Түктелену үшін маталар арнайы түктеу машинасы нда түктелінеді. Бұл машинада кардалық таспаның көмегімен суландырылған матададан талшықтар оның бетіне таралынады. Бояу. Жүн маталарын бояу қышқылдық, хромдық, қышқылдық антрахинондық бояғыш заттармен жүргізіледі. Сурет басу. Сурет басу кейбір көйлектік маталарға жүргізіледі. Матаға сурет басу арнайы гравюраланған білікті немесе торлы басты- ру машиналармен өрнек басу әдісімен орындалады. Табиғи жібек маталарды өңдеу. Таза жібек маталарды соңғы өңдеу матаның қүрылымына байланысты. Табиғи жібектен тоқылған креп маталарды соңғы өңдеуде сірке қышқылының 1% ерітіндісімен өңдейді және инелі керу - апшыту машинасында кептіреді. Нәтижесінде матаның жүмсақтық және эластикалық қасиеттері жоғарлайды.