Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет72/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
черняхов
мәдениеті пайда болды. Осы мәдениеттің 
археологиялық негізгі ескерткіштері болып, ашық типтегі үлкен мекенжайлар 
есептеледі. Жерлеу ескерткіштерінде «жерлеу сауыттары алаңы» мен бірге 
қабірге мәйіттің сүйегін қою дәстүрі де кездеседі. Жерлеу дәстүрінің әртүрлі 


болуы черняхов мәдениеті өкілдерінің этникалық аралас сипатын білдіреді. 
Олардың мекендерінде сыртқы қорғаныс құрылыстары жоқ. Қоныстар 
егіншілікке қолайлы кіші өзендердің жағалауларында орналасқан. Тұрғындар 
мазанка үйлерде тұрған.
Жерлеу дәстүріндегі кейбір сыртқы ұқсастықтарына қарап кейбір ғалымдар 
оларды славяндардың арғы тегі – ат тайпасымен, мамандардың екінші бір 
бөлігі оларды готтармен байланыстырады. Черняхов тайпасында қол өнері
сауда байланыстары, жыртпалы егіншілік, шарықта ыдыс жасау кәсіптері 
жоғары қарқынмен дамыды.
375 жылы Донды кесіп өткен ғұндардың шапқыншылығынан черняхов 
мәдениеті ыдырап, олар қоныс аударушы және көршілес тайпалармен сіңісіп 
кетті. Кейіннен черняхов мәдениетінің орнында Гот тайпалық одағы 
қалыптасады. Тарих сахнасында аздаған уақыт дәурендеген готтық одақ 
Шығыс Еуропадағы елеулі тарихи бірлестік болды. Ол орманды дала 
аймағындағы отырықшы егінші тайпаларды, көшпелі-сарматтарды және басқа 
да тайпаларды біріктірді. Гот одағы римдік ықпалдың қойнауында дамуымен 
ерекшеленді.
Жоғарыда 
айтылғандай оңтүстік аудандарда черняхов мәдениетінің 
қалыптасуы ІІ-ІІІ ғасырлар белесінде зарубинец отырықшылық орталығын 
солтүстік пен солтүстік-шығыстағы Припять пен Десна өңіріне ығысуға мәжбүр 
етті. Б.з. бірінші мыңжылдығының екінші ширегіне жататын кейінгі зарубинец 
зираттары мен қоныстары Могилев облысындағы Обидня шатқалында 
зерттелген. Десна алабындағы Жуковка қонысы мен Трубчевск ауданындағы 
бір топ ескерткіштер, Днепрдегі Колочинск қалашығы І мыңжылдықтың орта 
тұсына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет