1.2. Сапа жүйесі (жоспарлау және тұтынушыға бағытталу) Бұл бөлім мекеменің сапа жүйесінің сипаттамасынан тұрады. Мекемеде сапаны жоспарлауды қамтамасыз ету үшін құжат түрінде рәсімделген сапа жүйесі болуы қажет.
Мұнда:
– қолданылған әдістер жазбаша түрде алынып, сәйкес күйде ұсталуы, яғни актуалдануы қажет;
– белгіленген талаптар әдістемелік ережелерде, жұмысшы ережелерде, сынау бойынша ережелерде сипатталуы қажет;
– құжатталған процедуралар мен ережелердің әсерлі қолданылуы қамтамасыз етілуі қажет;
– сапаның бүкіл жүйесі тұтынушы сұранысын қамтамасыз етуге көзделуі қажет.
1.3. Келісім шартты талдау Периодты бақылау мен келісім шарттарға талдау жүргізуге қажетті, сондай-ақ осы жұмыстың мекеме немесе тапсырушы арқылы координациялануы үшін қажетті процедураларды дайындау және жұмыс күйінде ұстап тұру қажет. Ол:
– түсінікті техникалық тапсырманы;
– ұсыныстар мен келісім шарттардың орындалу мүмкіндігін тексеруді;
– келісім шарттың тапсырушымен келісімділігін қарастырады.
ИСО 9000 стандарты мекеме мен тұтынушының келісімшарт мерзіміндегі өзара бірізді қатынасын болжайды.
2. РЕСУРСТАР МЕНЕДЖМЕНТІ 2.1. Ресурстармен қамтамасыз ету Бұл бөлімде сапа жүйесін сәйкес күйде ұстау үшін ресурстармен қамтамасыз ету туралы айтылады.
Ресурстар мен өнімді жоғалту, зиян келтіру немесе оны пайдалануға жарамсыздығы жөніндегі барлық жағдайлар тіркелуі тиіс және тұтынушыға хабарлануы тиіс, яғни тексеру, сақтау, түзету мазмұны, сондай-ақ тұтынушыға бұзылулар мен ақаулар туралы хабарлау қажет.
2.2. Өнімді идентификациялау және қадағалау Өнім идентификациялау дегеніміз бұйымның белгіленуі, ал қадағалау – бұл технологиялық процесте бұйымның қай жерде орналасқанын, қандай өндіріс сатысында және ол қандай күйде екенін кез келген уақытта айту үшін оны басынан аяғына дейін анықтау мүмкіндігі.
Мекеме тұтынушы талаптарын қанағаттандыруда сенімділікті қамтамасыз ету үшін материалдар мен олардың өндіріс, қаптау және жеткізу процестеріндегі қозғалысын идентификациялау процедурасын қолдау қажет. Мекеме өнімнің идентификациялау және қадағалау әдістері құжат түрінде рәсімделіп, олардың тұтынушы талаптарына сәйкестігін көрсету үшін жауапты болып табылады.