Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет61/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   108
СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ
Су – тіршілік көзі
Шығармаға жоспар құрасың және 
әңгімелейсің.
1. Бөлімнің қалай аталатынына мән беріңдер. Пікірдің дұ-
рыс тығына дәлел келтіріңдер. 
Үлгі: Су – тіршілік көзі. Өйткені ... 
1. ...
2. ...
3. ...
 2. Мәтінді тыңда. 
Ақбас торғай 
(Ертегі)
Ерте,  ерте,  ертеде  бір  жылдағы  үш  жүз  алпыс  бес 
күн бойына тырс етіп, жаңбыр тамбапты. Жер бетіндегі 
мәуелеп  өскен  ағаш  та,  құлпырған  әсем  гүлдер  де, 
жайқалып  тұрған  өсімдіктердің  жапырақтары  да  шы-
жыған ыстықтың салдарынан сарғайып солыпты. Бұдан 
былайғы жерде тірі жүрудің қиындығын білген құстар 
су табудың амалын қарастыру үшін көп болып жина-
лып, кеңес құрыпты.
Сонда құстардың бірі:
–  Теңіз  жағалауына  барсақ,  кеберсіген  тұмсығы-
мыздың суға тиюі сөзсіз ғой. Бірақ ол тым алыс, енді 
не істесек екен? – депті. Ақ тырна:
– Оның шарасы жеңіл! Теңіз жағалауынан шоқып, бір 
арық қазсақ, судың өзі ағып келеді, – депті.
79
су
тіршілік
жоспар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


81
Құстар  бұл  ақылды  жөн 
көріп, теңіз жағалауынан арық 
қазуға бармақшы болыпты. 
Тек бір торғай ғана «жаным 
қиналмасын»  деп,  төбе  жағын 
аппақ  қып  бояп  алыпты  да, 
құстарға:
–  Қылшылдаған  жас  емес, 
қырқылжыңның  бірімін,  ба-
сым  да  ағарды!  Бұл  жұмыс-
қа  қайтіп  атсалыспақпын?  – 
депті.
Құстар  оған  «қалсаң,  қал» 
дегеннен басқа ештеңе айта ал-
мапты.
Сөйтіп,  құстар  теңіз  жаға-
сынан тұмсықтарымен шоқып, 
арық  қазуға  жапа-тармағай 
аттаныпты.  Олардың  шоқи-
шоқи  тұмсықтары  қанап  ке-
тіпті.  Шыжыған  ыстық  күн 
қанаттарын  күйдірердей  бо-
лыпты.
Олар  ыстықтан  шаршап, 
өлуге айналғанда ғана суы бар 
салқын жерге барып, аз тыныс-
тап  алып,  жұмыстарын  қайта 
жалғастырады екен. 
Сөйтіп, олар жеті күн, жеті 
түн  тынбай  еңбектеніп,  те-
ңіз  жағасынан  арық  тартып 
әкеліпті.  Су  ағып  өткен  ал-
қап  жасыл  түске  еніп,  гүл-
бәйшешек  құлпыра  ашылып-
6–3379
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


82
ты. Бұны көріп, шаттанған құстар шаттық әнін шырқап, 
қуаныштарын салтанат етіпті.
Басын  ақ  бормен  бояған  торғай  ғана  ішқұса  бо-
лып  жабырқайды  екен.  Қанат  қағып  шарықтауға,  ән 
шырқауға  оның  дәті  бармапты.  Басқалар  мазақтап 
күле  ме  деп,  басын  да  көтере  алмапты.  Қанша  жуып 
арпалысса  да,  басындағы  ақ  борды  кетіре  алмапты. 
Сондықтан жұрт оны қазірге дейін «ақбас торғай» деп 
атайды екен.
«Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73-том


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет