3. Ішкі аудиттерді жүргізу Ішкі аудитті жүргізу тәртібі мен ережелерін ұйымның СМЖ бекітеді. Аудиттің түрлері: жоспарлы және жоспарсыз, бүтіндей аудит немесе жеке, өндірістің жеке түрлері бойынша аудит және т.б..
4. Сәйкес емес өнімді басқару Бұл процедура сәйкес емес өнімнің анықталуын, құжаттандырылуын және таңбалануын, осындай өнімнің пайда болуын болдырмау туралы мәліметтерді оқшаулау және дайындалуын қарастырады. Сәйкес емес өнім алынған шикізат, құраушылар, жарнамалауды талдау, қызметкерлердің ескертулері, техникалық есептерді талдау және т.б. процестерді кірістік бақылаудың нәтижесінде анықталады.
5. Түзетуші әрекеттер Бұл процедура штаттық емес жағдайлар туындаған кездегі түзетуші әрекеттердің нәтижелілігін бағалау және орындау, жоспарлау процестерін қарастырады.
6. Ескертуші әрекеттер Штаттық емес жағдайлардың туындауы бойынша ескертуші әрекеттерді қарастырады.
Процедуралардың бөлімдері келесідей болады:
Мақсаты – процедураның тағайындалуына нақты түсінік беру.
Қолданылу аймағы – қарастырылатын бөлімдерді немесе белгілі бір процестерді сипаттайды.
Қолданылатын формалар – жұмыстың орындалуын растайтын қолданбалы формалар.
Жалпы ақпарат. Анықтамалар мен қысқартулар Жауапкершілік – процестің иесі бекітіледі. Іс-әрекетті жүргізуге және оның нәтижелеріне жауапкершілік нақты анықталуы қажет.
Процедура– нәтижесінде мақсатқа қол жеткізетін процестің орындалу бірізділігі. Жұмысты орындау кезінде бөлімшелердің өзара әрекеттері анықталады, жұмысты қабылдау критерийлері бекітіледі.
1-процестің кірістік мәліметтері; 2 - процестің шығыстық мәліметтері;; 3 - негізгі қажетті ресурстар, нормативтік құжаттар; 4 - басқа процестермен байланыс; 5 - процесс сипаттамасы; 6 - процесті бағалау критерийлері. Процедура мәліметтері нақты, логикалық, қысқа, түсінікті, бір мағыналы болуы қажет.