Спортшылардың шаршауының және қалпына келуінің физиологиялық негіздері.
Орындаған:Бахыт Назым 22-15
1. Шаршау түсінігінің анықтамасы. Щаршаудың түрлері. Шаршау – атқарылған жұмыстың нәтижесінде уақытша туындайтын және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен сиптталатын ағзаның физиологиялық күйі. Шаршау қажу сезімінен туындайды.
Шаршаудың бірнеше түрлері бар: ақыл-ой, талдағыштар, дене шаршауы және эмоциялық шаршау.
Сондай-ақ, тез шаршау бар, бұл кезде берілген жүктеме ағзаның жұмысқа қабілеттілігінен артып кетеді және созылмалы, бұл ұзақ уақыт қалпына келмеуден туындайды.
2. Шаршаудың қалыптасу теориясы Қазіргі уақытта шаршаудың механизмдерін түсіндіретін бірнеше теориялар бар. Оларға – бұлшық еттердегі қуат көздерінің таусылу (Шифф,1868) теориясы, бұлшық еттерде зал алмасудың соңғы өнімдерінің жинақталу (Пфлюгер,182) теориясы, метабоилттермен улану (Вейхард,1902) теориясы, тұншығу - оттегінің жетіспеуі нәтижесінде (Фервон,1903) және кеңестер одағы елдерінде кеңінен таралған –И.М.Сеченовтың (1903) жасағн және А.А.Ухтомскимен толықтырған шаршаудың орталық жүйкелік теориясы.
Бірақ, қазіргі кездегі әдістер шаршаудың қандай да бір мүшелердегі немесе мүшелер жүйесіндегі, нақты жүйке жүйесіндегі өзгерістерге қатысты себептерін анықтай алмайды.Шаршау, біріншіден, көптеген мүшелердегі және мүшелер жүйесіндегі функционалді өзгерістердің дамуымен, екіншіден, қызметінің төмендеуі қандай да бір дене жүктемелерін орындау кезінде байқалатын мүшелер мен жүйелер қызметінің әртүрлі үйлесімділігімен байланысты.
3. Шаршаудың орнығуы Шаршаудың орнығуының физиологиялық механизмдері өзара байланысты ағзаның үш түрлі жүйелеріндегі ығысулармен байланысты, атап айтқанада – 1)ОЖЖ-де, 2)жұмыс жасап тұрған бұлшық еттерде және 3)ағзаның ішік ортасында.
4. Әртүрлі дене дене жүетемелері кезіндегі шаршаудың ерекшеліктері. Бұлшық ет жұмысы кезінде шаршаудың әртүрлі құрылымды және қуатты дамуының әртүрлі факторлары бар.
Максимальды қуатты циклді жұмысты орындау кезіндегі басты фактор – нейрондардан қаңқа бұлшық еттеріне және жұмыс жасап тұрған бұлшық еттерден орталыққа берілетін күшті импульстер ағымынан ОЖЖ-ң қажуы. Одан басқа, нейрондардағы АҮФ,КрФ-ң мөлшері азаяды, ми құрылымында тежегіш медиатор – гамма-амин май қышқылының мөлшері артады.
Субмаксимальды қуатты жұмысты орындау кезінде шаршаудың негізгі факторы – жұмыс барысындағы ағзаның ішкі ортасының өзгерістері: гипоксия (қандағы оттегінің мөлшерінің төмендеуі), қанның рН рекациясының 7-ге дейін (тыныштық күйде – 7,36)төмендеуі, қандағы сүт қышықылы концентрациясының 250 мг/%-ға дейін (тыныштық күйде 10-20 мг/%) артуы. Зат алмасу өнімлерімен улануда және үлкен импульстер ағымынан ОЖЖ қажиды. Оттектік борыш максимальды деңгейіне – 22-25л-ге жетеді.
Үлкен қуатты жұмысты орындау кезіндегі негізгі фактор – моторлы және вегетативті қызметтердің бағдарының бұзылуы. Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің (ТМК және ТМК қорлары артады)қорлары қосылады. Қандағы глюкозаның концентрациясы төмендейді. Оттектік борыш 12-15л-ге жетеді.
Үлкен қуатты аймақта жұмыс орындалғандағы шаршаудың негізгі факторы - ОЖЖ-гі қорғанысты тежелу және бұлшық еттер мен миокардтағы гликогеннің қорларының таусылуы. Бұд кезде қандағы глюкозаның концентрациясы 40-50 мг%-ға (қалыпты жағдайда – 80-120 мг/%) төмендейді.
Статикалық жұмыс кезінде бұлшық еттерге және олардың қызметін реттейтін орталықтарға үзбей жүктеме түсетіндіктен қимыл аппараты және ОЖЖ тез шаршайды.
Ситуациялы жаттығуларды орындау кезінде өзгеріп отыратын жағдайларды талдап отыру үшін және қимылдардың өзгерісін үзбей тіркеп отыру үшін ОЖЖ-не, сондай-ақ, талдағыштар жүйесіне үлкен ауытрпалықтар түседі.