Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Аккредиттеу және сертификаттауды өзара мойындау



бет139/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

10.8. Аккредиттеу және сертификаттауды өзара мойындау

Сәтті сертификаттау нәтижесі сертификаттауға қатысушылардың жоғарғы біліктілігінде сынау мен тексеру жүргізгенде, олардың бір-біріне өзара сенімінде ғана мүмкін болады. Тапсырыс беруші сертификаттау органы мен сынау зертханасына сену керек. Осылайша сертификаттауға қатысушылардың тәуелсіздігі мен біліктілігін анықтау үшін сәйкес механизм қажет. Осындай механизм аккредиттеу болып табылады. Аккредиттеу – сынақ зертханасының (сертификаттау органының) нақты сынақтары немесе сынақтың нақты түрлерін өткізуге құқылы екендігінің ресми түрде мойындауы. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі аккредиттеуді «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ-на өткізуді бекітті.


Аккредиттеу мақсаты:
– Сынақ зертханаларына және сертификаттау органдарына тапсырыс берушіден, мемлекеттен және басқа мүдделі құрылымдар тарапынан сенімді күшейту мен жұмыс сапасын жоғарылату, нарықта қызмет көрсету және өнімнің бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз ету,
– Ұлттық және халықаралық деңгейлерді сәйкестік сертификаттары мен сынақ нәтижелерін мойындау.
Бұл мақсаттарға жету үшін:
– Сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарына бірыңғай талаптар орнату;
– Аккредиттеу органдарына талаптар және аккредиттеудің жалпы ережелерін орнату мәселелеріншешу керек,
Аккредитдеудің бүкіл үрдісі 4 кезеңнен, әрбір кезең стандартты процедуралардан тұрады.
Тапсырыс беру кезеңі
1. Сынақ зертханасы немесе сертификаттау органына осы органда аккредиттеу мүмкіндігі туралы сұраным жіберу. Аккредиттеу органы тапсырыс берушіге қажет ақпараттық материалдарды жібереді.
2. Ақпараттық материалдармен танысқан соң аккредиттеу сұрақтарын органмен және тапсырыс беруші арасында алдын ала талқылау.
3. Арнайы қалыпта тапсырыс беру, онда аккредиттеу аймағын (өнім мен қызмет көрсету түрі немесе сынақ түрлері), аккредиттеу процедурасын өткізуге міндеттері және нәтижесіне байланыссыз төлем жасау.

  1. Аккредиттеу органында тапсырысты тіркеу.

  2. Тапсырыс мәліметтерінің сынақ және оған қосымшалардың толықтығын талдау, олар сынақ зертхананың заңды статусы туралы, өндірістік аймақтармен, мамандармен және нормативті құжаттармен жабдықталуы.

  3. Тапсырыс беруші мен аккредиттеу органы арасында келісімшарт жасау, оның ішінде екі жақтың міндеттері мен құқықтары туралы айтылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет