Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет36/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80
тазабагъяб
тайпалары б. з. д. ІІ мыңжылдықтың екiншi жартысында 
суяргандықтардың көршiсiне айналды. Олардың қоныстары Әмударияның 
бойындағы Ақшадария атырауында орналасқан. Онда бiр-бiрiне жақын 


орналасқан қоныстардың арасындағы суғару жүйелерiнiң iздерi анық 
байқалады. Тазабагъяб тұрғындары аумағы 10х12 м тік бұрышты жертөлелерде 
тұрған. Үйлердің ішкі жағы бөренелерден тұрғызылып, арасы қамыспен 
тоқылып, сыртынан сыланған. Үйді жылытқан ошақ қақ ортаға салынған. Үйдің 
қабырғаларының бойында қосымша тағы да бірнеше ошақ болған. Айналасынан 
ыдыс қалдықтары көп кездесетін бұл ошақтар жұп жанұяларға тиесілі болған 
деген пікір бар. 
Тазабагъябтықтар мен андрондықтардың жақындығы олардың қыш 
ыдыстары, еңбек құралдары, әшекей бұйымдарынан, үй құрылыстары мен 
жерлеу ғұрпынан байқалады. Олар да өлген туыстарын қол, аяғын бауырына 
жинап бiр жамбасына жатқызып жерлеген. Қабiрлер мен қоныстарда 
жүргiзiлген қазба кезiнде табылған археологиялық заттардың кешенi, 
қоныстардың маңындағы су жүйелерiнiң қалдықтары тазабагъяб тайпаларының 
негiзiнен егiншiлiкпен шұғылданғанын көрсетедi. 
Кавказдың қола ғасыр мәдениеттері 
 
Табиғи металл қорына бай Кавказ өңірі қола ғасыры мәдениеттерінің 
қалыптасып, дамуына ернекше рөль атқарды. Өздерiнiң шыққан тегi мен 
шаруашылық қатынастары тұрғысынан әртектес Кавказ тайпаларында бiрнеше 
археологиялық мәдениеттер қалдырған. Олардың бiр-бiрiне мүлде ұқсамайтын 
өзiндiк ерекшелiктерiмен қатар бiрсыпыра ортақ белгiлерi де болды. Оны бiз 
егiншiлiк пен бақташылықтың едәуір дамыған нысандарынан, боялған 
керамиканың таралуы мен iрi тастардан салынған алып құрылыстарынан 
көремiз. Кавказ тұрғындарының Алдынғы Азия халықтарымен байланысы 
Ежелгi Шығыс техникасы мен қару түрлерiнiң Кавказға таралуына әсер еттi. 
Олар ежелгi Ассириялық нысандағы семсерлер, Алдынғы Азиялық балталар
Ежелгi Шығыстық айбалталар (секирлер) едi. Кейбiр қарулардың түрлерi 
оданда алыстағы солтүстiк аудандарға да таралған.
Ерте қола ғасырында Шығыс Кавказда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет