жылдамдығы, антиденелер өндірілу, бүлінген тіндердің қалпына келу және жараның бітуімен көрінеді.Реактивтілік жалпы организмнің төзімділігімен тығыз байланысты болып келеді.
Физиологиялық қалпына келетін түрлері Жалпы реактивтілік негізі үшке бөлінеді: 1.Түрлік. 2.Топтық. 3.Даралық
Жалпы медицинада даралық реактивтіліктің маңызы зор.Даралық реактивтілік адамның тектік ерекшеліктеріне,дене бітіміне,жүйкелік,эндокриндік,иммундық жүйе жағдайларына және қоректену ерекшелігіне байланысты. Даралық реактивтілік спецификалық және бейспецификалық болып жіктеледі.Олар жеке физиологиялық және дерттік болып жіктеледі.Спецификалық даралық реактивтілікке организмнің иммундық реактивтілігі жатады.Физиологиялық спецификалық даралық реактивтілік иммунитет кезінде көрінеді.Дерттік спецификалық даралық реактивтілік иммундық тапшылықтар мен тежеулер түрлерінде көрінеді. Бейспецификалық реактивтілік деп сыртқы орта ықпалдарына оргнизмнің иммундық жүйесінің қатысуынсыз жауап қайтаруының барлық түрлерін айтамыз. Мысалы, жарақат,қансырау, температуралық және химиялық әсерлер кезінде көрінеді.Ал, жұқпалар,аллергия,аутоиммундық аурулар кезінде спецификалық әрі бейспецификалық түрлері көрінеді. Бейспецификалық реактивтілік физиологиялық және дерттік деп жіктеледі.Физиологиялық деп сау организмнің қоздырғыштарға жауап қайтару қабілетін айтамыз.Ал,дерттік реактивтілік деп әртүрлі экзогендік және эндогендік ықпалдардың әсерлеріне организмнің қалыптыдан өзгерген түрде жауап қайтару қабілетін айтамыз.Дерттік реактивтілік байқалатын жағдайлар: Шала туған балалар мен кәрі адамдарда; Сүлде ауруларының болуы; Организмнің ұзақ ашуы кезінде; Организмнің ұзақ гиподинамиясы кезінде.