Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет45/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   216
4   Т А Р А У  
ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ 
СИПАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ НОРМАЛАУ 
 
4.1. 
Өлшеу құралдарының метрологиялық 
сипаттарын таңдау мен нормалаудың принциптері 
Өлшеу  құралдарын  пайдалану  кезінде  шығыс  дабылдағы 
өлшенетін шама туралы ақпараттың оның шынайы мəніне сəйкестігі 
деңгейін  білу  аса  маңызды.  Осы  мақсатта  өлшеудің  əрбір  құралы 
үшін  белгілі  метрологиялық  сипаттамалар  (МС)  нормаланады. 
Метрологиялық  сипаттамалар  -  бұл  өлшеу  нəтижелері  мен  оның 
қателіктеріне  əсер  көрсететін  өлшеу  құралдары  қасиеттерінің 
сипаттамалары.  Нормативтік  техникалық  құжаттармен  бекітілетін 
сипаттамалар  нормаланатын  деп  аталады,  ал  эксперимент  жүзінде 
анықталатындар  -  жарамды  деп  аталады  МС  номенклатурасы, 
өлшеу  құралдары  үшін  нормаланатын  МС  кешендерін  таңдау 
ережелері  жəне  олардың  нормалау  тəсілдері  ГОСТ  8.009-84 
«ӨАМЖ.  Өлшеу  құралдарының  нормаланатын  метрологиялық 
сипаттары» стандартымен анықталады. 
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары: 
• өлшеу  нəтижелерін  анықтауға  жəне  өлшеу  құралдарын 
қолданудың  нақты  жағдайларында  өлшеудің  қателігінің  аспаптық 
құрам бөлігін бағалауды есептеуге; 
• МС  белгілі  өлшеу  құралдарының  қатыранан  тұратын  өлшеу 
жүйелері арналарының МС есептеуге
• өлшеу  құралдарын  қолданудың  белгілі  жадайларында 
өлшеудің  қажетті  сапасын  қамтамасыз  ететін  өлшеу  құралдарына 
оңтайлы таңдау жүргізуге; 
•  қолдану  шартын  ескере  отырып  əртүрлі  типтегі  өлшеу 
құралдарын салыстыруға мүмкіндік береді. 
Өлшеу  құралдарын  таңдау  мен  нормалау  принциптерін  əзірлеу 
кезінде бұдан əрі баяндалған ережелер қатарына сүйену қажет. 
1. Барлық  аталған  міндеттерді  шешу  мүмкіндігін  негізгі  шарты 
нормаланатын  МС  мен  аспаптық  қателіктер  арасындағы  бірмəнді 
байланыстың  болуы  болып  табылады.  Бұл  байланыс  қателіктердің 
аспаптық құрам бөлігінің математикалық 
62 


үлгісінің  көмегімен  орнатылады,  онда  нормаланатын  МС 
аргументтер болуы тиіс. Бұл ретте МС номенклатурасы мен оларды 
өрнектеу  тəсілдері  оңтайлы  болуы  маңызды.  Өлшеудің  əртүрлі 
құралдарын  пайдалану  тəжірибесі  МС кешенін  нормалау  мақсатты 
екендігін  көрсетеді,  ол  бір  жағынан,  өте  үлкен  болмауы  тиіс,  ал 
екінші  жағынан  əрбір  нормаланатын  МС  өлшеу  құралдарының 
нақты  қасиеттерін  көрсетуі  тиіс  жəне  қажет  болғанда  бақылануы 
мүмкін. 
2.  Өлшеу  құралдарының  МС  нормалау  бірыңғай  теориялық 
бастамалардан  жүргізілуі  тиіс.  Бұл  өлшеу  процесстерінде  əртүрлі 
принциптерде  құрылған  өлшеу  құралдары  қатысатындығымен 
байланысты. 
3.  Нормаланатын  МС  олардың  көмегімен  кез  келген  дерлік 
өлшеу тапсырмаларын шешуге негізделген жəне бір мезетте өлшеу 
құралдарының  осы  құралдарға  сəйкестігіне  бақылау  жүргізу 
жеткілікті болатындай түрде өрнектелген болуы тиіс. 
4.  Нормаланатын 
МС  өлшеулердің  аспаптық  қателерін 
құрайтынды  жинақтау  мүмкіндігін  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Жалпы 
жағдайда  ол  қателердің  келесі  құрам  бөліктерінің  жиынтығы 
(бірігуі) ретінде анықталуы мүмкін: 
•  A
0
(t),  қалыпты  жағдайларда  өлшеу  құралдарының  осы  типіне 
сəйкес  келетін  құжаттармен  жазылған,  қалыпты  жағдайларда 
нақтылыдан  түрленудің  жарамды  қызметінен  ерекшеленуімен 
негізделген. Бұл қателік негізгі деп аталады. 
•  A
cj
,  өлшеу  құралдарының  сыртқы  əсер  етуші  шамалардың 
өзгеруі  мен  олардың  атаулы  мəндеріне  қатысты  кіріс  дабылдың 
ақпараттандырылмаған  параметрлерінің реакциясымен  негізделген. 
Бұл қателік қосымша деп аталады; 
•  A
dyn
,  кіріс  дабылдың  өзгеруі  жылдамдығына  (жиілігіне)  ӨЖ 
реакциясымен  негізделген.  Динамикалық  қателік  деп  аталатын  бл 
құраушы  өлшеу  құралдарының  динамикалық  қасиетіне  де,  кіріс 
дабылдың жиілікті спектріне де байланысты. 
•  A
int
өлшеу құралдарының өлшеу объектісімен  немесе онымен 
қатар өлшеу жүйесіне қосылған басқа да өлшеу құралдарымен өзара 
əрекеттестігімен  негізделген.  Бұл  қателік  құралдардың  кіріс 
тізбегінің  сипаттары  мен  параметрлеріне  жəне  өлшеу  нысанының 
шығыс тізбегіне байланысты болады. 
5.  Нормаланатын 
МС 
өлшеу 
құралдарының 
қолдану 
шарттарына  жəне  өлшеу  құралдарының  жұмыс  режиміне  тұрақты 
болуы жəне тек оның қасиеттерін ғана көрсетуі тиіс. МС таңдауды 
пайдаланушының 
олар 
бойынша 
пайдаланудың 
нақты 
жағдайларында 
өлшеу 
құраларының 
сипаттарын 
есептеу 
мүмкіндігіне ие болатындай іске асыруы қажет. 
6.  Нормативтік-техникалық 
құжаттамада 
келтірілген 
нормаланатын 
МС 
өлшеу 
құралдарының 
жеке 
алынған 
көшірмесінің  қасиеттерін  емес,  осы  типтегі  өлшеу  құралдарының 
барлық  
63 


4.1 сурет Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттарының номенклатурасы 


жиынтығын қасиеттерін көрсетеді, яғни нақтылы болып табылады. 
Тип деп бірдей тағайындалымға, сұлбаға жəне құырылмға ие жəне 
техникалық  шарттарда  регламенттелген  бірдей  талаптарды 
қанағаттандыратын өлшеу құралдарының жиынтығы түсіндіріледі. 
Бұл  типтегі  жеке  өлшеу  құралдарының  метрологиялық 
сипаттары нақтылы МС мəні облысының шегінде кез келген болуы 
мүмкін. 
Нормаланатын  МС  тізімі  алты  негізгі  топтарға  бөлінеді  (4.1-
сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет