Процедураларды дайындау. Негізізінен процедураларды осы жұмыстарды атқаратын мамандар жазғаны дұрыс. Сонда процедуралар дәл, нақты болып жазылады. Адамға өзі ойлап тапқан нәрсесін орындаған оңай болады. Процедураларды дайындау мен сәйкестендіру процестері бөлімшелердегі өзара қатынас мәселелерін шығаруға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, процедуралар кім, не, қашан, қалай жасалған, орындалу қалай расталады, нәтиже қалай алынады деген сияқты сұрақтарға жауап беруі болып табылады. Сондықтан ол үшін сапа жүйесі процедураларын дайындау және шығару тәртібін, процедуралардың құрылымын анықтайтын жағдайды даярлау қажет.
Сапа жүйесін ішкі тексеру сапа жүйесін сертификаттаудың міндетті шарты болып табылады, яғни бүкіл бөлімшелер бойынша бір ішкі тексеру жүргізілуі керек. Тексеру әдістері, тексеру графиктері, есепті рәсімдеуге қойылатын талаптар (акт немесе хаттама формасы, сәйкессіздікті тіркеуге арналған формалар) құжатталған процедурада (ИСО-90018.2.2 п) анықталуы тиіс. Ішкі тексерудің әсерлі жүйесін енгізу – ИСО стандарттарының ең қиын талабы болып табылады. Мұнда басшылықтың мәселелерді тауып, оларды жоюы ерекше маңызды болады. Осыған байланысты көптеген мәселелерде басшылық кінәлі болатынын ескеру қажет.
Осы шығарылған мәселелер бойынша қызметкерлерді айыптау емес, олардың шығу себебі расында да жойылғаны аса маңызды. Жалпы айтқанда, қызметкерлердің ішкі тексеру жүргізуге қарсылығын жеңу өте қиын, ал жай ғана тексеру жүргізуге бұйрық беруден нәтиже шықпайды. Ішкі тексеру жүйесін енгізу сатысында жоғары басшылықтың қатысуы дұрыс болар еді. Ішкі тексеру жүргізу әдістерінің бірі ретінде бөлімшелердің өзін-өзі бағалау әдісін ұсынуға болады. Бұл әдісте бөлімшелер әрбір бағыт бойынша сұрақтарға жауап береді. Комиссия берілген бөлімшенің іс-әрекетін анықтайтын есептерді, құжаттарды, жұмыстардың дұрыс орындалуының дәлелдемелерін қарайды. Осылайша комиссияның барлық қателіктерді шығару, тексеру қауіптілігі жойылады. Керісінше, бөлімше өзінің дұрыс атқарылған жұмыстарының дәлелдемелерін көрсетуге мүмкіндік туады. Бірақ сәйкессіздіктер кез келген уақытта болуы мүмкін. Әдетте мәселелер кәсіпорынның тек ішінде ғана белгілі, сондықтан ішкі тексеру жүргізу арқылы оларды жүйелі шешуге, үйреншікті мәселелердің нақты шешімін табуға болады. Сондай-ақ ішкі тексерудің мақсаты кемшіліктерді табу емес, олардың болмауын іздеу болып табылады, яғни тексеру жүргізілген бөлімше кемшіліктерді өзін-өзі бағалау кезінде өзі табады және оны жою жолдарын іздейді.
Сапа жүйесін ИСО 9000 стандарттарына сәйкестікке сертификаттау кезінде мынадай мәселелер жиі кездеседі:
1. Кәсіпорын мен өнім сапасын басқару процестері толық регламенттелмеген (немесе регламентация мүлдем жоқ).
2. Жұмыстардың орындалуының регламенттелген процедуралары жоқ (мысалы, не істеу керек деп жазылған, бірақ оны қалай жасау керек екені көрсетілмеген).
3. Сапа жөніндегі жетекшілікті дайындау кезінде осы құжатқа қойылатын талаптары ескерілмеген (мысалы, сапа бойынша жетекшілік кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын айқындамайды немесе сапа жүйесінің басқа құжаттарына сілтеме жасалмаған).
4. Сапа жүйесінің құжаттары сапаны басқаруды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз немесе сапа жүйесінің құжаттары мен сапа жөніндегі жетекшілік арасындағы өзара байланыс жоқ.
5. Сапа жүйесі құжаттарды рәсімдеу және ИСО 9000 моделінің талаптарын тәжірибелік іске асыру үшін қажетті мәселелерді толық қамтымайды.
Жоғарыда көрсетілген бес мәселеленің себебі сапа жүйесін ИСО 9000 стандартының қолдану техникасын жеткілікті деңгейде игермеген мамандардың жасауы болып табылады.
Бұл мәселелер кәсіпорынға ішкі жоғары білікті кеңесшілерді шақыру ақылы және менеджерлер мен персоналдарға ИСО 9000 стандартын іске асыру техникасына оқытудың маңыздылығын түсіндіру арқылы шешіледі.
Сапа жүйесін оқытылған персонал жасаса да, жұмыстардың негізгі сатыларында (құжаттамаларды дайындау және енгізу, сапа жүйесіне ішкі тексеру жүргізу, сертификаттауға дайындау және т.б.) тәжірибелі кеңесшінің бақылауынан өткізу керек. Кеңесшіні таңдау кезінде оның дәл осы сала бойынша тәжірибесін, кәсіпорындарды сертификаттауға дайындаудағы тәжірибесін, сертификациялық аудитке қатысуын және т.б. білу керек.
6. Кәсіпорынның жетекшілері мен жұмыскерлері әрекет етуші құжаттарға бағытталмайды, оның жұмыс күйін көрсете алмайды, ал нақты орындалып жатқан операциялар сапа жүйесінің құжаттарына сәйкес келмейді.
Мұның себебі сапа жүйесінің құжаттары нақты жұмыс жағдайларынан тыс жасалған (яғни құжаттамаларды дайындау және оны енгізу жұмыстарын мекеме жұмысының спецификасына таныс емес ішкі кеңесшілер немесе арнайы бөлінген мамандар тобы жүзеге асырған немесе сапа жүйесінің құжаттамасы басқа мекемелерде алынып тасталған) немесе ішкі тексерулер сапа жүйесінің сертификаттауға қабілеттілігін растамаған (яғни, ішкі тексерулер формальді сипатта болды немесе тексеру жүргізу үшін тағайындалған мамандар арнайы дайындықтан өтпеген).
Бұл мәселе ішкі тексерудің жай формальділік болып табылмайтынын және оны сапа жүйесінің бірінші құжаты жасалғаннан бастап тез арада жүргізу керектігін ұйым басшылығына түсіндіру керек.
Бұл мәселенің тағы бір себебі кәсіпорын жұмыскерлерінің сапа жүйесі құжатымен таныс емес болуы, құжаттар санының көп болуы болып табылады. Сапа жүйесінің артық, маңыздылығы төмен құжаттарын дайындау ИСО 9000 стандарттарының талаптарына формальді түрде сәйкес келеді, бірақ оның әсері болмайды.
7. Кәсіпорынның жетекшілері мен жұмыскерлері есептік құжаттардың барлық көлемін қарастыра алмайды, оларды басқара алмайды, құжат бланкілерін толық толтырмайды.
Қолдануға ыңғайсыз болатын сапа жүйесі құжаттарындағы артық бөлшектіліктің болуы, ал толтыруға арналған бланкілердің жұмысшы үшін нақты құндылығы жоқ көптеген пункттерден тұруы мұның негізгі себебі болып табылады.
Бұл мәселелердің алдын алу электронды ақпарат тасымалдаушыларды пайдалануға негізделген құжаттамаларды басқару әдістемелерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
8. Сапа жүйесіне жұмыскерлер мен басшылардың қатынасы формальді болады, кейде мүлдем немқұрайдылық танытады.
Сапа жүйесін жасау кезінде басшылықтың қызығушылық танытпауы (яғни, сапа жүйесін құруға өзінің қызығушылығы мен жеке назарын жария етпейді және оны дайындау үшін қажетті ресурстарды бөлмейді) немесе басшылықтың сапа жүйесін құру үшін белгілі бір идеясы немесе бағыты жоқ (яғни, басшылар мен жұмыскерлер сапа жүйесін енгізуден кейін мекеме ала алатын пайданы көрмейді).
Бұл мәселелер сапа жүйесін жасау бойынша жұмыстарда өздерін белсенді көрсететін қызметкерлерді материалдық және моральдік қолдау механизмдерін орындау арқылы шешіледі. Сапа жүйесін дайындауды және енгізуді бастаудың алдында барлық қызметкерлерді оның пайдалылығына сендіру қажет, ал сапа жүйесін жасау кезінде оның жетістіктері мен жағымды нәтижелерін көрсету керек.
Ұйым ішінде бірқатар кедергілер кездеседі. Сапа жүйесін әсерлі құру үшін оларды міндетті жою қажет. Олар:
– сапаны жетілдіру дегеніміз не және оның ұйым іс-әрекетінің әсерлілігімен байланысы қандай деген мәселер жөнінде басшылықтың шектеулі түсінігі;
– жүргізілген өзгерістерге қарсылық білдіру;
– сапаны басқаруды жетілдіру процесін белгілі соңы бар, ал шын мәнінде, бұл процесс шексіз болғанда, оны кезекті басқарушы компания ретінде қарастыру;
– сапаны басқаруды жетілдіру процесін басқарушы шара ретінде емес, статистикалық іс-шаралар ретінде қарастыру.
9.2-суретте сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша әрекеттердің бірізділігі көрсетілген.