Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет142/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Бақылау сұрақтары:



  1. Сертификаттау дегеніміз не?

  2. ҚР-да техникалық реттеу заңы неге негізделген?

  3. Өнімді сертификаттаудың қандай сұлбалары бар?

  4. Қызметті сертификаттау сұлбаларының қандай ерекшеліктері бар?

  5. Міндетті және ерікті сертификаттау қай жерлерде қолданылады?

  6. Сәйкестік декларациясын қандай орган береді?



11. ӨНІМ САПАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

Өнімнің жоғарғы сапа деңгейін қамтамасыз ету үшін ресурс-шығындар салымын жасап отыру қажет. Ол қаржылық, адамдар, уақыттық ресурстар болуы мүмкін. Өнімнің жоғарғы сапасы өнімнің бәсекеге қабілеттігін, нарықта жақсы сұранысын қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы сапа басқару теориясы сапаны әрдайым жоғарылатып отыру керек екендігін айтады, бұдан шығатыны бұл үрдіске әрдайым салым жасап отыру керек. Мысалы, Nokia компаниясы өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарға 6 млрд. АҚШ долларына салым жасап отырады.


Менеджерлердің мақсаты – қаржыны дұрыс бөлу, қажет бағытта жұмсай білу. Мекеменің барлық кезеңдері шығындарды басқару элементтеріне қосады.
Өнімнің сапасымен байланысты шығындарды ғылыми-техникалық, басқарушылық және өндірістік деп бөлуге болады. Ғылыми-техникалық және басқарушылық шығындар сапалы өнім өндіру жағдайын қамтамасыз етеді, сонымен өндірістік шығындардың болуы мен мөлшерін анықтайды. өндірістік шығындар материалдық, техникалық және еңбектік болып бөлінеді. Шығын түрін басқару мақсатында негізгі және қосымша шығындарға бөлінеді. Шығындардың барлық түрлерін сәйкессіздікті болдырмау шығындарына және сәйкессіздікті жөндеу шығындарына бөлінеді. Ф.Кробсидің ойынша, сәйкессіздікті жою шығындары өндіріске инвестиция, өйткені оның нәтижесінде еңбек нәтижелігі, өнімнің авторитеті жоғарылайды, тиісінше оның сату көлемі ұлғаяды.
Жобалау және өнімді дайындау кезеңдерінде міндетті түрде функционалдау-құндық талдау (ФҚТ), функционалды-техникалық синтез (ФТС) әдістерін жасау қажет. ФТС әдісі бөлек өнімнің және техникалық өндірістің жүйелік зерттеуі, ол ресурстарды пайдаланудың нәтижелілігін жоғарылатуға бағытталған. Оның негізгі принциптеріне:
– зерттеу объектісініне функционалды қатынас;
– объектінің технологиялық талдауы мен оның атқаратын қызметіне жүйелік қатынас;
– объектінің функциясын және өнімнің өмірлік циклында материалды тасымалдаушыларды зерттеу;
– өнімнің сапасы мен функциясының пайдалығы оларға кеткен шығындарға сәйкес келу;
– ұжымдық қатынас жатады.
ФТС негізінде өнімнің функция маңыздылығы мен өндіріс технологиясын, өндіру мен қолдануға кеткен шығын деңгейін бағалауды ескере отырып, оның рентабельдік деңгейі анықталады. Осылардың барлығын қосқанда нақты өнімді шығару немесе оны дамыту бағытын таңдау шешімін қабылдау мақсатына алып келеді.
Егер мекеме бұрын шығарған өнімге ұқсас жаңа өнім шығаруды ұйғарса, онда шығын:
Ш=Ш12 ,

Мұндағы Ш12 бұрынғы және жаңа өнім шығындары.


Жаңа өнім бұрынғы өнімге қарағанда жоғарғы сапалы және оған шығын аз жұмсау арқылы нәтижелілігі ұлғайтады.
Экономикалық нәтижелелік есебін 4 кезеңге бөлуге болады:

  1. Жаңа технолоиялар қолдану, механизм деңгейін және өндірістік үрдісті автоматтандыруды жоғарылату, өндірістік үрдіс пен қызметкерлерді прогресивті тәсілдермен басқару. Бұл жағдайда жылдық экономикалық нәтиже тең:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет