Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80
Жаңа тас өнері 
 
Жаңа тас өнері белгілі бір дәрежеде тарихи-мәдени құбылыс болды. Ол өз 
заманына сай жоғары дамыған және әр алуан. Неолиттік өнер ыдыстардың 
сыртына салынған өрнектер, ұсақ мүсіндер (жануарлар, құстар және 
адамдардың денелері) және петроглифтер түрінде белгілі. Өзендер мен 
көлдердің күнгей бетіндегі биік жартастарда ғылымда петрогифтер (тасқа 
салынған суреттер) аталған суреттер галереялары қалыптасқан.
Тасқа салған суреттер неолиттік аңшылар мен балықшылар мекендеген 
аймақтардың барлығында дерлік кездеседі. Петроглифтер кешені Кавказда, 
Орта Азия мен Қазақстанда, Урал мен Сібірде, Қиыр шығыста ашылып, 
зерттелген. Тасқа салынған суреттерде осы күнгі Солтүстік-Шығыс Еуропа, 
Украина, Кавказ, Орта Азия, Қазақстан, Урал, Сібір, Алтай, Шығыс Сібір, Амур 
мен Солтүстік-Шығыс Азия жерлерін мекендеген неолиттік тұрғындардың 
тарихи дамуының ерекшеліктері көрініс тапқан. Осы өңірлердің әрқайсысында 
петроглифтер өзіндік ерекшеліктерге ие. Азия құрлығының солтүстік-шығыс 
аймағынан табылған петроглифте ежелгі аңшылардың теңіз аңын аулау көрінісі 
суреттелген. Сібірдің тайгалық және орманды-дала аймағының петроглифтері 
неолиттік өзіндік ерекше өңірді құрайды. Солардың қатарына Шишкино 
деревнясының маңындағы әйгілі бейнелер мен Ленаның бойындағы Суруктах-
Хая табыну орны, Ангарадағы тасаралда орналасқан сызбалар, Усть-Писаная 
деревнясы түбіндегі тастағы таңбалар жатады. Сібірлік тайганың неолиттік 
аңшылары негізінен жануарларды бейнелеген. Солардың ішінде аңшылықтың 
негізгі нысаны болған тайганың тағысы – бұғыларды көп салған. Жануарлардың 
ерекше белгілерін сондай ыждағаттықпен нақ салуға тырысқанын айтып кету 
керек. Сібірлік тайганың петроглифтеріне өзінің тақырыбы мен техникалық 
орындалуы жағынан Ресейдің солтүстік еуропалық бөлігінің тасқа салған 
суреттері жақын. Петроглифтердің екі үлкен тобы Онега көлінің көптеген 
орындары 
мен 
Ақ 
теңіздің 
жағалауларында 
орналасқан. 
Онега 
жағалауларындағы бейнелеу өнерінің елеулі ескерткіштері болып, Бесов Нос 
және Пери Нос тас мүйісіндегі суреттер саналады. Бесов Нос жартасында 
бұғылар, аң басты антропоморфты денелер, шаңғымен келе жатқан адамдар, 


суда жүзген құстар ішінде ұзын да сымбаты иілген мойынды аққулар ерекше 
көрінеді, аң аулау көрінісі, балықтар секілді бейнелер сақталған. Неолиттік 
суреттердің үлкен шоғырлары Ақтеңіздің жағалауларында, Выг-Бесов төменгі 
ағысындағы Следки мен Залавругада ашылған. Бесовадағы Следкиде 300-ден 
астам бейнелер белгілі. Онда итбалықтар, аққулар, жалаңаш табанның іздері, 
шаңғы киген адамдар қуап бара жатқан бұғылар табыны,т.б. бейнеленген. 
Залавругта бұғылар, қайықтар, шаңғышылар тобы, теңіз аңдарын аулау көрінісі 
қашап салынған.
Орта Азия, Қазақстан, Алтай мен Туваның петроглифтері ерекше топты 
құрайды. Қазақстандағы тасқа салған суреттер ішінде аса маңыздылары 
Қаратау, Ешкіөлмес, Тамғалы тауларындағы және Қырғызстандағы Шайтантас 
петроглифтер кешендері. Моңғолия мен Байқалдың арғыбетіндегі петроглифтер 
өздерінің сюжеті жағынан Қазақстандық кешендерге өте ұқсас. Бұл жерлерді 
мекендеген неолиттік тұрғындардың негізгі бейнелеу нысандары тауешкі мен 
арқарлар, садақ пен жебе ұстаған аңшылар болды.
Кавказдың петроглифтері де үлкен қызығушылық туғызады. Солардың 
ішінде едәуір құндылары – Қобстандағы Абшерон жартыралынан табылған 
тасқа салынған бейнелер. Мұнда мезолиттен орта ғасырға дейінгі аралықта 
салынған алуантүрлі суреттер кешені шоғырланған. Солардың көпшілігі 
палеолит дәуіріне жатады. Онда үйірлі жылқылар, бұқалар, билеп жатқан 
адамдар және садақшылар бейнеленген. Жануарлардың және солярлық 
таңбалардың үлкен тобы Дағыстандағы-Чинна-Хитта, Чувал-Хварабнохо, 
Харитани шатқалдарында да белгілі.
Неолит дәуірінде бейнелеудің екі негізгі әдісі: қызыл жосамен (охра) және 
тастың бетіне салынатын нысанның контурын қашап түсіру әдістері 
қолданылған. Осы әдістердің екіншісі мейлінше жиі кездеседі. Бейнелер әдетте, 
үшкір таспен қашап салынған. Осындай әдіспен аңдардың көзін, аузын және 
құлақтарын бедерлеп келтірген. Кейде аңдардың қаңқалары мен іш 
құрылыстарын да қашап салатын болған. Бейнелерді қашап салу техникасында 
барлық жерлерде бірдей ортақ әдіс қолданылған. Неолиттік бейнелерде ортақ 
пропорция сақталмаған.
Пероглифтер салынған жартастар неолиттік тайпалар үшін киелі және табыну 
орны саналса керек. Онда бейнелер рулық мерекелер кезінде салынған. Рулық 
мерекелер мен ата-бабалар мен жануарлардың аруағына, рухына табыну 
шаралары таңбалы жартастардың астында өткізілген. Мерекелер кезінде табыну 
рәсімдері өткізіліп, аңыздар құрастырылған. Жартастарға бейнелер салу 
осындай мерекенің құрамдас бөлігі болған. Ол кезде адамдар қоршаған ортаға 
деген өзінің түсініктерін тасқа қашап салған. Солтүстіктің, Уралдың және 
Сібірдің неолиттік ескерткіштерінде бұғы немесе оның басы, жылан, аю және 
адам бейнеленген мүсіндер жиі кездеседі. Мейлінше, шынайы ондай мүсіндер 
ағаштан, тастан және балшық пен сүйектен әртүрлі нақышта жасалған. 
Жануарлардың мүсіндерімен салыстырғанда адамдардаң бейнесі мейлінше 


нобайлы, оларда жыныстық белгі секілді жекелеген бөліктерді ерекшелеп 
көрсету орын алған.
Неолиттік өнердің тағы бір бөлігі өрнектер (безендіру) болып табылады. 
Безендіру өнері неолитте өзінің көркею шағына жетті. Батырып салынған түрлі 
өрнектер жалпақ сүйектер мен қанжарлардың саптарына түсірілген. Неолит 
дәуірі ыдыстарының сыртындағы тамаша өрнектер олардың қайсыбір 
мәдениетке тиесі екендігін білдіреді. Неолиттік өрнектер өзінің мазмүны мен 
безендіру нақышы жағынан алуан түрлі. Ыдыстардың сыртын безендіруде 
нүктелер, қисық сызықтар, бұрышты түзу сызықтар, тырнап салу, батырып салу 
секілді безендірудің алуан түрлі тәсілдері қолданылған.
* * * 
Неолит тас ғасырын аяқтап, адам баласын жаңа дәуір босағасына дейін алып 
келді. Жаңа тас өндіруші шаруашылықтың пайда болып, оның жер бетіне тарала 
бастаған уақыт болды. Шаруашылықтың өндіруші саласымен тікелей қатысты 
металлургияның пайда болуына алғышарт жасалды.
Тас өңдеу тәсілі өзінің ең жоғарғы деңгейіне жетті. Бұдан кейінгі тас өңдеу 
тәсіліне қосылған жаңалықтар шын мәнінде, оның мазмұнын өзгерте алған жоқ. 
Неолит адамдарының шаруашылық мүмкіндіктерін кеңейткен балшық 
ыдыстары пайда болды. Ыдыстар ас пісіру, ас ішу үшін ғана пайдаланылып 
қоймай, азықты сақтау және оларды бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін 
де қолданылды. Адамзат тоқыма ісін меңгерді. Тоқылған матадан ыңғайлы киім 
тігіліп, матаны шаруашылық саласында да тиімді пайдаланды.
Қоршаған орта, аспан денелері, табиғаттың кейбір құбылыстары жайлы 
түсініктер қалыптасты. Рулық құрылыс шарықтау шегіне жетіп, оның 
ыдырауының алғышарттары пайда бола бастады. Баспана салу, үй ішіне ошақ 
құрып, суықтан қорғану, өмір сүру мүмкіндігін жеңілдету оң нәтижелер берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет