Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет186/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

ИНТЕРЛЕЙКИН–8 
(адам 
хромосомаларының 
4-жұбы).    
Хемокиндер  тұқымдастығына  жатады.  Молекулалық  салмағы  7500  Д  
құрайды.  ИЛ-8-дi  макрофаг/моноциттер,  фибробласттар,  гепатоциттер,  Т-
лимфоциттер,  нейтрофилдер,  глиобластомалар,  астроцитома  жасушалары, 
NK- 
жасушалары, 
 
бiр 
қатар 
басқа 
жасушалары 
өндiредi. 
Фитогемагглютинин, конканавалин А, ЛПС, ИЛ-1α мен ИЛ-1β, TNF-α, ИЛ-
3,  IFNγ,  форболдық  эфирлер,  вирусттер  және  бактериялар  ИЛ-8  өнiмiн 
белсендiредi.  
ИЛ-8 
хемоаттрактант 
және 
активатор 
ретiнде 
негiзi 
нейтрофилдерге 
әсер 
келтiредi 
(хемотаксис; 
пiшiнiн 
өзгерту; 
дегрануляция,  оттектiк  жарылыс,  супероксидтың  өнiмi;  цитозольде  Са
+2
 
концентрациясы  жоғарылуы;  эндотелий  жасушаларына,  фибриногенге, 
жасуша  сыртындағы  матрикске  адгезияны  жоғарлату;  Саndida  ablicans 
өсуiн  тежеу;  лизосомалдық  ферменттердiң  бөлiнуiн  жоғарлату).  Сонымен 
қатар,  ИЛ-8  серпiлiс  ошағына  Т-лимфоциттер  мен  базофилдердiң 
хемотаксисiн  қамтамасыз  етедi,  гистамин  мен  лейкотриендердiң 
бөлiнуiн күшейтiп ИЛ-3-тiң көмегiмен мес жасушалары мен базофилдердiң 
дегрануляциясын  белсендiредi.  Моноциттердiң  эндотелий  жасушаларына 
адгезиясын 
жоғарлатады, 
макрофагтардың 
секреторлық 
қызметiн 
қоздырады,  эозинофилдер  мен  тегiс  салалы  бұлшық  ет  жасушаларының 
хемотаксисін  шақырады,  меланома  жасушаларының  адгезивтiлiгiн,  қан 
тамырларының пролиферациясын жоғарылатады. 
Сонымен,  ИЛ-8  қабыну  кезiнде  өндiрiлетiн,  белгiлi  жасушаларға 
хемоаттрактант  ретiнде  қызмет  ететiн  цитокиндердiң  тұқымдастығының 
(жалпы  саны  20-ға  жетедi)  жалғыз  ғана  өкiлi  болып  келедi.  ИЛ-8-ге 
қатысты жасушалар -  нейтрофилдер. Сол себептен инфильтраттық немесе 
тiндiк  макрофактордан  ИЛ-8  бөлiнiп  шығуы  зақымдалу  немесе  қабыну 
ошағына нейтрофилдердi арнаулы түрде шақырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет