Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет22/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   160
2.3
 
ДАРА КӘСІПКЕРЛІК 
2006 жылы дара кәсіпкерлер қызметінің тәртібін анықтайтын «Жеке 
кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы ӛз кҥшіне енді. Аталған заң бойынша «Жеке 
кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы», «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік 
қолдау туралы» және «Дара кәсіпкерлік туралы» заңдар ӛз кҥштерін жойды деп 
танылды.
Ӛз қызметін жҥзеге асыру барысында, дара кәсіпкерлерден және басқа да 
шаруашылық субъектілерден кез – келген шаруашылық субъектілері ҥшін 
орындалуы міндетті болып табылатын 
еңбек және зейнетақы заңнамасының, 
міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманың, сыртқы экономикалық 
қызметті ҧйымдастыру, валюталық бақылау, бухгалтерлік есепті 
ҧйымдастыру туралы заңнамасының және басқа да заңнамалық актілердің
ережелерін ҧстану талап етіледі. Дара кәсіпкерлерге қылмыстық заңнама,
банкроттық туралы заңнама ережелері қолданылады.
Дара кәсіпкерлер ӛздерінің қызметін реттейтін және қҧзіретіне кіретін 
мәселелер бойынша мемлекеттік қҧзырлы органдармен және жергілікті 
атқарушы органдармен жарияланатын нормативтік актілердің ережелерін 
ҧстанулары қажет.
Қазақстан Республикасының Конституциясында 
«...әркімнің кәсіпкерлік 
қызмет еркіндігіне, ӛз мҥлкін кез – келген заңды кәсіпкерлік қызмет ҥшін еркін 
пайдалануға қҧқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі 
шектеледі. Шынайы емес бәсекеге тыйым салынады» деп ерекше атап 
кӛрсетілген.
Жеке кәсіпкерлік 
– бҧл жеке кәсіпкерлік қызметке негізделген және жеке 
кәсіпкерлік субъектілерінің атынан, олардың тәуекелімен және мҥліктік 
жауапкершілігімен жҥзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған, жеке 
кәсіпкерлік субъектілерінің ынталы қызметі. Жеке кәсіпкерліктің тҥрлері 4 – 
суретте келтірілген. 
Дара кәсіпкерлік 

 
жеке тҧлғалардың ӛз меншігіне негізделген, олардың 
тәуекелімен және ӛз мҥліктік жауапкершілігімен жҥзеге асырылатын, табыс 
табуға бағытталған жеке тҧлғалардың ынталы қызметі. 
Дара кәсіпкерлік
– ӛзіндік және бірлескен кәсіпкерлік тҥрінде жҥзеге 
асырылатын жеке кәсіпкерліктің бір тҥрі болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік
 
меншік қҧқығында ӛзіне тиесілі мҥлік негізінде (немесе 
мҥлікті пайдалануға және иеленуге мҥмкіндік беретін қҧқық негізінде) бір жеке 
тҧлғамен жҥзеге асырылады. Жеке тҧлға ӛзіндік кәсіпкерлікті жҥзеге асыру 
ҥшін ерлі – зайыптылардың жалпы мҥлкін пайдаланған жағдайда, оған олардан
келісімін алу қажет.
Бірлескен кәсіпкерлік
 
бірнеше дара кәсіпкерлерге тиесілі жалпы мҥлік 
қҧқығы (немесе мҥлікті бірігіп пайдалануға және иеленуге рҧқсат ететін қҧқық 
негізде) болуына байланысты жҥзеге асырылады.
 
Бірлескен кәсіпкерлік қызмет 
тҥрлері: 

ерлі – зайыптылардың жалпы бірлескен меншігі негізінде жҥзеге 
асырылатын 
ерлі – зайыптылардың кәсіпкерлік қызметі;

шаруа (фермерлік) қожалығының жалпы бірлескен меншігі негізінде 


37 
немесе жекешелендірілген тҧрғын ҥйге деген жалпы бірлескен меншік негізінде 
жҥзеге асырылатын 
отбасылық кәсіпкерлік


ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес жалпы ҥлестік меншік негізінде 
жҥзеге асырылатын 
қарапайым жай серіктестік

Осылайша, 
дара кәсіпкерлер тек шағын және орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне ғана жатқызыла алады
.
 
 
4 - сурет – Жеке кәсіпкерліктің тҥрлері мен нысандары 
 
4 – суреттен кӛрініп тҧрғандай, жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып 
кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыратын жеке және заңды тҧлғалар табылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылатын дара кәсіпкерлер ҥшін 
заңнамамен жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, олар ҥшін нақты шарттарды 
ҧстанған жағдайда арнаулы салық режимдері тҥрінде салық салудың 
жеңілдетілген тәртібі, сонымен қатар бухгалтерлік есепті жҥргізудің 
жеңілдетілген тәртібі қарастырылған. 
Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен белгілі бір параметрлерге 
сәйкес келетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бір бӛлігі (шағын кәсіпкерлік 
субъектілері) ҥшін келесідей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет