150
көрсетілген факторлар есебі көбінесе
ұйым қызметіне қатысты
ақпараттарды сырттай қолдануға негізделеді. Ослайша, ақпараттық
технология дамыған коммуникативтік ортаны (оған қоса Internet)
сыртқы ақпараттарды алу, жинақтау және өңдеу үшін орналастыруы
қажет.
Біріктірме үлгілерді қолдануға негізделетін ұзақ мерзімді
стратегиялық жоспарлауда ақпараттық технологиялардың қызмет
етуіндегі өзгеше ерекшелігін, шешім қабылдау барысындағы
басқару қызметкерлерінің өзінің шешуші рөлі деп есептеген жөн.
Ақпараттың белгісіздігі мен толық
еместігінің жоғары деңгейі
шешім қабылдау негізі ретінде субъективті фактор ролін арттырады.
Сонымен бірге, автоматтандырылған ақпараттық технология,
басқару аппараты қызметін ұйымдастыру үшін басты алғышартты
қамтамасыз ететін қосалқы құрал ретінде ұсынылады.
Осылайша, шешімдер қабылдауда стратегиялық деңгейді
ақпараттық технологиялық қолдау ұйымның жоғары басқару
бөліміне құрылымсыз міндеттерді шешуге көмектеседі, оның негізі
сыртқы ортада, әлеутті фирмасы бар сыртқы ортада болып жатқан
өзгерістерді салвыстыру болып табылады.
Стратегиялық жоспарлау жүйелерін
қолдануға қатысты келесі
тәсілдерді атап көрсетуге болады:
—
біріншісі, алдымен мақсаттар мен оларға қол жеткізу
стратегиялары
құрылатындығына,
ал
содан
кейін
ғана
автоматтандырылған ақпараттық технология алдын ала жасап
шығыралған стретегияға бейімделетіндігіне негізделеді;
—
екіншісі, ұйымның мақсаттарды құру және стратегиялық
жоспарлау кезінде стратегиялық ақпараттық жүйені қолдануына
негізделеді;
—
үшіншісі, екі алдыңғы тәсілдерді
синтездеу әдістемесін
қолданумен сипатталады.
Ресейлік жағдайларда, ШҚТ алдында тұрған стратегиялық
басқару міндеттерін шешу, ресей кәсіпорындары жұмыс істеп
жатқан жағдайлардың үнемі өзгеруімен күрделенеді (бірінші
кещекте, салық заңнамасында қабылданатын жиі түзетулерді атап
көрсеткен жөн), және барлық әлемдік экономика үшін
соңғы
жылдары көптеген тұрақсыздық факторларының байқалуымен
сипатталады. Осыған байланысты қазіргі уақытта ресейлік
кәсіпорындарда қабылданатын біріктірілген копоративтік жүйелер,
әдетте, жедел әрі тактикалық басқару деңгейлерін автоматтандыру
жүзеге асырылған. Стратегиялық басқару деңгейіндегі міндеттерге
келетін болсақ, онда олар көптеген жағдайда төменгі деңгейде бар
деректер
негізінде,
сонымен
қатар
кәсіпорынның
топ-
менеджерлерінің кәсіби тәжірибесі мен ішкі түйсігінің арқасында
шешіледі.