1. Сертификаттауға өтініш. Бұл кезеңде мынадай жұмыстар жасалынады: өтінушінің өтінім беруі; сертификаттау органының шешім беруі; өнім мен көрсетілетін қызметті сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге келісім-шарт жасау. Өтінім берушінің, өзіне керек деген объектілерге сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізе алатын сертификаттау органын таңдауы сертификаттау органының аккредиттеу саласымен анықталады. Егерде бұл жұмыстарды бірнеше сертфикаттау органдары атқара алатын болса, онда өтінім беруші олардың ішінен біреуін өзі таңдап алады. Өтінім сертификаттау жүйесінде бекітілген пішімде жіберіледі. Сертификаттау органы өтінімді қарап, жауабын өтінім берушіге хабарлайды.
2. Қойылған талаптарға сертификаттау объектісінің сәйкестігін бағалау. Өнімге байланысты бұл кезең бұйым үлгілерін таңдау мен ұқсастыру және оларды сынаудан тұрады. Үлгілер тұтынушыға жеткізілетіндей бұйымдар болуы керек. Таңдап алынатын үлгілердің саны, оларды таңдау әдістемесі, оларды ұқсастыру және сақтау өтінілген өнімнің нормативті құжаттарындағы қойылған талаптарға сай болуы керек. Үлгілерді таңдау ҚР СТ 3.4 және ПР РК 540.3.19 стандарттарына сәйкес акт жасалынынады. Сақтау, тасымалдау және үлгілерді сынауға дайындаған кезеңде, сонымен қатар сынақ үстінде де нормативті құжаттардағы талаптар орындалуы қажет. Үлгілердің сертификаттау жұмыстары кезіндегі барлық қозғалысы жорналда тіркеліп, жауапты қызметкердің қолымен бекітіледі.
3. Сәйкестікті бағалау нәтижелерін талдау мен сертификаттау жөнінде шешім қабылдау. Сертификаттау жөніндегі орган сынау хаттамаларын және өндіріс жағдайын талдаудан кейін, өтінілген өнім немесе қызметтің тағайындалған талаптарға сәйкестігін бағалап, комиссияның бас сараптаушысымен бірге сәйкестік сертификатын беру (немесе бермеу) туралы шешім қабылдайды. Өтінілген өнімнің міндетті сертификаттаудың теріс нәтижелері бойынша сертификаттау органы, дайындаушының (сатушының) орналасқан жеріндегі мемлекеттік тексеру мен бақылау органдарын, осы өнімді таратудың алдын алуға қажетті шараларды жасау үшін хабарландырылады.