171
—
инженерлік деректермен;
—
құжаттармен;
—
бұйым туралы ақпаратмен;
—
техникалық деректермен;
—
техникалы ақпаратпен;
—
нақты бұйымды жан-жақты анықтайтын ақпараттарды
бейнелеу және сол арқылы айла-шарғы жасау.
PDM-жүйелері арқылы деректердің ауқымды көлемін жобалау,
өндіру және салу кезеңдерінде қажетті инженерлік-техникалық
ақпараттарды қадағалау, сонымен бірге пайдалану, сүйемелдеу және
техникалық бұйымдарды кәдеге жаратуды қолдау жүзеге
асырылады. PDM-жүйелері кез келген пішім мен түрдегі ақпаратты,
оны қолданушыға құрылымдалеған түрде ұсына отырып (сонымен
бірге құрылымдау заманауи өнеркәсіптік өндіріс ерекшеліктеріне
байланысты) ұсына отырып біріктіреді. PDM-жүйесі тек қана
мәтіндік құжаттармен ғана емес, сонымен бірге геометриялық
үлгілер және автоматтандырылған желілер мен СББ білдектер және
басқалардың қызмет етуі үшін қажетті деректермен жұмыс істейді.
PDM жүйесі анағұрлым толық көлемде бұйым құрылымын, оның
барлық құрамдас бөліктерін, бөлшектерін, тораптар мен агрегаттар,
бұйымдардың бағыттарын басқару қызметтерін жүзеге асырады,
сонымен бірге бұйым құрылымы туралы дерек алмасуды және
ондағы енгізілетін өзгерістер туралы деректер алмасуын, сонымен
қатар корпоравтивтік қосымшалармен өзара іс-әрекеттерді
қамтамасыз етеді. Заманауи PDM жүйелері бұйымның көптеген
өзара байланысты және өзара қисындасқан сипаттамаларын құру
және қолдауды қамтамасыз етеді, осының арқасында қолданушы
оның барлық өмірлік кезеңі бойы бұйым туралы келісілген түсінік
алады.
Достарыңызбен бөлісу: