Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет35/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80
Намазга
төбе мен 
Анау
 
төбенiң жоғарғы қабаттары (Намазга ІV, V, VІ б.з.д. 2750-1100 жж.; ІІІ – ІІ 
мыңжылдықтарға жататын Анау ІІІ) қола ғасырына жатады. Оңтүстік 
Өзбекстандағы Сапалли жерлеу кешені де қола дәуіріне жатады. Адамдар төбесі 
күмбезделіп жабылған саздан соғылған үйлерде тұрған. Осындай жиырма жеті 
бөлмеден тұратын үй орны Намазга төбеде зерттелді. Көп бөлмелі құрылыстар 
үлкен тұрғын кварталдарын құраған. Тұрғын үйлерге жалғастырыла қолөнер 
шеберханалары салынған. Қазба жұмыстары Намазга төбеде қола ғасырына 
тән жоғары дамыған өркениет болғандығын көрсететiн археологиялық мол 
материалдар бердi. Орта Азияның оңтүстік аудандарындағы мекендердің 
құрылымы мен топографиясын зерттеу мұнда қала құрылысының алғашқы 
жүйелерінің қалыптаса бастағанын білдіреді. Бұл кезеңнің едәуір жарқын 
ескерткіші – Алтындепе мекенжайы. Қоныстағы балшықтан соғылған көп 
бөлмелі үйлер тұрғын бөлмелер мен шаруашылық қоймалары араласа салынған. 
Мекенжайдан металл өңдеп, құмыра жасаған шеберханалардың орындары да 
табылған. Балшықтан жасалған ыдыстардың өрнегі геометриялық нақышта 
салынған. Ыдыстардың басым көпшілігі арнайы шарықта жасалған. Сыртқы 
өрнектері мен суреттері қара сырмен салынған. Құмырашылар тұрған ауданнан 
ыдыс күйдірген пештер мен күйдіруге дайындалған ыдыстар, бұқалар мен 
адамдардың мүсіндері табылған. Аршылған үйлердiң жобасы мен орналасу 
жүйесi мұнда қалалардың ең алғашқы түрi (протогород) қалыптаса бастағанын 
бiлдiреді. Намазга мәдениетiнiң қыш ыдыстары мен археологиялық бұйымдары 
Алдыңғы Азияның заттарына өте ұқсас, яғни олардың мәдени байланысының 
тығыз болғандығын көрсетедi. Б.з.д. ІІ мың. жартысында Намазга өркениеті 
әлсіреп барып тіршілігін тоқтатқан. Егіншілік жоғары дамыған өркениеттер 
біртіндеп басқа аудандарға ауысты.
Қола дәуірінде Орта Азияның оңтүстік аудандарында егіншілік жақсы 
дамыған, қалалардың алғашқы үлгісі деуге келетін мәдениет қалыптасты.
Мекенжайлардағы үйлердің салыну жобасы, қоғамдық құрылыстар қатарына 
жататын ғибадатханалардың болуы осыны растайды. Мәдениеттің классикалық 
ескерткіштердің бірі – Алтынтөбе. Ол үлкен мәдени кешеннің орталығына 
айналған. Алтынтөбеде жүргізілген қазбалар – алғашқы кезеңге жататын 
құрылыстар, бір-біріне тақала салынған екі және төрт бөлмеден тұратын үйлер. 
Мекен айнала биіктігі 6 метрлік дуалмен қоршалған. Дуалдың маңында 
жергілікті жерлеу орны сақталған. Кейінгі кезеңде анфиладты (есіктері қарама-
қарсы салынған бөлмелер) үлгідегі үйлер орын алды. Ішінде рәсімдік шараларға 
арналған ошақ пен арнайы қуыстары бар табыну үйлері де болған. Ғибадатхана 


секілді күрделі құрылыстардың қас бетіне алып пилондар мен мұнаралар салу 
дәстүрі де осы уақытқа тән. Алтынтөбеден табылған заттардың кешені ыдыс 
жасау, металл өңдеу, көлік пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде елеулі 
ілгерлеудің болғанын білдіреді. Арнайы шарықта жасалған жұқа қабырғалы 
ыдыстар сапалы күйдірілген. Алып шоттар, бір жағы жүзделген пышақтар, 
ұңғысы қуыс жебенің ұштары, қола орақтар мен әшекей заттары, қола және 
күмістен жасалған мөрлер секілді сан түрлі қола бұйымдар кездеседі.
Осы мәдениеттерді жергілікті энеолиттік дәстүрде қалыптасқан суғармалы 
егіншілік пен жайлаулы малшылық қалыптасқан өркениеттің шығыстық үлгісі 
деп айтуға келеді.
Б.з.д. ІІ мыңжылдықта егіншіліктің Орта Азиядағы алғашқы дәстүрлі 
орталығы құлдырап, оның, есесіне басқа аудандарда уранистік мәдениеттер 
қалыптасады. Мургап пен әмударияның төменгі ағысындағы егіншілік дамыған 
мекендер оазистері алға шықты. Егіншілік аймақтардың орталықтары болған 
мекендер 5 гектардан жоғары аумақты қамтыды. Алғашқы қалалар үлгісіне 
жататын Келлели мекенжайы-сондай орталықтардың бірі. Әмударияның 
ортаңғы ағысында, Тәжікстан, Өзбекстан және Ауғанстан жерлерінде алғашқы 
қалалық үлгіде салынған егіншілік мекендері б.з.д. ІІ мыңжылдықта орын тепті. 
Өзендердің сағаларында орналасқан осындай мекендердің тұрғындары арпа, 
бидай, тары егіп, жүзім өсіргендігі белгілі болды. Солардың бірі – Саппали 
мекенжайы. Өлшемі 82х82 метрлік бекініс мекенжайдың негізін құрайды. Оның 
ортасында тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстары қоршаған сарай 
орналасқан. Саппали мәдениетінің тағы бір мекенжайы – Жаркутан 
әмударияның оң жағалауында. Оның аумағы 100 га, цитаделі 4 га жерді алып 
жатыр. Мекеннің зираты да жақын орналасқан. Ыдыстардың сыртына салынған 
белгілер мен жерлеулердің әлеуметтік топқа бөлінуі секілді қазба кезінде 
анықталған мәліметтер өндірістің маманданған сипатқа бет алғандығын 
аңғартады. Шамасы Жаркутан үлкен егіншілік аймақтың орталығы болған.
Арал теңiзi маңында, Хорезм жерінде неолиттiк кельтиминар мәдениетiнiң 
орнына б.з.д. ІІ – мыңжылдықтың басында оңтүстiк аудандардан 
суярган
тайпалары ауысып келдi. Мәдениеттің негізгі мекендері – Жамбас 6, Кокча 2, 
Базар 2, т.б. Олардың қыш ыдыстары Анау мәдениетi мен ирандыкiне өте 
жақын. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың соңында суяргандықтар тазабагъяб мәдениеті 
өкілдерімен араласып кетеді. Олардың түбі тегіс болып келетін ыдыстары өте 
сапалы жасалған. Қоладан жасалған заттардан бір жағы жүзделген пышақтар 
мен жебенің ұштары көп кездеседі. Суяргандықтардың шаруашылығы 
мәдениеттiң соңғы кезеңiне қарай суғармалы дәстүрге ұласқан егiншiлiк пен 
бақташылық болды. 
Андрондық мәдениеттiң жергiлiктi нұсқасы саналатын Орта Азиялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет