128
ИЛ-1-дiң
биологиялық
эффектілерін
шартты
түрде:
иммунологиялық, қабынулық, қан түзулiк және жүйе аралық деп бөлуге
болады (21-сурет).
ИЛ-1
иммундық жауаптың бастапқы кезеңiне қатысты, соның
iшiнде Т-хелперлердi қоздыруы өте маңызды. Т- жасушаларының iшiнде
ИЛ-1ге арналған рецепторды басым түрде экспрессиялайтын ИЛ-3, 4 және
5-тi өндiретiн Тх2-лер болып келедi. Сонымен қатар, ИЛ-1 ИЛ-2нiң
гендерiнiң экспрессиясына үлес көрсетедi. Бәлкiм, аталған эффектілердiң
алғашқысы
жанама
механизмдер
арқылы
жүзеге
асырылады.
Мембраналық ИЛ-1 Т-лимфоциттер мен макрофагтардың контакттық
әрекеттесуiне қатысады. Басқа цитокиндермен қатар (м.ү. ИЛ-4), ИЛ-1
белсендiрiлген
В-лимфоциттердiң
пролиферациясын,
олардың
плазматикалық жасушаларға айналуын және иммуноглобулиндердiң
изотиптерiнiң реттелуiн бақылайды. ИЛ-2 мен IFN-γ –лармен бiрiгiп NK–
жасушаларының белсендiлiгiн жоғарлатады.
ИЛ-1
миелопоэз бен эритропоэздiң бастапқы сатыларын
қоздырады (соңғыларын басады, себебi - эритропоэтиннiң антагонисті).
Қан түзуге қатысы бар болғандықтан, ИЛ-1дiң радиоқорғау әсерi бар. ИЛ-
1 сәулелеуге дейiн енгiзiлсе, радиоқорғау әсерi пайда болады да,
сәулелеуден кейiн 5 тәулiк өткенде енгiзiлсе, сәүленүдiң әсерiн күшейтедi.
ИЛ-1
Достарыңызбен бөлісу: