ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Пән/Сынып:
|
3 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
3-тоқсан 3-ші аптаның 7- сабағы 55-сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Өнер
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Аққұс туралы аңыз
|
Оқу мақсаты:
|
3.5.2.1. Мәтіндегі оқиға желісін, негізгі ойды анықтау, алдында оқылған мәтіндермен салыстыру
|
Бағалау критерийі:
|
Мәтінді түсініп оқып, негізгі ойды анықтайды.
Мәтінге сүйеніп, әннің құдіреті туралы айтады, “Күй құдіреті” аңызымен салыстырады.
Өнер адамдары туралы мәліметті толықтырады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
|
1-слайд,
Сабақ тақырыбы
2-слайд
Сабақ мақсаты
|
Не меңгеретінін білу үшін
.
|
|
Презентация № 1бет
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
Ой қозғау
Тыңда. Әнді мұқият тыңда. Ән кім туралы айтылған?
Мәтін кейіпкері
Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында дүниеге келген. Шәмші қазақ даласын әнмен тербеткен. Оның әндерінсіз ешбір мереке, той думан да өтпейтін. Ол өзі өмірден өтсе де артына өшпес із қалдырған қазақ халқының ірі тұлғаларының бірі. Шәмшінің Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі зор. Шәмшінің 300 - ге жуық әндері бар. Шәмшіні қазақ халқы «Қазақ вальсының королі» деп атаған. 1991 жылы оған «ҚР халық әртісі» құрметті атағы берілді.
Автормен танысу.
Бодықов Оразбек (1927-1997)
29 наурызда Қызылорда облысының Шиелі ауданында туылған. Еңбек жолын республикалық жастар газетінен бастаған. Кейін «Қазақ әдебиеті», «Казахстанская правда» газеттерінде, Республикалық қуыршақ театрында, Қазақ радиосында жауапты қызметтер атқарған. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. Алғашқы әңгімесін 1950 жылы «Жас аңшы» деген атпен «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланды.«Қанат аспанда қатаяды», «Ақ құс», «Өмір жолдары», «Жұрт туралы жыр», «Шәмші Қалдаяқов»туралы роман повесттері жарық көрген.
Оразбек Бодықов Шәмші көз жұмғанға дейін үш жылда қасынан қалмай, қуанышы мен күйінішіне куә болған, сенімді сүйеніші бола білген нағыз жанашыр, айнымас досы.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
Жарайсыңдар!
|
Презентация № 2бет
|
8 минут
|
Тәжірибе
|
Мәтінді тыңда.
Аққұс туралы аңыз
Шәмшінің шырқап салатын әдемі дауысы болмаса да, әннің табиғатын түсініп, оны тыңдаушысына жеткізе білетін әсем үні бар еді. Оның дауысы кейде қырылдай шығып, биіктей алмаса да, тыңдар құлақты еріксіз елітіп, қай жүректі болмасын баурап әкететін.
- Саған қай қасиет бұрын дарыды – ән салу ма, әлде ән шығару ма? – деп сұрағанымда, Шәмші сәл ойланып:
- Бетховен тас керең болса да, ғажап музыка жазған. Байқадамов қазақ әндерін айтуға олақ болғанымен, нағыз қазақи әндер жазған. Өйткені бәрінің көкірегінде сайрайтын бір-бір Аққұс бар, - деген еді ол. – Анамнан естіген хикая еді . Сол Аққұс туралы әңгімемді тыңда.
Алыстағы бір асқар таудың басын армандай сұлу Аққұс мекендесе керек. Ол төгілте ән шырқағанда тау мүлгіп, көл тынып, аспан егіледі екен дейді. Оның әсем әнін аңсаған пенделер осы тауға ағылып, Аққұстың ұядан ұшуын апталап, айлап күтіп жатады. Өзінің әніне ынтық болған жұрт мол жиналған шақта Аққұс аспандап ұшып, тау асып, бел асып, махаббат жайлы мұңлы да қуанышты әнін шырқайды. Ол небір қайғылы, жүректің мұңын басып, сөнуге айналған үмітке от жағады екен дейді...
Сөздікпен жұмыс
Тау мүлгіп – тау ұйқыға кетіп.
Көл тынып – көл тып-тыныш күйге түсіп.
Аспан егіледі – аспан жылағандай күйге түседі.
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
|
|
Презентация № 3бет
|
3 минут
|
Бекіту
|
Бүгінгі тақырып бойынша не меңгергенімізді білу үшін тапсырмалар орындайық.
1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
Оқиғаның басталуы.... Шәмші, Бетховен, Байқадамовтың музыка өнеріне қосқан үлестері туралы
Жалғасуы... Шәмші сұраққа жауап беру үшін анасынан естіген Аққұс туралы аңызды айтып беруі
Аяқталуы ... Қарақұс әннің құдіретіне елітіп, Аққұсқа бостандық беруі
Мәтіндегі негізгі ой әннің құдіретін жеткізу.
2-тапсырма. Өнер адамдары туралы мәліметтерді толықтыр.
Людвиг ван Бетховен – немістің ұлы композиторы әрі дерижёрі.
Бақытжан Байқадамов – композитор әрі дерижёр. Қазақ мемлекеттік хор капелласы Бақытжан Байқадамовтың есімімен аталады.
Шәмші Қалдаяқов – қазақтың халық композиторы. Қазақтың музыка өнерінде оның орны ерекше. 300 әннің авторы.
3-тапсырма.
Әннің құдіреті туралы айт. “Күй құдіреті” аңызымен салыстыр.
Әннің құдіретінен азынаған желде тынды,Қаратаудың көкірегі қарс айырылып, аһ ұрды. Өзен де ағысын тоқтатты. Ағаштар жапырағын жайып, қайғыға оранады. Бар дүниені түн басады.
Ел-жұртты ән-күймен тамсандырды.
Күйдің құдіретінен жұрттың бәрі күліп, мәз-мейрам болады. Енді бір күйін тартқанда, әлгілер қамығып, жылай бастайды және бір күй тартқанда, бәрі маужырап, ұйықтап қалады.
Қорытынды
Сен бүгінгі сабақта:
Мәтінді түсініп оқып, негізгі ойды анықтадың.
Мәтінге сүйеніп, әннің құдіреті туралы айтады, “Күй құдіреті” аңызымен салыстыра алдың.
Өнер адамдары туралы мәліметті толықтырдың.
1. Өлеңді жаттап ал.
2. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындал.
3. “Шәмші әндері” тақырыбында берілген сұрақтарға жауап бере отырып, сөйлеуге дайындал.
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
Дескриптор:
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Дескриптор:
Өнер адамдары туралы мәліметтерді толықтырады.
Дескриптор:
әннің құдіреті туралы айтады және екі шығарманы салыстырады.
Дескрипторлар:
Өлеңді жаттап, мағынасын ашады.
Мәтінді түсініп оқып, негізгі ойды анықтайды.
“Шәмші әндері” тақырыбында сұрақтарға жауап бере отырып, сөйлеуге дайындалады.
|
Презентация № 4бет
|
Достарыңызбен бөлісу: |