Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет27/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80
атбасар мәдениеті 
деген атпен 
белгілі. Мәдениеттің таралу аймағы: далалық аймақта Есіл алабы мен қазақтың 
ұсақ шоқылырының солтүстік-батыс бөлігі аралығы. Жергілікті мезолиттік 
тайпалар негізінде б.з.д. VІІ –VІ мыңжылдықтарда қалыптасқан осы 
мәдениеттің 200-ге жуық тұрақтары белгілі. Солардың 20-сы қазылған. 
Мәдениеттің елеулі ескерткіштері қатарында Винаградовка ІІ, Тельман І, 
Явленка, Жабай-Покровка ІІІ т.б. айтуға болады. Ірі өзендердің көне 
арналарының жағасында орналасқан атбасарлық тұрақтар жердің бетіне 
салынған жеңіл үйлер түрінде келеді. Аумағы 25 шаршы метрді алатын 
дөңгелек және төртбұрыш үй орындары белгілі. Мәдениеттің қыш ыдыстары 
жарты жұмыртқа тәріздес, сиымдылығы 1-5 л. құмыралар. Олардың 
сыртындағы өрнектері тарақпен салынған штамп түрінде. Дегенмен, ыдыс 
қалдықтары мардымсыз және жекелеген. Жануарлардың сүйектері өте сирек 
кездеседі. Ол да болса, кейінгі кезеңдегі мекенжайлардан табылған. Олар 
жылқының, ірі қараның сүйектері. Аз мөлшерде болса кездесетін сүйек 
қалдықтары Солтүстік Қазақстанда өндіруші шаруашылықтың б.з.д. ІІІ 
мыңжылдықтың басында қалыптаса бастағанын білдіреді. 
Осы мәдениетке жататын жерлеу ескерткіштері ғылымға осы күнге дейін 
белгісіз. Дегенмен, кейбір мекенжайлардың (Виноградовка, Тельман, т.б.)
маңынан тереңдігі 1м, диаметрі 1,5 м келетін шұңқырлар табылған. Олардың 
түбінен кальциленген қоспалы күл қабаты сақталған. Мамандардың 
болжауынша, бұлар қола дәуірінде кеңінен қолданылған мәйітті өртеп күлін 
жерлеу дәстүрінің алғашқы жерлеулеріне ұқсас. 
Атбасармен көрші жатқан өңір, Торғай даласының көне жылғаларын жағалай 
маханжар мәдениетінің 
ескерткіштерінің басым көпшілігі орналасқан. 
Солардың арасында мәдени қыртысы жақсы сақталған және едәуір жеткілікті 
зерттелгендері: Тұзды көл, Дүзбай 1-4, Сор 2, Бестамақ, Амангелді, т.б. Тобыл 
өңірінде тек Алқау 2 тұрағы белгілі. Тұрақтарда жүргізілген қазбалардың 
мәліметтеріне қарағанда маханжар тұрғындарының үйлері жартылай жертөле 
түрінде болса керек. Қыш ыдыстары, қабырғасы жұқа, ернеуі аздап тартылған, 
түп жағы сүйір. Өрнектері тісті немесе тарақ тәріздес нәрсемен салынған. 
Нақыштары тігінен және көлденеңіне салынған қатар толқындар түрінде.
 
Тас 
құралдардың ішінде қыстырма тістер көп кездеседі. Құрал жасайтын шикізат 
ретінде бұл кезеңде жергілікті материалдар пайдаланылған. Маханжарлықтар 
тас өңдеудің жаңа тәсілдерін меңгергендігі анық. Мәдени қабаттан табылған 
ортасы тесік ұршықбас олардың тасты тесуді менгергендігін ғана емес, жіп 


иіруді білгендігін көрсетеді. Тас тесетін бұрғылар Дүзбай 2 және Бестамақ 7 
тұрақтарынан табылған.
Неолит тас дәуірінің аяқталып, адамзат тарихындағы жаңа дәуірдің 
басталуына алып келді. Бұл өндіруші шаруашылықтың қалыптасып, жер бетіне 
таралу уақыты еді. Неолитте металл өндірудің алғышарттары қалыптасты. 
Балшықтан жасалған ыдыстардың пайда болуы адамдардың шаруашылық 
мүмкіндігін арттырды. Тоқымашылықтың игерілуі де қоғам өмірінде аз орын 
алмады. Адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі артты. Рулық құрылыс 
қарқынды дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет