Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет74/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   136
15.5 Салықтық  құқықтық ұғымы
Қандайда болмасын мемлекетке салықтық қатынастарды 
құқықтық  ретте  өзекті  де  маңызды  саяси  және  әлеуметтік  – 
экономикалық  ахуалдарға  қатысты  мәселелердің  бірі  болып 
табылады.  Бұл  қатынастар  мемлекеттің  салық  салу  аясында 
туындайды және олардың басты объектісі тиісті бюджеттерге 
түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болып есептеледі. 
Осы салықтар мемлекеттің атрибуттары қатарынан көрініс табады 
және  жалпы  мемлекеттік  мұқтаждықтарды  қанағаттандыру, 
қамтамасыз ету мақсатында заңды негізде, заңды белгіленген 
мөлшерде және уақытта салық төлеушілерден мәжбүрлі түрде, 
қайтарымсыз,сондай-ақ жекелей – ақысыз негізде тиісті бюджетке 
алынатын міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық 
және  құқықтық  табиғатын  ашып  көрсететін  мына  келесідей 
белгілер болады: салық тек мемелекеттің тарапынан, бір жақты 
өктем түрде белгіленетін төлем заңымен міндеттелген төлем; 
мәжбүрлі төлем; құқыққа сай төлем; тұрақты төлем; қайтарымсыз 
төлем; баламасыз төлем; ақшалай нысандағы төлем; мөлшері 
анықталған төлем; субъектісі, объектісі айқындалған төлем.
Сонымен, салықтар деп заңның негізінде, заңмен айқындалған 
мөлшерде және заңда белгіленген уақытта салық төлеушілерден 
қайтарымсыз,  мәжбүрлі, сондай-ақ жекелей баламасыз түрде 
тиісті бюджеттің кірісіне алынатын міндетті ақшалай төлемдерді 
айтамыз.
Салықтар  экономикалық  категориялардың  бірі  болып 
табылатындықтан мына функцияларға тән болады: фискальдық 
функция; қайта бөлу функциясы; реттеуші функция; бақылау 
функциясы.


252
ҚР салықтардан басқа міндетті төлемдер баждар, төлемдер 
және алымдар алынады. Салықтар мен өзгеде міндетті төлемдердің 
арасындағы ерекшелік салықтар баламасыз болса, ғалымдар мен 
баждар және төлемдер біршама – баламалы (қызмет көрсетілгені 
немесе құқық берілгені үшін) болып табылады.
Осы салықтар мен өзге міндетті төлемдердің белгіленуі 
және алынуы мемлекеттің салық қызметінің барысында жүзеге 
асырылады. Мемлекеттің салық қызметінің негізгі бағыттарына 
мыналар жатады:
• Салықтармен басқада міндетті төлемдерді белгілеу 
• Салықтар  мен  басқада  міндетті  төлемдерді  алу  және 
олардың төленуін қамтамасыз ету
1.Бұл қатынастар ммелекттің салық салу аясында, салық 
қызметінің нәтижесінде туындайды
 
 
 
       2.Бұл қатынастарға да бөлу сипаты тән болады;
3. Бұл қатынастар ақша нысанындағы құнның бір жақты 
қозғалысын білдіреді;
4. Бұл қатынастар экономикалық қатынастардың бір түрі 
болып табылады;
5.Бұл қатынастар әрқашанда құқықтық нысанда болады.
Сонымен,  салық  құқығы  дегеніміз,  мемлекеттің  салық 
қызметінің  барысында  туындайтын  қоғамдық  қатынастарды 
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Салық  құқығы  нормалар  мемлекеттің  салық  жүйесін 
белгілейді, мемлекеттік салық қызметі органдарының құрылымын 
айқындап, олардың салық салу аясындағы құзіреттерін белгілейді, 
сондай-ақ  салықтарды  белгілеу,  алу  және  осы  процестің 
заңды негізде жүзеге асырылуына салықтық бақылау жүргізу 
қағидаларын белгілеп, айқындайды.
Салықтық құқығының әдістеріне императивтік (өктем -әмірлі) 
және диспозитивтік әдістер жатады. Бұл жерде айтатын бір жәйт, 
салық салу аясында мемлекет тарапынан баса қолданылатын 
негізгі әдіс императивтік әдіс болыптабылады. Салық құқығы 
болмысының нысаны ретінде салық заңдарын айтуға болады. 
Салық заңдарына мемлекеттік салық салу аясындағы қоғамдық 
қатынастарды  реттейтін  құқықтық  нормативтік  актілердің 
жиынтығы жатады.


253


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет