Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері


§ 4. Адам болмысының өзіне жаттанған



Pdf көрінісі
бет17/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   128
§ 4. Адам болмысының өзіне жаттанған 
(немісше die Entfremdung, орысша
- 
отчуждение) формалары
Іс-әрекет, яғни практика хақында осыған дейін айтканымыз оның 
жалпы сипаттамасы. С оны мен қатар адамдар қоғамны ң жоғарғы са- 
тыларында, мысалы, дамыған капиталистік қоғамда, практика - сон- 
шалықты күрделі процесс. Ол қарама-қарсы процестерден, бағыттар- 
дан, сан алуан салалардан күралады. М ысалы, заттарды өндіру, бөліс 
айырбас және түтыну бір-бірінен аулақтанып, әркайсысы окдіауланған 
озіндік дербес қызмет саласы болып кетеді.
М аркстің түсінуі бойы нш а адамдардың заттарды өндіру кызметі 
басқа процестердің бәрін аны қтайты н түпкі төркіні. Басқа қызмет- 
тердің барлығы содан басталады ж әне соны ң жалғасы. Бөліс, айы р­
бас ж әне түтыну қызметттері - заттарды өндіру кы зметінің келесі 
сатылары, оны ң дамуының басқаша формалары.
Бірақ, М аркстің эконом икалы қ өмірді адамың түпкі негізі деп 
қарауы қазіргі ф и лософ и ялы к ойда үлкен ш үбә туғызады. Тарихи 
материалдар да, күнделікті өмір де, осыған дейінгі тарауларда айтқан- 
дарымыз да тап солай деп үзілді-кесілді түйуге негіз ж о к екенін көрсе- 
теді.
Сөз жоқ, эконом икалы к өмір адам өмірінің айрыкдіа маңызды 
саласы. Э коном икалы к кызмет негізінде, егер оны ң қосалқы жакта- 
рын ескермей, озінің негізгі максатын “таза” күйінде боліп қарасақ, 
адамдардың тікелей тірілік, тәндік мүктаждықтарын өтеуге бағытталған 
кызмет. Әрине, оларсыз адамдық тіршілік болмайды. Тек организмдік 
мүқтаждықтарды қанағат етіп, негізінде соны өмірлік мәнге балау- 
ш ы лы қ та бар. Бірақ, адамдар, тек осы мүқтаждыктар үшін ғана өмір 
сүремін деушілердің өздері де, күнделікті қуып жүретін нәрселерінің 
сол мүқтаждықтардың ш еңберінен әлдеқаш ан шығып кеткенін оздері 
де байқай бермейді. М ысалы, байлықка, мүлікке күнығуш ылық алғаш 
карағанда ғана осы ндай мүқтажды қтар үшін сияқты корінеді. Ал 
тәнінің мүқтаждығы үшін ш ексіз көп киім, тамақ, үйлер, машиналар 
т. т. керек пе? Мүліктерді шексіз молайта берудің ар жағында көбіне- 
се басқа мүқтаждықтар жатады. Бүлар да әртүрлі бола береді: басқалар- 
ды ң алдында ж әй мақтанудан бастап қоғамдағы алатын орнын көрсе- 
туге, басқаларды өзіне тәуелді етуге, сол арқылы билікке, үстемдікке 
жетуге т. т. дейін. Ал бүлар табиғи мүқтаждықтар емес, қоғамда туған 
мүқтаждықтар. Э рине, адам қы зметінің қоғамды қ формалары ны ң, 
оны ң нәтижелерінің оны ң озіне жат болып, өгейленген кезінде.
45


О ның үстіне тәндік мүқтаждықты атқарудың өзіне адам сәндік 
бермей ме? М аркстің өзі де соны көрсетеді. Астың өзі енді оған неше 
түрлі дәмді етіп пісіріліп, қасы қпен, ш аны ш қымен дегендей басқа 
адамдармен белгілі бір қатынаста қабылданғанда ғана ас емес пе? 
Тіпті ас ішіудің өзі де адам мен адамны ң қатынас жасауының көрінісі 
(символы) болып тұрмай ма? Қазақта сыйлы, жасы үлкен кісіге бас 
тартудың өзі түтас бір әлеуметтік қатынастардың көрінісі емес пе? 
Тек осы бір мысалдың өзінен организмдік мүқтаждықтарды өтеу адам 
үшін басқа бір әлеуметтік мүқтаждықтарды өтеуінің күралына ай- 
налғандығын көрсетеді. Ол адамдар үшін түпкі м ән болудан қалған.
Бүдан шығатын қорытынды: эконом икалы қ өмір алғашқы, өте 
маңы зды болғаны мен түпкі мәнділікті қүрай алмайды. Б ірақ оны 
бірден бір мәнділікке көтеретін немесе солай етіп көрсетіп, көрініс 
жасайтын жаттану мендеген дәуір. Осындай дәуірде эконом иқалы қ 
өмір алға шығады.
П рактиканы ң жаттанған формалары: - ең алдымен адамдық си- 
патын жоғалтқан, адамдардың даму, болу мүқтаждықгарына кереғар 
формалар. Олар адамдардың жасампаздық мүмкіндігіне қайш ы ке- 
леді. Яғни, ерте ме, кеш пе тарихи болмыстан жоғалуға тиіс нәрсе. 
Ж аттану адамдарды ң қоғамдағы өзара қаты настары ны ң, оларды ң 
практикалы қ қызметтерінің адамдардың кызметі, адамдардың қаты- 
настары емес, қоғамдағы заттардың қатынастары болып көрінуі. Яғни, 
ол қоғамдық практиканың шын адамдық мәнінің өңі айналып, жалған 
заттық түрге енуі.
Бүл жағдай М аркстің айтуы бойы нш а капитализм заманында 
өзінің класси калы қ ең қарам а-қай ш ы сипаты на жетеді. М аркстің 
қоғамды қ теориясында адамдар тарихтың қозғаушы күші. Бірақ жат- 
танудың қоғамды менденген кездерінде мүның бәрі, керісінш е, бо­
лып көрінеді. Я ғни сыртқы көріну түрі бойынш а қоғамда жағдайлар- 
ды туғызатын, жасайтын адамдар емес, керісінше, адамдарды ж асай­
тын жағдайлар, адамдар заттарды, процестерді билемейді, заттар мен 
п роц естер адам дарды б и л ей д і, олар адам дарға қ ы зм ет етп ей ді, 
керісінше, адамдар заттарға қызмет етеді. Заттар адамдык мазмүны- 
мен сәулеленіп түрмайды, керісінше, адамдар заттардың көріну фор- 
масы, заттардың яғни өзі жасаған күштердің өкілі болып түрады.
Жаттану, яғни өңі айналған дүние. Адамдардың өз дүниесінің 
өзіне өгейленуі.
Өгейленген дүниедегі заттар м ен қатынастардың өзгешелігі зат- 
тарға адамның берген қасиеттері, яғни адамдық касиеттер, сол зат- 
тардың табиғи тума қасиеттері сияқгы болып түрады. Бүл қүбылыс- 
тың ең айқы н көрінетін нәрсесі, мысалы, алты нны ң ақш а ф ункция- 
сын атқаруы. Алтын көп товарлардың бірі. Бірақ ол айырбас қатына-
46


стардың дамуына өз құны арқылы баска барлы қ товарлар күндары- 
ның өлшемі болуы оған адамны ң, яғни қоғамны ң берген қасиеті. 
Осы функцияны атқару 
а р қ ы л ы
алтын адамдардың коғамдағы қаты- 
н ас т а р ы н ы ң затта й к ө р ін е т ін түрін е ай н ал ад ы . С о н д ы қ т а н да 
күнделікті товар айналымында қандай да болмасын басқа товарға 
айнала алатындығы оны байлықтың, үстемдіктің тікелей заттық фор- 
масы етеді. Алтын бар жерде үстемдік бар. О ның коғамдағы бүл функ- 
циясы ғажайып тума қасиеттей эсер етеді, солай болып қабылдана- 
ды.
Ш ын мәні кері түрде көрінетін қатынастар орнаған қоғамда адам­
дар субъект емес, объект болып, объектінің функциясы н атқарады. 
Адамдардан аулактатылған, туа бітті озіндік дербес күштер сияктанған, 
адамдарға бөгде дүниедей болып корінетін қоғамды қ процестер енді 
адамдарға өздерінің белгілі бір күрамына кіретін болігіндей, соларға 
кіретін көп компонеттердің біріндей түрпат береді. Әлеуметтік прак- 
тикалы қ процестер, адамдардың іс-әрекеттерінің түтастығы олардың 
басқаруына ж атпайты н тәуелсіз стихиялы қ процеске үласады. Өзі 
жасаған дүниеде адасқан адамдар дәрменсіздікке душар болып қала- 
ды.
Ж аттану қоғамды қ еңбек бөлістің антагонистік дамуының н ә- 
тижесі. Қ оғамды қ еңбек болістің ж ан-ж ақты орістеуі оны ң көптеген 
салаларын бір-бірінен алыстатып, тіпті алғаш бастан әрқайсы сы дер­
бес процестердей сипат береді. Коптеген оқш ауланған істерді атқара- 
тын адамдар да ортақ істерге оз ісіндей қарамайды. О ртақ жалпы 
қоғамдық істер әркім нің үмтылатын мақсаты болудан қалып, олар- 
дың тек өзіндік, тек өзіне ғана керек мақсатқа жетудің қүралына ай ­
налады. Яғни қоғамды қ жалпы процесс адамдардың өз іс-әрекеттері 
болып көрінбей, өзін іске асыру үшін адамдарды пайдаланатын оларға 
бөтен бір қозғалыстай болады.
Әлеуметтік практикалы қ процестердің осы адамнан бөгделік н е­
месе бөтендік сипаты, олардың осы сыртқьі түрпаты жалған көрініс. 
Бірақ адамны ң психикасы на ғана тән жалған елес емес, тіпті жалпы 
саналық, идеялы қ ғана күбылыс емес. Ол реальдық, санадан тәуелсіз 
практикалы қ болмыстың сыртқы формасы. Сондықган одан күтылу- 
дың жолы да тек әлеуметтік практикалы қ өзгеріс, адамның субъектілік 
дамуы арқылы ғана қолы жететін нәтиже. Жаттануға берілген осы 
жалпы сипаттамадан кейін енді оны ң кейбір негізгі кы рлары на тал- 
дау ж асап көрейік. Кейінгі тарауларда талқыланатын көптеген қүбы- 
лыстардың көзге тікелей байкалатын сыртқы түрпаттарына осы ж ат­
тану процесінің эсер еткенін коретін боламыз.
Жаттанудың ішкі мағынасы адамның өзіне өзі жат болуы. Се- 
бебі оған жат, яғни, оны ң өзіне қарсы, оны ң өзін езгілікте үстайтын
47


күштер басқа бір ж ақтан келген емес, оны ң өзінің күштері, өзінің 
қалыптасқан, қорланған, аулақтанған күштері. Олай болса, олар ш ын 
мәнінде адамның өзі, өзінің қатынастары, институттары (үйымдық 
формалары), өзінің затты қ не объективтік формаға ауысқан кабілет- 
тері, дәстүрлері, әдет-ғүрыптары, әрекет пен ойлаудың қалыптасқан 
үрдістері т. т. Я гни адамдарга олар жасамаған басқа бір дүниенің (м ы ­
салы табиғаттың) күш терінің зардабы, не олардың адамға қояты н шегі 
жаттану болмайды. Ж аттану өзіңнен ш ы ққан, етене туындыларыңның 
өзіне жауыгуы, өзіне үстемдігі. Қоғам - адамдардың өзі жасаған дүни- 
есі, бірақ қазіргі дәуірде сол қогамды адам басқару мүмкіндігінен 
көбіне айрылған. Қ оғамның зандылықтарын реттеуде енді олар дәр- 
менсіз. О ны ң қайш ы лы қтары адамдарға түсініксіз бір дүлей күш. 
Өздерінің барлығының әрекеттерінен қосылы п пайда болатын тари­
хи қо згалы сты ң қан д ай күтп еген н әти ж ел ер ту гы заты н ы н олар 
білмейді. Ә рқайсы сы ны ң басқаларға да, өзіне де қастандыққа бағыш- 
талмаған, тек өзінің бір мүддесіне арналған әрекеттердің косындысы 
келіп өзара қайш ылықтарға әкелетінін де олар коре бере алмайды.
Ж аттанудың мағынасы - өзіне қы змет етуге жаратылған н әр- 
сесінің өзіне үстемдігін ныгайту, жетілдіруді адамдар өз өмірінің түпкі 
мәніне айналдырады.
Б айлы қ та, мысалы, адамдар ісінің нәтижесі. Байлы ққа үмты- 
лыуш ылы қ адамдардың күнделікті мүқтаждарын өтеу үшін керек зат­
тар мен бүйымдарды, соларға қол жеткізетін қүралдары жасаудан ба- 
сталады. Бірақ байлы қ адамдардың бір-біріне қаты насы ны ң да қүра- 
лы. Сол катынаста ол біреулердің екіншілерге үстемдігінің де күралы 
бола бастайды. Бүл қатынаста ол әлі адамдарга қүрал ретінде қызмет 
етеді. Я ғни адам оған әлі субъект.
Адам мен байлықтың ара қатынасы тек байлы қ қүрал болып, 
адамга қызмет үшін емес, керісінш е, ол өзіне өзі үшін, байлы қ бай- 
лы к үшін өндіріле бастағанда ғана кері айналады. Бүрын байлы қ адам 
үшін болса, енді адам байлы қ үшін. Б айлы қ енді түпкі максат, ал 
адам соған жетудің, соны молықтыра берудің қүралы. Байлықты адам- 
дардың түтынуы екінш і қатарға ығыстырылады да, бірінші негізгі 
мақсат оны молайта беру, өсіре беру болып алады. Енді тіпті адам 
байлықты түтынудан көрі байлықтың адамды түтынуы алға шығады. 
Олай болса енді байлы қ субъект. Байлықты иеленушіге байлы қ (бур- 
жуазиялы қ қоғамда оны ң негізгі формасы акшалай байлық) өзінің 
адамдық қаты насы ны ң сыртқы көріну формасы емес (ш ын мәнінде 
ол солай болуға тиіс), керісінш е, оны ң өзі сол байлы қты ң көріну 
формасы, оны ң өзі - сол байлықтың түлғалық тәні. О ның әрекеттері, 
оны ң қызметі, баска адамдармен қатынастар, ойлауы, жан күйзелістері 
мен қуаныштары енді өзінікі емес, байлықтың әрекеттері, қызметі,
48


қатынастары, күйзелістері мен қуаныштары т. т., себебі енді оны ң өзі 
жоқ, енді оны ң өмірі байлықтың өмірі. Иеленуші адам арқылы бай- 
л ы к енді түлғалық пішінге ие.
Бүдан біз байлы ққа үмтылушылар мен иенелушілердің бәрі осы ­
лай болады демейміз. Бүл жаттанудың толы қ билеп алған жағдайын- 
да болатын мазмүн. Мүндай жағдай үстемдік алса, онда байлық, н е­
месе қандайда болмасын жаттанған форма өзінен өзі қозғалатын ж әне 
дамитын, өзін өзі тудыратын ж әне адамдардың өзін де тудыратын, 
жаратушы күдірет сияқтанады. Маркстің айтуынша байлыкка күдіретті 
күштей табынатын қоғамда адамдардың арасындағы қатынастар зат- 
тардың, дәлірек айтсақ, затқа айналған байлықтардың арасындағы 
қатынастар болып түрады. М ысалы, буржуазиялық қоғамда бәсеке- 
лестік адамдардың арасындағы емес, капиталдардың арасындағы каты­
нас.
Мүны Маркс затқа айналу (овещнение) деген. Ал қоғамдық қаты- 
настың заттың болмысына алғашқы себеп, жаратушы күштей қарап, 
табынуды фетиш ьке айналдыру деп баға берген. Ал фетишьке ай- 
налған, табынатын нәрсе белгілі бір түлғалық пішінде болса, адамды 
өзінің органикалы қ тәніне айналдырса, ол - персонификация (Persona, 
лат. - жеке түлға).
Адамға жат болған дүниеде байлы қ қана емес, көптеген нәрсе- 
лер осындай сипатқа ие. Мемлекет те тап солай. Мемлекет, бірак, 
әртүрлі тоталитарлық жүйелерде айрықш а қүдіретті күш болған. М ем ­
лекет адамдардан оқш ауланған, олардың өзіне қарсы өрі үстемдік 
етуші күшке айналған олардың өзін-өзі баскару функциясы. Алғашқы 
табиғаты әр адамны ң озін, оз ісін реттеу, басқару қызметі, оны ң ж ал­
пы қызметінен ажырамаған, соны ң бір белгісі. Адамдар қызметтерінің 
сан алуан болуы, олардың қатынастары ны ң ж ан-ж ақты әрі күрделіле- 
нуі, қоғамдасқан адамдардың кобейіп, өртүрлі топтар мен күрама- 
лардан түруы т. т. олардың аракатынастарын реттеп, үйлестіруді қажет 
ететін болу керек. Басқару енді әркім нің оз ісіне ғана тиісті емес, 
олардан болек атқарылатын функцияға айнала береді.Ол қызмет оз 
алдына бір үйымдасу форм алары н туғызатыны созсіз. Бірте-бірте 
оларды атқаратын арнаулы адамдардың болуы кажет. Өзінің шығу 
тегі жағынан басқару, реттеу қызметі адамдарға, олардың 
ы р қ ы н а
бағынуға тиіс. Алғашқы қарапайым формаларында ортақ істерді рет­
теу, оған сайланатын адамдар бәрінің ы рқы на бағынышты да бола­
ды. Бірақ реттелетін қатынастар кобейіп, коғамны ң ауқымы кеңейе 
берген сайын жеке адамдардың молдек істері барлық істердің жалпы 
зандары мен тәртіптеріне тәуелді бола береді. Себебі, жеке адамдар- 
ды ң істері енді бүрынғыдай әркімге керекті нәрсені ондіруді түгел 
қамтитын әрекет емес, сол күрделіленген істің бір болігі бола береді.
4 - 3 6 1
49


С аяси экономияда оны қоғамды қ еңбек бөлісі деп атайды. Эр өнімді 
өндіру неғұрлым жан-жақты, әртүрлі салалардан қүрылатын өндіріс 
салаларына бөлінген сайын, оларда жүмыс істейтін адамдар да соны ң 
қарапайым бір операциялары ның атқаратын соны ң күрамды тетігіне, 
жүмыс органдарына айналмақшы. Олардың барлығының сыңаржақты 
қызметтерін біртүтас бүтін бір процеске қосу олардың бәрін дәне- 
керлеуші органның үлесіне тиеді. Дәнекерлеуші орган бәріне ктызмет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет