Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет140/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Сараптама жүргізу кезеңі

  1. Аккредиттеу үшін сарапшылардың тапсырыс берушілердің белгіленуі. Сараптама басқарушысы ретінде органның штатты сарапшысы, техникалық кеңесші ретінде – осы салада жұмылдырылатын сарапшылар алынады.

  2. Сарапшы комиссиясы мүшелері арасында аккредиттеу кезінде міндеттер бөлу. Оны сараптама басшысы жасайды.

  3. Аккредиттеу органында арнайы сұрақтармен айналысатын сарапшылардың тапсырысқұжаттарының талдануы

  4. Сараптаманы сынақ зертханасына немесе сертификаттау органында жалпы және арнайы критерийлер бойынша өткізу

  5. Сарапшы комиссиясы мүшелерімен қорытынды жасау

Аккредиттеу кезеңі

  1. Сараптама нәтижесін сарапшы комиссиясының қорытындысы бойынша тексеру. Комиссияның шешімін растау немесе жою аккредиттеу комиссиясы жүргізеді, оның құрамында орган басшысы және секторлық комитет мүшелері бар.

  2. Расталған жағдайда аккредиттеу аттестатын рәсімдеу, аккредиттеу мерзімі 5 жылдан аспайды.

3) Аккредиттеу сертификаттың органы реестріне тіркеу.
Инспекциялық бақылау кезеңі
Аккредиттеу мерзімінің ішінде бөлек келісімшарт негізінде жүргізіледі.


10.9. Сертификаттау объектілерін стандарттау

Өнімге, сапа жүйесіне, қызмет көрсету мен қызметкерлер стандарттары өзгешелік қасиеттері бар, олар өңдеуде және қолдануда ескерілу керек. Жалпы жағдайда сертификатталатын өнімнің стандарттары:


– терминдер мен анықтаулар;
– талаптар тарау аймағы,
– өнімнің, жағдайына талаптар, осы жағдайдың көрсетілген құрамы мен мәні;
– ақырғы өнімнің тұрақтылығына талаптар;
– сынақ әдістеріне талаптар;
– сәйкестік белгісімен өнімді таңбалау талаптары.
Дүние жүзінде көп таралған QS 9000 стандарты – көлік жасаушы мекемелердің сапа жүйесіне талаптарды орындайды. Ол үш көлік фирмасының сапа жүйесіне талаптар қояды. «Крайслер», «Форд» және «Дженерал моторс». QS 9000 стандартының құрылымы 3 талап тобына негізделеді: негізгі – ИСО сериялары, салалық және нақты компания үшін ерекше.
Қызмет көрсетуді стандарттаудың ерекшеліктері бар:
– тұтынушы қызмет көрсетудің объектісі бола алады немесе қызмет үрдісіне қатыса алады;
– қызметті орындаудың жекеше түрі болуы мүмкін;
– маңызды мәнге тұтынушының қызмет көрсетудің нәтижесін бағалау болып табылады, тұтынушыға қызмет жағдайын әсер ету ескерілу керек.
Сандық – қызмет көрсетудің күту, қызметті тоқтату уақыты, қондырғылар, материалдар мінездемелері, сенімділік, орындалу дәлдігі, қызмет толықтығы, қауіпсіздік, автоматтандыру және механизмдеу деңгейі.
Сапалық – қызметкерлердің сыпайылығы, мейірімділігі, біліктілігі, қолжетімдігі, қызметкерлерге сенімділік, шеберлік деңгейі, жайлылық және эстетика, орындаушы мен тұтынушының байланысының нәтижелігі.
Қызмет қасиеттерін зерттеу негізінде олардың сапаларының көрсеткіштерін топтарға бөлуге болады:
– қызмет көрсету;
– қауіпсіздік;
– кәсіптік шеберлікті;
– қызмет көрсету мәденитін;
– қоршаған ортаны қорғауға талаптар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет