Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет183/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

ИНТЕРЛЕЙКИН–5  (адам  хромосомаларының  5  жұбы).  45  000  – 
60 000 Д жуық молекулалық салмағы бар жоғары гликозидтенген ақуыз.  
Тх2-лер өндiредi. Негiзгi нысана-жасушалары болып В-лимфоциттер 
мен  эозинофилдер келедi. В-жасушаларының көбеюiн қолдау қабiлетi ИЛ-
4 пен ИЛ-1 әсерлерiнен кейiн жүзеге асырылады. ИЛ-5 В-лимфоциттердiң 
плазматикалық  жасушаларға,  әсiресе  IgA  өндiрушiлерге,  айналуына 
көмектеседi.  Секреторлық  IgA-ның  өнiмiн  ұлғайтып,  ИЛ-5  шырышты 
қабаттардың жергiлiктi иммундық қорғанысын күшейтедi.  
Қалыпты  жағдайда  эозинофилдердiң  саны  жоғары  емес.  ИЛ-3  пен 
ГМ-КСФ-тың  әсерiнен  миелоидтық  бағаналы  жасушалардан  аз  мөлшерде 
эозинофилдер  пайда  болады.  Бiрақ,  гельминтоздар  сияқты  паразитарлық 
жұқпалар  кезiнде  эозинофилдердiң  саны  күрт  жоғарылайды.  Басқаша 
айтқанда,  ИЛ-5  эозинофилдердiң  белсенді  өсiру  және  пiсiп  жетілдіру 
факторы  болып  келедi,  гельминттердiң  личинкаларын  жою  қабiлеттерiн 
жоғарылатады,  яғни,  ИЛ-5  эозинофилдердi  қабыну,  антипаразитарлық 
және  iсiкке  қарсы  реакцияларға  араластырады.  Аталған  қасиеттерге  қоса 
ИЛ-5 жетiлген эозинофилдердi қоздырады: фагоцитозды белсендiредi, iсiк 
жасушаларының  антидене  тәуелдi  цитолизiн,  оттегiнiң  супероксид-анион-
радикалдарының өнiмiн күшейтедi.  
 
ИЛ-5тiң  әсерi  ИЛ-3  және  ИЛ-4  сияқты  басқа  цитокиндермен 
күшейтiлуi  мүмкiн.  ИЛ-5тiң  өнiмi  Тх2лердiң  Ил-4тi  синтездеуiне  тiкелей 
байланысты.  ИЛ-4  бойынша  ақаулығы  бар  тышқандарда  паразитарлық 


 
134 
инфекциялар  кезiнде  эозинофилдердiң  саны  төмендейдi,  ал  ИЛ-5-терi  аз 
тышқандарда эозинофилдердiң пайда болуы мүлдем тоқтатылады.  
Сонымен,  ИЛ-5  –  әсерлерiнiң  көлемi  «тар»  Тх2-нiң  өнiмi.  Ол  В-
лимфоциттер  мен  эозинофилдердiң  өсу  және  пiсiп  жетілу  факторы 
болып  келедi,  жергiлiктi  иммунитеттi  дамытып  IgA-ның  өнiмiн 
жоғарылатады,  паразитарлық  инвазиялар  мен  iсiк  өсуiне  қарсы 
эозинофилдердi қоздырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет