Сапа саласындағы саясат. Кәсіпорын басшылығы тұтынушы талаптарына сүйене отырып, сапа аумағындағы саясатты, мақсаттар мен міндеттерді анықтап, құжат түрінде рәсімдеуі қажет.
Сапа аумағындағы саясат осы саладағы идеялар мекеменің барлық қызметкерлері арқылы қабылданғанына сенімділік беруі керек. Сапа саласындағы саясат түсінікті және орындалуы ыңғайлы болуы керек.
Тәжірибелік жағынан мекеме басшылығы келесі әрекеттерді орындауы керек:
– сапа саласындағы саясатты анықтап, құжаттандыру;
– мекеменің сапа саласындағы мақсаттарын анықтап, құжаттандыру;
– әрбір қызметкердің сапаны жақсарту бойынша жұмыстарға тартылуын анықтап, құжаттандыру.
Сапа саласындағы саясат сапаны басқару бойынша бағдарламаның негізі болып табылады. Ол сапаны жақсарту мен қамтамасыз ету бойынша күнделікті жұмыстарды қарастырады. Аудиторлардың көпшілігі сапа саласындағы саясат туралы мекеме қызметкерлерінің түсінігін растауды талап етеді. Ол үшін қызметкерлермен әңгімелер жүргізіп, олардың күнделікті тапсырмаларын талдайды. Сондықтан мекеме қызметкерлеріне сапа саласындағы саясат туралы тереңірек түсіндіру және оның нақты жұмыс тапсырмаларында қолданылуын ұсынады.
Жауапкершілік, өкілеттілік және ақпараттандыру Бұл бөлімше мекеменің сапаны қамтамасыз ету мәселесіндегі әрбір қызметкердің жауапкершілігі мен өкілеттілігін анықтап, құжат түрінде рәсімдеуін талап етеді. Өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызмет сапасына әсер ететін жұмысты орындайтын және тексеретін басшылық пен персоналдың жауапкершілігі, өкілеттілігі және өзара әрекеттері нақты анықталуы қажет.
Сондай-ақ сапа жүйесін басқаратын және тексеретін адамды анықтауы керек. Ол адамның сапа проблемалары мен сәйкессіздік себептерін шығаруға кепілдік беретін сәйкес өкілеттілігі болуы тиіс.
Басшылық жағынан талдау жүргізу Стандарттың бұл бөлімі мекеменің сапа жүйесі таңдалған стандартқа тұрақты сәйкес келетініне сенімділікті растауды талап етеді. Мекеме басшылығы сапаны жақсарту үшін қабылданатын шараларды анықтау үшін сапа жүйесін қолдану нәтижелерін қайта қарауы тиіс.
Тұрақты жақсару үшін талдау нәтижелерін тіркейтін құжаттар болуы керек, мысалы:
– ішкі тексеру нәтижелері;
– сапаға кеткен шығындар;
– өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызметтің тұтынушымен қайта байланысы.