Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


 Өлеңде аталған тағам түрлерін атап айт. Әр тағам түріне  қатысты 3 сөз ата. 4



Pdf көрінісі
бет71/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99
3. Өлеңде аталған тағам түрлерін атап айт. Әр тағам түріне 
қатысты 3 сөз ата.
4. Ақын сұрағына жауап беріп көр. Түскі асқа не қалайсың? 
Бір-біріңмен пікір бөлісіңдер.
5.  «Ас  –  адамның  арқауы»  деген  тақырыпта  топ  алдында 
сөйлеуге дайындал және сөйле.
·
  Өлеңдегі  негізгі  ойды  білдіріп  тұрған  сөйлемді  тауып, 
 дәп теріңе жазып ал. 
Күн тәртібі
Мәтіндегі негізгі оқиға желісін 
болжап, жалғастырып әңгімелейсің.
1. Уақытты дұрыс пайдаланып жүрсің бе? Өзіңнің күн тәр-
тібің туралы әңгімеле.
2.  Күнделікті  ісін  жоспарламаған  Досалы  неге  тап  болды? 
Мә тінді түсініп оқы.
Күн тәртібі 
Екінші  сыныпта  оқитын  Досалы  үйіне  көңілсіз 
қайтты. Келді де, шай ішпестен жатып қалды. Апасы 
бәйек болып жүр. 
35
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


91
– Қарағым, бір жерің ауырып жатыр ма?
– Жоқ.
– Ендеше, неге жатырсың, шайыңды ішпей?
– Ойланып жатырмын.
– Ойланып?! – апасы аң-таң. Мынадай байсалды жа-
уапты күтпеген. 
Ақшыбық апа қайта мазаламады. «Ойланғысы келіп-
ті,  ойлансын,  есеюдің  басы.  Есі  кіріп  қалған  екен-ау 
қарашығымның...» Шайды жиыстырды да, жұмысына 
кетті. 
Ол ойланып жатыр. 
Сабақтан  соң,  босқа  селтеңдейді  екен.  Апасының 
неге  ұрыспайтынын  енді  түсіне  бастағандай.  Басында 
миы болса, өзі ойлансын дегені ғой.
Мана сабақ үстінде алғаш рет өзінің жалғыз екенін 
аңғарды. Сыныптастарының қайсысына қараса да, екі-
екіден, үш-үштен топтасып алыпты. Бұнымен ешкімнің 
жұмысы  жоқ.  Жанында  отыратын  Нәзтайға  үзіліс 
кезінде: 
Күн тәртібі
үздік оқушы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


92
–  Екеуіміз  дос  болайықшы,  –  деп  еді,  ол  шошып 
кетті.
–  Сенімен  бе?!  Жоқ,  дос  болмаймын.  Сен  нашар 
оқушысың…
Досалы  ашуланды.  Содан  үйге  қайтқанша  томсы-
райып  отырды.  Ызадан  жылағысы  да  келді.  Бірақ 
ұялды.
Жиырма екі оқушының бәрінің бетіне үміттене қарап 
еді, аяушылық білдірген бірі болмады. Ешқайсысы кө ңіл 
аударар емес. Күйзелісін түсінер бір бала  табылмады…
…Жақсы  оқу  үшін  не  істеу  керек?  Оқушылардың 
бәрі де далада жүреді. Сабаққа қашан әзірленеді сонда?!
Есіктен апасы кіріп келе жатты. Ұшып түрегелді. 
–  Апа,  –  деді  сосын,  –  менімен  балалар  неге  дос 
болғысы келмейді?..
– Үлгерімі нашар баламен кім дос болмақ?..
– Жақсы оқу үшін не істеуім керек?
–  Ойынды  азайтып,  кітапқа  бас  қою  қажет.  Оқып 
қана қоймай, көңілге тоқыған жөн.
–  Біздің  сыныптың  үздік  оқушылары  да  ойыннан 
қалмайды, олар қалай үлгереді?
–  Ә-ә,  ойлана  бастадың  ба!  Үздік  бала  күнделікті 
жұмыс  кестесін  жасайды.  Сонымен  жұмыс  істейді. 
Соған дағдыланып, сабақты да, жұмысты да тиянақты 
атқарады.
Досалының  есіне  кеше  мұғалім  айтқан  бір  әңгіме 
түсті.  Біреу  жас  кезінен  бастап  өзін-өзі  тәртіпке 
үйретіпті. Таңертеңнен ұйқыға жатарға дейін уақытты 
бөліп, әртүрлі жұмыс істепті. Соған бойы үйренген ол 
есейе келе атақты адам болыпты. Қартайған шағында 
да сол қалыптасқан тәртіптен айнымаған. «Оның дос-
тары  орасан  көп  болған  шығар»  деп  ойлады  Доса-
лы.  Қолына  қалам  алып,  жазу  үстеліне  отырды.  Күн 
тәртібін жасауға бел буды. 
Жолтай Әлмешев
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет