Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет132/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

4. Сәйкестік сертификатын беру. Өтінілген бұйымның сертификаттау сынақтары нәтижелері оң болған кезде, сертификаттау органы тағайындалған үлгіде басылған сәйкестік сертификатын береді. Берілген сәйкестік сертификаттары ҚР МСЖ мемлекеттік реестрінде тіркеледі. Сәйкестік сертификатының түрі мен жұмыс жасау мерзімі сертификаттау сұлбасына байланысты және сертификаттау органымен бекітіледі. Көбіне, өнім сертификатының мерзімі бұйымның жұмыс жасау, пайдалану немесе тарату мерзіміне беріледі, бірақ 3 жылдан артыққа берілмейді. Өнімнің ілеспе, техникалық, пайдалану құжаттарында жүргізілген сертификаттау туралы белгі қойылады.
5. Сертификатталған өнім мен қызметті таңбалау. Сертификаты бар өтінім беруші сертификатталған өнімді немесе қызметті сәйкестік Белгісімен таңбалау құқығына өтінім береді. «Сәйкестік белгісі» термині – МСЖ ережелеріне сәйкес қолданылатын, өнім, қызмет, жұмыс немесе процесс нақты нормативтік құжатқа сәйкестігін қажетті сенімділікпен қамтамасыз етілетін нұсқайтын, бекітілген ретпен қорғалған белгі. Таңбалау мақсаттары: дайындаушыға сенімді жоғарылату; таратуға көмек; адамдардың денсаулығы мен өмірінің, қоршаған ортаның қауіпсіздігіне сенімді болу. Таңбалау ҚР СТ 3.1-2001 «ҚР МСЖ. Сәйкестік белгісі. Техникалық талаптар» стандартының талаптарына сәйкес орындалады. Өнім мен қызметті сәйкестік Белгісімен таңбалау құқығы туралы шешім өтінім бойынша қабылданады. Сәйкестік Белгісін қолдану мерзімі сертификат мерзімінен аспайтын уақытқа беріледі.
6. Инспекциялық тексеру жүргізу. Сертификаттау сұлбасымен қарастырылған болса, сертификаттау органымен жүргізіледі. Бір жылда 1 реттен кем болмайтын уақытта, сертификат мерзімі ішінде жүргізіледі. Сертификаттау органының комиссиясына Мемстандарттың территориялық органдарының мамандары, тұтынушылар қоғамының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатыса алады. Өнім мен қызметтің сапасына тұтынушылардан, сауда ұйымдарынан және бақылау органдарынан шағымдар келіп түскен жағдайда, сонымен қатар бұйымның конструкциясында, қызмет технологиясында және т.с.с. үлкен өзгерістер болғанда жоспарда жоқ тексерулер жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет