Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет23/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   108
2. Түсініп оқы.
Зергер 
Білесің бе бұл істі?
Зергерлікке кім дайын?
Балқытып ап күмісті,
Сапырады судайын,
Осы жұмыс ырғағы.
Білезік пен алқаны
Сақинаны, сырғаны
Күміс сымнан тартады. 
Көрсең, қайран боларсың –
Мақтанышы ол – бір елдің.
Күмістейді тағасын,
Таралғы мен жүгенін.
Демеңіздер бұл қалай,
Күмісті де илеген…
Осы өнерді мұрадай
Зергерлерден үйренем!
Фариза Оңғарсынова
 Тартады – жасайды.
 Таралғы – атәбзелі.
3. Ақын сұрағына жауап бер.
 
«Білесің бе бұл істі?
   Зергерлікке кім дайын?»
шебер
зергер
зергерлік өнер
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


30
4. Өлеңге сүйеніп, зергерлік өнер туралы айт.
 5. Өлеңді тыңда.
Тобылғы
Саясында көде өскен,
Сайға біткен тобылғы. 
Желге билеп белестен,
Ойға біткен тобылғы.
Ауылымның көп қырын 
Бұтаң басқан тобылғы.
Хош иісті ақ гүлің
Жұпар шашқан тобылғы. 
Күлім қағып ақ әжем 
Күбі ыстаған тобылғы.
Таңғы самал ауамен
Тыныстаған тобылғы. 
Мөлдір моншақ таң шығын 
Тағып алған тобылғы.
Бабам өрген қамшының
Сабы болған тобылғы.
Бауыржан Жақып
Көде – шөптің аты.
6. Өлеңге сүйеніп, тобылғы туралы 3 сұраққа жауап бер.
Қайда өседі?
Қандай гүлдері бар?
Қалай пайдаланылады?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет