Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет31/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   108
Өнер-білім бар жұрттар
Айтыс өнеріне 
жаттығасың.
62
1. Ыбырай Алтынсарин кім? Ол туралы не білесің?
2. Түсініп оқы.
Өнер-бiлiм бар жұрттар
Өнер-бiлiм бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзiңдi ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал iстейтiн жұмысты
От пен суға түсiрдi.
Отынсыз тамақ пiсiрдi,
Сусыздан сусын iшiрдi.
Теңiзде жүздi балықтай,
Дүниенi кездi жалықпай.
Бiлгендерге осылар
Бәрi-дағы анықтай,
Бiлмегенге танықтай;
Бiз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай.
Ат өнерi бiлiнбес
Бәйгеге түсiп жарыспай.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


42
Желкiлдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспiрiм достарым,
Қатарың кеттi-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз қалыспай.
Бiз надан боп өсiрдiк
Иектегi сақалды,
«Өнер – жiгiт көркi» деп,
Ескермедiк мақалды...
Бiз болмасақ, сiз барсыз,
Үмiт еткен, достарым,
Сiздерге бердiм батамды.
Ыбырай Алтынсарин
3. Өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс ұйымдастырыңдар.
1-оқушы: 
Аты жоқ құр арбаны
            
Мың шақырым жерлерге
    
 
Күн жарымда барғызған. 
            
Ол не?
2-оқушы: 
Аты жоқ құр арбаны
   
 
Мың шақырым жерлерге
            
Күн жарымда барғызған – 
            
Пойыздар ғой зырлаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет